Тақырыбы: Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері. 1 ОжсөЖ мазмұны



бет2/8
Дата17.02.2017
өлшемі1,67 Mb.
#9564
1   2   3   4   5   6   7   8


1 Дәріс мазмұны


    1. ППОӘ-нің пәні мен міндеттері.

    2. Қазақстанда және шет елде қазіргі білім берудің дамуы.

ППОӘ-нің пәні мен міндеттері. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский педагогиканы мұғалімнің басты ғылымы деп атап көрсеткен.

Қазақ тарихында қоғам мен мәдениетті дамытушы мұғалім тұлғасы екені танылды. Ұлы Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда педагогикалық оқу орындары көптеп ашыла бастайды. 30-шы жылдардың басына қарай педагогикалық оқу орындарының екі түрі белгіленеді:

1. Бастауыш мектепке кадрлар дайындайтын педагогикалық техникумдар;

2. Педагогикалық интституттар.

1930 жылдан бастап педагогикалық институт мектепке мұғалімдерді дайындайтын жоғарғы оқу орнының негізгі түрі болып табылды. 1937 ж педагогикалық техникумдар педагогикалық училищелерге өзгертілді. 1998 ж. – колледж.

ППО-ның міндеті – жаңа мұғалімдер кадрларын кәсіби дайындау.

Дәстүр бойынша ұзақ уақыт бойы кәсіби дайындықтың негізі ретінде болашақ мұғалімдерді өзінің мамандығы бойынша біліммен қаруландыру. Педагогикалық-психологиялық пәндер қысқартылған түрде оқытылды. Бұл пәндердің ішінде педагогика басты орын алды. Физиология мен психологияның зерттеулеріне сүйеніп, педагогика осы пәндер бойынша білімді тереңдетеді. Педагогика арқылы осы білім әдістеме мен педагогикалық практикаға ауысады.

Педагогиканың ерекшелігі – ол іс-әрекетті басқару ғылымы ретінде танылады. Педагогика тек ғылым емес, сонымен қатар ол - өнер.



ПОӘ-сі пәні.

ПОӘ-сі әзірге біртұтас жүйе емес. Оның әдістемесі педагогиканың оқу пәні ретінде қалыптасуынан басталады. Педагогиканы оқытудың бастапқы кезеңінен-ақ тәжірибе жинақталады, ол қорытындыланады және жүйеленеді. Соның негізінде жеке ережелер мен принциптер, әдістемелік нұсқаулар жасалады. Сонымен бірге зерттеулер жүргізілуде. Оның деңгейі мен сипаты, әдістемелік негіздмесі және құралдары педагогиканың даму деңгейімен анықталады.

ПОӘ-сі – бұл теория мен практиканың жинақталуы. Ол педагогиканы оқыту процесін оқытудың мазмұнын, формасымен әдістерін оқушы мен мұғалімнің әрекетінің бірлігі ретінде танытады. ПОӘ-сі оқыту ережелереі мен принциптерін, оның формалары мен әдістерін болашақ мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру үшін белгілейді. Әдіс екі бөлімнен тұрады: жалпы және жеке. Жалпы бөлімде педагогиканы оқыту әдіснамалық және жалпытеориялық мәселелері қарастырылады. Екінші бөлімде педагогиканы оқыту әдістемесі беріледі.

ПОӘ-сі материалын жүйелеудің негізі ғылыми әдіснама. Әдіснама – бұл теориялық принциптері болып ұсталынады. Педагогикалық білімнің әдіснамасы – педагогикалық теорияның негіздемесі, құрылымы, бастапқы қағидалары, білімді ашулары мен принциптері жайындағы білім жүйесі. Олар педагогикалық ақиқаттың өзгерістерінің шынайы көрсеткіші.

Педагогикалық әдіснамаға енеді:

1.Педагогикалық білімнің құұрылымы мен қызметі жайындағы ілім;

2.Бастапқы, фундаментальді жалпығылыми және педагогикалық қағидалар (теориялар, концепциялар, гипотезалар);

3.Педагогикалық зерттеудің әдістері жайындағы ілім.

Педагогиканы оқыту әдістемесі педагогикалық білмнің бір саласы болғандықтан педагогиканың жалпы және жеке әдіснамасын пайдаланады.

Педагогиканы оқыту әдістемесінің дамуы екі кезеңнен тұрады:

1.түсіндірмелі кезеңде әдістеме педагогиканы оқыту процесінің ерекшеліктерін анықтайды, педагогиканы оқыту процесінің принциптерін, мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыруын негіздейді.

2.дамушы кезеңде педагогикалық зерттеулер жүргізіледі.



Педагогиканы оқыту әдістемесінің міндеттері.

1. Педагогикалық ғылымның даму бағыты – дамушы адамның шығармашылығын жетілдіру мен қалыптастырудың ғылыми негіздері мен нақты жолдарын жасау.

2.Шығармашылық тұлғаны қалыптастырушы – мұғалім. Оның кәсіби дайындығының негізі – педагогика. Сондықтан курстың мазмұнын белгілеу өте маңызды міндет.

3. Педагогиканы оқыту әдістемесі болашақ мұғалімге білімді меңгеруге, олардың кәсіби бағытталуын белгілеуге, құлықтық, эстетикалық және дене тәрбиесінің деңгейін көтеруге жол ашу.

4.ПОӘ-сі мектепте және басқа да оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру дағдысымен болашақ мұғалімдерді қаруландыру үшін оларды оқыту әдстерін, формаларын таңдайды және жүйелейді.

5.Жинақталған тәжірибені жүйелеу, әдістемелік нұсқаулар дайындау.

6. Мұғалімнің шығармашылығын жетілдіру, ынталандыру.

2 дәріс мазмұны: Педагогиканың ғылым және оқу пәні ретінде даму тарихы.


1. Ғылым және оқу пәні, олардың өзара байланысы және ерекшеліктері.

2.Педагогиканың оқу пәні ретіндегі негізгі даму кезеңдері.

3.Педагогиканың оқыту пәні ретінде дамуы.

4. Шет елдеріндегі педагогика курсы.



1. Ғылым және оқу пәні, олардың өзара байланысы және ерекшеліктері.

Ғылым - өндірістік күш. Ғылым және оған адамның қатынасы өзгеріп отырады. Педагогикалық ғылымның даму процесіне тек мұғалімдер мен тәрбиешілер қатысып қоймайды, сонымен бірге жанұя тәрбиесінің аналар да енеді. Ғылым – табиғат, қоғам және ойлау жайындағы шынайы білімнің жүйесі.

«Ғылым» ұғымына мыналар енеді:

а)ғалымдар, олардың білімі, қабілеттері, ғылыми қабілеттілігі және тәжірибесі;

б)ғылыми орындар, олардың құралдары;

в)ғылыми зерттеу жұмысының әдістері,

г)ғылыми категориялар мен ұғымдар;

д)ғылыми ақпарат жүйесі.

Ғылымның бастапқы даму кезеңінде мынадай міндеттер қойылды, ол адамдарға қоршаған ортаның кейбір құбылыстарын түсіндірді. Біртіндеп білім жинақталады, жетілдіріледі, нақыталанады. Ғылым адамның өміріне белсенді енгізіліп, өндірістіктің дамуына әкеледі. Өндіріс ең алдымен жаратылыстану ғылымдарының дамуын қажет етеді.

Қазіргі ғылыми-техникалық дамудың сипатына байланысты ғылымның ауқымы кеңейіп, оған қатысушылардың саны көбейеді.

Ғылым әрі қарай даму үшін оған жаңа шығармашылық тұлғалар қажет. Оларға белгілі бір дайындық керек. Ол дайындық білім берудің көмегімен жүзеге асырылады. Ғылымның шыңына қол жеткізу оның негіздерін меңгеруден басталады. Олар оқу пәндерінде жинақталған. Ғылым және оқу пәні бір-бірімен өте тығыз байланысты. Ғылым өз пәні жайындағы білімді жинақтайды. Оның міндеті – пәнін толық және терең тану, ал басты қызметі – зерттеу. Ал оқу пәні ғылымның тек негіздерін ғана оқытады. Ол білім оқыту міндеттерін, жас шамасын және оқушылардың дайындық деңгейін есепке алда отырып, таңдалады. Оқу пәнінің басты қызметі – оқу. Пәннің құрылымын жасауда ғылымның білімі тек беріліп қана қоймайды, олар нақтыланады, ұғымдары тереңдетіледі, жүйеленеді. Оқу пәні белгілі бір жүйе ретінде құрылады.

Оқу пәні ғылымда нәтижелі болып келетін білімді кіріктіреді. Оқу пәнінің құұрылуы ұзақ процесс. Оның мазсұнын анықтауда ғалымдар, мектеп ұжымдары дидактикалық мәселелшер бойынша пікірталас жүргізіледі. Соған байланысты ғылымда жаңа мәселелер пайда болып, оның дамуы жүзеге асады. Бұл шығармашылық жұмыс ғылымның дамуына, оқу пәнінің тұрақтануына ықпал етеді.

Бастапқыда оқытылатын пәндердің құрылымы арнайы орта және жоғары мектептерде оқытылатын пәндерден белгілі бір айырмашылықтары бар. Жоғарғы оқу орындағы оқу пәнінің мазмұны ғылым құрылымына жақын, онда ғылымның жаңалықтары, шешілмеген мәселелері қарастырылады.

Жоғарғы оқу орындағы оқу пәнінде студенттерді ғылыми ізденіске баулу мақсатында ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері беріледі.



2.Педагогиканың оқу пәні ретіндегі негізгі даму кезеңдері.

К.Д.Ушинский ғылыми педагогиканың қалыптасуының маңызды кезеңі – халық педагогикасы деп еспетген. Ол педагогикалық тәрбие жүйелерін халық өмірінің ерекшеліктерімен байланыстыра түсіндіреді.

Содан кейін педагогиканың дамуында екі үлкен кезеңді белгілейді:

1. ғылымға дейінгі кезең;

2.педагогикалық ғылым ретінде қалыптасу кезеңі.

Тек соңғы уақытта ғана неміс педагогы Франц Хофман педагогиканың дамуында үш кезеңді көрсетеді:

1. Ерте кезең. Оны автор тәрбие даналығы деп атайды. Бұл адамзаттың қарапайым педагогикалық ойлаудан тәжірибемен тексерілген ойлауға қарай көшу кезеңі. Осы кезеңдегі педагогикалық көздер: Ежелгі Египет папирустары, «Соломон притчаларының кітабы» және т.б.

2. Екінші кезең – «Пайдагогия». Бұл кезеңінің қалыптасуында Ежелгі Грецияның педагогикалық ойлары ерекше орын алады. Бұнда педагогикалық білім саяси, философиялық және психологиялық білімнің бір бөлігі болып табылады.

3.Педагогиканың дербес ғылыми теория ретінде қалыптасу кезеңі. Бұл кезең ұлы чех педагогы Я.А.Коменский есімімен тығыз байланысты. «Ұлы Дидактика» еңбегі.

Қазақстан қоғамында болған өзгерістерге байланысты педагогика ғылымы түрлі сипатта дамып отырды: социалистік, коммунистік, демократиялық, гуманистік.

Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуынан бастап оның оқыту пәні ретіндегі формасы қалыптаса бастайды.

Педагогиканы оқу пәні ретінде оқыту бағдарламалар, нұсқаулар, әдістемелік құралдар көмегімен жүзеге асырылады.

Коменскийдің «Ұлы Дидактика» еңбегі педагогиканы ғылым ретінде жүйелеген оқулық және әдістемелік құрал.

Білім беру және тәрбиенің көлемінің кеңеюіне байланысты ғылыми білім түрлі принциптер бойынша жүйеленді.



3.Педагогиканың оқыту пәні ретінде дамуы.

1922-1925 жж. П.П. Блонский, А.П. Пинкевич, А.Г. Калашников, М.С. Григорьевский, В.Я.Струминский, М.Жұмабаев, А.Байтұрсыновтың кітаптары жарыққа шығады.

1927-1930 жж. өткізілген педагогикалық пікірталастар педагогиканың дамуына өз үлесін қосты.

1931 ж. ең алғаш педагогикадан бағдарлама жасалады. Бағдарлама, оқулықтардың авторлары негізінен орта және жоғары мектеп оқытушылары жасайды.

1933 ж. педагогикалық техникум және педагогикалық жоғарғы оқу орнына арналған бағдарлама енгізіледі. Бағдарлама мынадай негізгі бөлімдерден тұрады: 1) Совет педагогикасының мәні, маңызы және мақсаты; 2)халыққа білім беру жүйесі; 3) оқу жоспары және бағдарламалар; 4) политехникалық мектептегі оқыту әдістері; 5) мектептегі білім беру жұмысын ұйымдастыру формалары; 6)оқулықтар; 7)дисциплина; 8)мектептен тыс жұмыс; 9)мұғалім; 10)мектептің ұйымдастырушылық педагогикалық мәселелері.

Оқулықтың теориясы қалыптаса бастайды. 70-ші жылдың басында еліміздің педагогикалық жоғарғы оқу орындарында психологиялық-педагогикалық пәндер және педагогикалық практика жүйесінің жаңа түрі енгізіледі. Бұл педагогика курсы үш тарауға бөлінді. Педагогикаға кіріспе, дидактикаға, тәрбие теориясы.



4. Шет елдеріндегі педагогика курсы.

Шет елдердегі мұғалімдерді дайындау жүйесі алуан түрлі. Оның құрылуына қоғамдық және мемлекеттік құрылым, экномикалық дамудың деңгейі, мұғалім кадрларын дайындау дәстүрі, халыққа білім беру жүйесінің даму факторлары әсер етеді.

Азия, Африка, Америка елдерінде бастауыш сынып мұғалімдерін орта педагогикалық оқу орындары (колледж, лицеи және т.б.), орта мектеп мұғалімдерін – университеттер дайындайды.

Кейбір жоғарғы оқу орынында педагогика курсы мүлдем оқытылмайды. Мысалы, Францияда педагогика дербес ғылым ретінде берілмейді. Ал студенттерді педагогикалық дайындау тәжірибелі мұғалімдердің басқаруымен жүзеге асырылады. Олар стажировкадан өткізіледі. Стажировка аяқталған соң мұғалім болуға кандидаттар мұғалім атағын иемдену үшін емтихан тапсырады.

Шет ел педагогикасындағы ерекшеліктер:

1.Педагогиканың философия бағыттарымен тығыз байланыстылығы, курстың абстрактілігі. Мысалы, «Тәрбиелеу философиясы», «Тәрбиелеу теориялары».

2. Оқу курстарын майдалау. Мысалы, Жапонияда бастауыш білім принциптері, орта білім принциптері, білім беру мазмұны, оқыту әдістері және т.б. курстар жеке жеке оқытылады.

3.Барлық курстардың міндетті емес сипаты, таңдап оқудың болуы.



Дәріс№ 3. Педагогика курсының мазмұны.

3 дәріс мазмұны:

1. Педагогика курсының мазмұнын құрудың негіздері.

2. Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама.

3. Педагогиканы оқыту процесі.

4. Оқыту және кәсіби тәрбие.



1. Педагогика курсының мазмұнын құрудың негіздері. Кез келген оқу пәнінің мазмұны тәрбиенің мақсатымен белгіленеді, оның нақты көрініс болып табылады. Қоғам дами отырып, білім берудің жаңа міндеттерін белгілейді, олар барлық оқу пәндерінің мазмұнында көрініс табады. Педагогика қоғамдық ғылым болғандықтан ол қоғам талаптарын көрсетеді.

Оқу пәнінің мазмұнына педагогиканың ғылым ретінде дамуы әсер етеді. Біздің еліміздегі жалпы орта білім, кәсіби орта және жоғары мектептің дамуы педагогикада жаңа мәселелердің туындауына, оның әрі қарай дамуына әкеледі. Осылдайша, педагогиканың жаңа салалары пайда болуда: педагогикалық этика, жоғарғы мектеп педагогикасы, халыққа білім берудің экономикасы, педагогикалық психология, дефектология және т.б.

Педагогика курсының мазмұнын құруда оқушылардың жас шамасы, олардың жалпы білімділік деңгейі, болашақ кәсіби қызметтің сипаты сынды параметрлер есепке алынады. Мазмұнды белгілеуде педагогикалық мәселелердің теориялық өңделу деңгейі де маңызды.

Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды тәжірибелі мамандар жасады.

Соңғы уақытта білім берудің мазмұнын жасауда жаңа тұрғы кең тарлған. Ол болашақ маманның еңбегінің сипаты мен мазмұнын зерттеудің негізінде жасалады. Осы зерттеулер нәтижесінен мұғалімнің кәсібилігіне қойылатын талаптар белгіленеді. Бұл мұғалімдердің профессиограммасын жасауда қолданылады.

2. Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама.

Педагогика курсының мазмұны бағдарламада, оқулықтарда жинақталған. Ол негізгі курстан, арнайы курстардан және практикумдардан құралған.

Арнайы курстарда педагогиканың маңызды мәселелерінің мәні ашылады. Олар теориялық және қолданбалы сипатта болуы мүмкін.

Теориялық арнайы курс педагогиканың маңызды мәслелерін тереңдетіп оқытуға бағытталса, қолданбалы арнайы курс оқыту мен тәрбиелеудің қырларын болашақ мұғалімдердің дайындығын күшейту: класс жетекшінің, тәрбиешінің жұмыс жасау әдістемесі. Осы арнайы курстармен түрлі практикумдар тығыз байланысты. Олардың міндеті – болашақ мұғалімдердің балалармен жұмысын ұйымдастыру іскерлігі мен дағдысын құрастыру. Негізгі курста басқа тәрбие жұмысының әдістемесі пәні оқытылады.

Педагогика курсының мазмұны 4 негізгі курс енеді: 1)педагогиканың жалпы міндеті; 2)дидактика; 3) тәрбие теориясы 4)мектептану. 1972 жылдан бастап бағдарлама және оқулықтарға өзгеріс енгізіледі: алғашқы тақырып мұғалім еңбегімен таныстыруға арналады. Ол бүгінгі күні «Мамандыққа кіріспе» пәні ретінде беріледі.

3. Педагогиканы оқыту процесі.

Педагогика әрдайым оқыту процесін зерттейді. Ол әлеуметтік, дидактикалық және жалпыпедагогикалық сипаттамаларын зерттейді.

Оқыту процессінің мынадай негізгі сипаттамалары белгіленіп, әдебиетке енгізілген:


  • қоғамның талаптарына, міндеттеріне, оқушылардың дайындық деңгейіне сәйкес әрдайым даму, өзгеру, жетілу;

  • оқыту процесінің екіжақты сипаты, оқушы мен оқытушы әрекетіндегі үйлесімділікке қол жеткізу;

  • олардың іс-әрекеттік сипаты;

  • оқыту процесінің біртұтастығы және оқыту процесін кезеңдерге бөлу мүмкіндігі;

  • оқыту процессінің басқарылуы.

Педагогиканы оқыту белгіленген мақсатқа сәйкес жүргізіледі. Педагогиканы оқыту – болашақ мұғалімнің кәсіби әрекетінің негізін құрайтын білімді меңгеру болып табылады.

Педагогиканы оқыту оқушылардың танымдық әрекетін белсендендіруге жағдай туғызады. Оны оқу құралдары, белсендендіру тәсілдері жайындағы білімді алады. Сондықтан, педагогиканы оқытудың басынан-ақ студенттер мен оқушыларды жүйелі құрылған өздік жұмысқа енгізген дұрыс. Бұнда берілетін тапсырмалар өздік жоспарлауға, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі бақылауға бағытталуы тиіс.

Қазіргі қоғамда шығармашылықты, өз бетімен жұмыс жасауға бейім маманды қалыптастыру басты міндет болып табылады.

Педагог өз бетімен білім алу – студенттердің жалпы өз бетімен білім алуының бөлігі. Бұл тұлғаның педагогикалық теория мен педагогикалық тәжірибені меңгерудегі жүйелі танымдық әрекеті. Педагог өз бетімен білі алу кәсіби іс-әрекетпен тығыз байланысты және оықтудың, педагогикалық шеберлік қалыптасуының маңызды факторы.

Болашақ мұғалімнің дайындығында оқу-тәрбие процесін зерттеуге бағытталады. Олар педагогикалық процестің ерекшеліктерімен, логикасымен, оқушы және оқытушы әрекетінің сипатына арналған.

Практикада мұғалім күн сайын түрлі тапсырмаларды орындайды. Мұғалім шеберлігі оның педагогикалық ситуациясы талдауынан, зерттеуінен, өз әрекетінің мақсат-міндеттерін белгілеуден, ұжымды ұйымдастырудан көрінеді.

Мұғалім оқу-тәрбие процесін саналы түрде басқару үшін, оқушыны дамыту үшін оқушыны жан-жақты зерттеп, білуі шарт. Бұған диагностикалық әдістердің көмегімен қол жеткіземіз. Олардың көмегімен оқушылардың танымдық әрекеті, жақын даму аймағының мүмкіншіліктері, оқушының мінезінің ерекшеліктері, олардың қызығушылығын, мотивтерін анықтауға болады.

Жалпы теория мен практикада жаттығулардың басқа да түрлері жасалған. Олардың барлығы студенттердің педагогикалық дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған.

Зерттеулерде мұғалімдер дайындау процесін де түрлі дағдыларды қалыптастырудың жағдайлары белгіленген Олар 2 топқа бөлінеді: субьективті және обьективті.

Субьективті жағдайларға:

1.Педагог тұлғасының бағытталуы және оқу-тәрбие процесінде дағдыны қалыптастыруда нақты бағыт беру.

2.Оқушылардың кәсіби жарамдылығы.

3.Оларда педагогикалық әрекетке бейімділіктің болуы.

4.Болашақ мұғалімдердің оқу-тәрбие жұмысының түрлеріне (оқу, оқудан тыс, қоғамдық және т.б.) қатынасы.

Обьективті жағдайлар:

1.Жүргізілетін жұмыстың дидактикалық принциптерге сәйкестігі.

2. Оқу материалын таңдау.

3. Оқу-тәрбие процесінің педагогикалық бағытталуы.

Педагогикалық дағдыны қалыптастырудың кезеңдері:


  • тапсырма жайында алдын-ала түсінік беру;

  • ереже-бағытты енгізу;

  • практиткалық әрекет;

  • жасалған әрекетті танымдық практикалық міндеттерді шешуде қолдану.

Бұдан басқа мектеп практикасында мектеп құжаттарын талдау, сабақ конспектісінің бір бөлігін жазу, толық конспект дайындау және оны талдау, ойын таңдау, ойынды құру және т.б.

4. Оқыту және кәсіби тәрбие.

Оқытумен бірге тәрбие процесі бірге жүзеге асырылады. Педагогика пәнін оқыту әдістемесі болашақ мұғалімнің кәсіби тәрбиесін зерттеуге көп көңіл бөледі.

1. І курстықтар айлығы. Мақсаты – оқушыларды жоғарғы оқу орнымен таныстыру, оның дәстүрімен, оқ процеснің мазмұны, ұйымдастырылуымен таныстыру, студенттерге педагогикалық мамандығығы жайында түсінік беру.

2.Педагогикалық клубтар.

3.Ғылыми ұйымдар.
4 дәріс мазмұны:


  1. Дидактика туралы жалпы түсінік.

  2. Оқытудың мәні, құрылымы және қозғаушы күштері.

1. Жоғары мектеп дидактикасы туралы жалпы түсінік.

Жоғары мектеп дидактикасы – жоғары мектепте жоғары білім беру және оқыту жайындағы ғылым.

Жоғары білім беру саласындағы дидактикалық зерттеулердің қажеттілігі қазіргі жоғары оқу орындарында (ЖОО) жинақталған проблемалардан туындайды. Олар:



  • ҚР-ның білім беру жүйесін реформалау;

  • ЖОО-ның кредиттік оқыту жүйесіне көшуі;

  • жаңа білім беру технологияларын құру;

  • педагогикалық құралдарды жетілдіру және т.б.

Жалпы дидактиканың зерттеулері жалпы білім беретін мектептерге бағытталған болса, жоғары мектеп дидактикасы мына проблемалардың шешімін ғылыми негіздеуге арналады:

  1. Жоғары білімнің спецификалық мақсаттарын негіздеу.

  2. Жоғары мектептің әлеуметтік қызметін негіздеу.

  3. Білім берудің мазмұнын негіздеу.

  4. Жоғары мектепте педагогикалық процесті құрудың және оқу әрекетін жүзеге асырудың тәсілдерін ғылыми негіздеу.

  5. Оқытудың тиімді жолдарын анықтау, оқытудың мазмұныны, әдістерін, формаларын, технологияларын таңдау.


5 дәріс мазмұны

  1. ЖОО дәріс оқытудың дидактикалық цикліндегі басты бөлік.

  2. Дәріс құрылымы, оның бөліктері және қойылатын талаптар.

  3. ЖОО жүйесіндегі дәріс формасының дамуы.

ЖОО-дағы дәріс – оқыту процесінің негізгі бөлігі.

ЖОО-дағы дәрістің мақсаты – студенттердің оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру. «Дәріс» («лекция») сөзі латынның «lection» - оқу деген сөзін білдіреді. Дәріс ең алғаш Ежелгі Грецияда пайда болған, әрі қарай Ежелгі Римде және орта ғасырларда дамытылған. Рсесйде оқытудың дәрістік формасын ең алғаш М.В.Ломоносов қолданып, таратқан.

19 ғасырдың ортасынан бастап ғылыми және техникалық білімнің артуына байланысты дәріс сабақтарын студенттердің өзбеттілігін және белсенділігін талптандыратын практикалық сабақтармен толықтыру қажеттілігі арта бастады.

Бүгінгі таңда оқу материалын дәрістік баяндауды қолдаушылармен қатар оған қарсы шыққан адамдар да бар. Олардың дәйектерінде шындық та бар. Не болса да, оларды есте сақатаған дұрыс:



  1. Дәріс бөтен пікірлерді енжар түрде қабылдауға үйретеді, өзіндік сананының дамуына кедергі келтіреді. Дәріс қаншалықты күшті болса, бұл заңдылықтың сақталуы соншалықты нәтижелі болады.

  2. Дәріс өз бетімен жұмыстануға талапты жояды.

  3. Оқулықтар мүлдем жоқ немесе аз мөлшерде болған жағдайда ғана дәріс оқыған дұрыс.

  4. Кейбір студенттер айтылған нәрсені ұғынса, көп студенттер – дәріс оқушының сөздерін жазып алуға ғана үлгеріп отырады.

Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, дәрістен бас тарту студенттер дайындығының ғылымилық деңгейін төмендетеді, семестр бойына жұмыстанудың жүйелілігін және бір қалыптылығын бұзады. Сондықтан дәріс осы күнге дейін ЖОО-нда оқу процесін ұйымдастырудың басты формасы болып отыр. Жоғарыда аталған кемшіліктерді көп орайда дұрыс әдістемемен және оқу материалын ұтымды жеткізумен жоюға болады.

Оқытудың дәрістік формасы мына жағдайларда қажет:



  • жаңа енгізілген курстар бойынша оқулықтар болмаған жағдайда дәріс ақпараттың негізгі көзі болып табылады;

  • нақты тақырып бойынша берілетін жаңа оқу материалы қолда бар оқулықтарда ашылмаған немесе оның кейбір жақтары ескірген жағдайда;

  • оқулықтың кейбір тақырыптары өз бетімен зерттеуге өте күрделі болған жағдайда оқытушының әдістемелік өңдеуін қажет еткен кезде;

  • курстың негізгі проблемалары бойынша екіжақты, қарам-қарыс тұжырымдар болған жағдайда. Бұнда дәріс оларға объективті баға беру үшін оқылады;

  • студенттердің көзқарасын қалыптастыру мақсатында дәріс оқушының оларға жеке эмоционалдық әсер етуі маңызды болған жағдайда. Дәрістің эмоционалдық сипаты ғылыми мазмұнмен біріге отырып, ой мен сөздің үйлесімділдігн тудырады және тыңдаушылармен жақсы қабылданады.Әсіресе бұл гуманитарлық пәндерді оқытуда ерекше орынға ие. Сонымен қатар жаратылыстану және дәл пәндердің оқытушыларына да эмоционалдық қажет.

Әсіресе, авторлық дәрістер ерекше әсер етеді. Бұл мәселе бойынша Тимирязев былай деген: дәріс оқушы фотограф емес, суретші болуы керек, кітаптан алынған нәрсені ауызша жеткізетін қарапайым акустикалық құрал болмауы тиіс, оның бәрі шығармашылықпен өңделуі дұрыс. Оның айтуынша, дәрісте ғылыми проблемалардың дұрыс шешімі идеяға берілу, сол идеяны ұстанумен бірігуі керек. Д.И.Менделеевтің дәрістері тап осы қасиеттерге ие болған.

Дәрістің артықшылықтары:

  • дәріс оқушының аудиториямен шығармашылық қарым-қатынас жасауы, шығармашылықпен бірге айналысу, эмоционалдық өзара әрекеттесу;

  • дәріс – білім негіздерін жалпы түрде алудың ең үнемді тәсілі;

  • дәріс дұрыс ұғынылып, мұқият тыңдалған жағдайда студенттің ақыл-ой әрекетін белсендендіреді. Сондықтан дәріс оқушының мақсаты – студенттердің белсенді зейінін дамыту, оларда ой қозғалысын тудыру.

Соңғы кезде студенттерге оқытушыларды таңдау еркі берілген. Бұл оқытушының дәріс оқу шеберлігін проблемасын алға қояды.

Көп оқытушылардың есептеуінше, дәріс оқушының міндеті - өз пәнін жақсы білу және оны анық түрде баяндау. Бірақ «анық түрде баяндау» деген не? Бұл өте күрделі педагогикалық проблема: бұл баяндаудың жүйелілігі, бұл баяндаудың көрнекілігі, бұл тыңдаушылардың материалды саналы және белсенді түрде меңгеруі, бұл нәтиже ретіндегі түсіну.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет