Тақырыбы: «Пластикалық ыдыстардың адам денсаулығына пайдасы мен зияны»



бет12/19
Дата07.02.2022
өлшемі2,37 Mb.
#84875
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
«Пластикалық ыдыстардың адам денсаулығына пайдасы мен зияны»

Бисфенол А – (4,4′-дигидрокси-2,2-дифенилпропан, техникалық дифенилолпропан, диан, ДФП) ақ түсті, көбінесе түйіршікті күйде болатын химиялық зат. Ең алғаш орыс химигі 1891 жылы Александр Дианин ашты.
Физикалық қасиеті: 20 С температурада, тығыздығы 1037,6 кг/м3. Суда өте нашар ериді. Ацетон, этил спиртінде, диизопропил эфирінде ериді.


Сақтық шаралары
Тірі ағзаларға әсер ету мүмкіндігіне қарай зиянды заттардың 3ші дәрежесіне жатқызылады(МЕМСТ 12.1.007 зиянды заттарға жатады). ДФП мен жұмыс жасағанда сақтық шараларын сақтап, қорғағыш қолғап, маска-көзілдірік, қорғағыш киім кию керек. Өте көп мөлшерде ДФП көздің, тыныс алу мүшелерінің шырышты қабығын зақымдайды, теріге көп уақыт әсер еткенде – дерматит, онкологиялық аурулар, қант диабетін, семіздік және аутизм ауруларын тудыруы мүмкін. Көз бен теріге тиген кезде дәрігерге қаралу қажет.


Полистиролдан жасалатын ыдыстар негізінен ақ түсті. Салқын тағамдарға арналған. Ыстық су, шай, кофе құйғанда «стирол» бөлініп шығады. Стирол – суда нашар, спирт пен эфирде жақсы еритін түссіз улы газ. Полистиролдан жасалған ыдысты микротолқынды пешке салуға болмайды. Улы заттар бөледі. Зиянды.
Полистирол ыдыс салқын тағамға арналса, полипропилен, керісінше, ыстық тағамдарға арналған +150 градуста өз қалпын сақтайды. Мұндай ыдысқа алкогольді немесе спиртті ішімдіктерді құю өте қауіпті. Майлы тағамды да бұл ыдысқа салуға болмайды. Соңы жақсылыққа апармайды. Бұл шарттар орындалмаса, формальдегид бөлініп шығады. Формальдегид – (лат. formica – құмырсқа, халықаралық атауы – метаналь, ескіше – құмырсқа алдегиді) екінші топтағы аса қауіпті түссіз газ. Ол адамның тыныс алу жолдарына, көзге және теріге аса зиян. Және адамның жүйке жүйесін зақымдайды. «Егер оның мөлшері қауіпсіз шамадан көп мөлшерде асып кетсе, барлық тірі жанды құртып жіберуі ғажап емес» дейді мамандар. Формальдегид негізінен көлік газдарынан тарайды.


Поливинилхлоридтен жасалған ыдыстардың сыртқы пішіні көз қызықтырарлық және өте ыңғайлы. Десек те, винилхлорид- атты улы химиялық зат бұл ыдыстың бар пайдасын жоққа шығарады. Винилхлорид – бауырдың қатерлі ісігі (рак), тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануы секілді аурулар туғызады. Винилхлорид аэрозоль баллондарында, газ тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданылып келген. Тек 70-жылдары ғана оның улы қасиеттері анықталды. Поливинилхлоридтен жасалған бұйым үстіне ауыр зат қойғанда, орнында із қалады. Полистирол ыдысты бүктесе, сынып кетеді. Ал полипропилен ыдыс деформацияланғанда, майысып орнына қайтып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет