Тақырыбы: Пысықтауыш
Мақсаты: 1) Пысықтауыш туралы түсінік беру, жасалу жолын, синтаксистік
қызметін меңгерту.
2) Өз ойын еркін айтуға, оқушының тез қабылдауына жол ашу, өз
пікірін айтуға төселдіру.
3) Топпен бірлесе жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа, бірлікке
баулу, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: білімді бекіту
Сабақ түрі: топтық сайыс
Сабақ әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: тірек-сызба, топшама
Пәнаралық б/с: әдебиет
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
А) Оқушылармен амандасу
Б) Журналмен жұмыс
В) Тренинг (оқушылар бір-біріне жылы лебіз білдіреді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Анықтауыш дегеніміз не?
Анықтауыш болатын сөз таптары қандай?
Анықтауыштың қандай түрлері бар?
Оқушыларды топқа бөлу, бағалау парақшаларын беру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Олар қыс бойы осы аймақтан шықпады. Жиналыста шапшаң сөйледі. Ауылға қарай біреу келе жатыр. Біз әдейі жарыстық. Ол қуанғаннан жылап жіберді. Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай. (Абай.)
Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, пысықтауышты тауып, анықтамасын шығару.
Анықтамасы.
Пысықтауыш – етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, амал, себеп, мөлшер, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
Іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, амал, себеп,
мөлшер жағынан пысықтап тұрады
Негізгі Қашан, қайда, қалай, неге, не үшін, неліктен деген
белгілері сұрақтарға жауап береді.
Байланысу түрлері – меңгеру, жанасу, қабысу
Пысықтауыш
(құрамына қарай)
дара үйірлі
күрделі
тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, пысықтауышты табу.
Ол – жақсы адам. Ол жақсы сөйлейді. Күші жағынан арыстандай кісі. Қобыланды батыр арыстандай ақырды. Бастауышты түзу сызықпен сыз. Сызуды түзу сыз. Қисық мінезі бар. Көйлекті қисық пішті.
тапсырма. Мәтіннен қарамен берілген пысықтауыштарды қарым-қатынасқа түскен сөздерімен қоса теріп жазып, құрамына қарай талдап, қай сөз табынан жасалғанын анықтаңдар.
І топ. Ақбілек үнін шығаруға мұршасы келмей, өлген кісідей отырған жерінде сіресіп қалды. Әлден уақытта арсалаңдап бір аш қасқыр Ақбілек отырған қостың аузына келіп қалды.
ІІ топ. Ақбілектің жан даусы түнді тіліп жібергендей шыр ете түсті, қасқыр біткен жарық беріп, көздері жалт етіп, тістері сақ етіп, оқшырайып тұра қалды. Қасқырлар ырылдап, күрілдесіп, бураша шабынып тұрып алды. Қасқыр одан жаман өршеленеді.
ІІІ топ. Ақбілек қасқырлардың қарсы шабатынын білгендей, жалма-жан жан ұшырып, қостан атып шығып, «қараңғыда көзім жоқ...» деген балаша айнала дөңгеленіп, айғайды салып, ағашын сермей берді... Анда-санда арс-ұрс еткен дауыс шығады. Ақбілек жан ұшыра сермейді.
3 тапсырма. І топ. Венн диаграммасы (пысықтауыш пен анықтауышты салыстыру)
ІІ топ. Семантикалық карта.
ІІІ топ. Бес жолды өлең құрау.
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік
4. Сөйлем
5. Синоним
тапсырма. Тест сұрақтары
Бекіту.
Пысықтауыш дегеніміз не?
Пысықтауыш болатын сөз таптары қандай?
Пысықтауыш құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Үйге тапсырма. а) Пысықтауыш тақырыбын оқу, ереже жаттау;
ә) 54-жаттығу. Үстеулерді қатыстырып, мәтін құрау.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |