Байланысты: «Пластикалық ыдыстардың адам денсаулығына пайдасы мен зияны»
Пластмасса өнімдерінің химиялық ерекшеліктерін ажырата білудің күнделікті тұрмыстағы маңызы Пластиктің таңбалануын дұрыс ажырата білуді үйренейік. Егер сіз көптен бері «жасыл өмір» ұстанымдарын ұстанып жүрсеңіз, сізге күнделікті тұрмысыңызда пластикалық ыдыстардың қолданылуынан бас тарту оңайға соқпас. Пластмасса өнімдерінің біздің тұрмысымызға кірігіп кеткені соншалық біз ендігі өмірімізді әртүрлі контейнер-бөтелкелерсіз елестете алмаймыз. Өнімнің танымал болуының құпиясы: қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы және салыстырмалы арзандығы, бір сөзбен айтқанда өндірістің қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қоса пластиктің зияны туралы әрқайсымыз құлағдармыз. Әңгіме өнімді қалай пайдалану керектігінде ғана емес (бұл да маңызды мәселе). Пластиктің адам организмі үшін аса зиянды екендігінде. Бір қарағанда сатушылардың сендіруіне қарасақ, пластмассалардың еш зияны жоқ. Бірақ шын мәнінде пластик расыменде адам организміне орны толмас қауіп әкеледі. Бұл ғалымдардың зерттеулерімен бірнеше мәрте дәлелденді, оны өз тәжірибеңізден өткізу жақсы шешім емес. Пластик өнімдерінен түбегейлі бас тарту жақсы идея, дегенменде бұл мүмкін емес. Бір ғана шешім бар – бұл пластик өнімдерін тұтынуды азайту. Ол үшін сатып алғалы жатырған тауарыңызды мұқият қарап алыңыз. Кез-келген өнімде тауар өндіруші пластиктің қандай өнімнен алғандығы туралы ақпаратты көрсетуі тиіс. Арнайы таңбалардың болмауы – бұл өнімнің сіздің денсаулығыңыз үшін шектен тыс зиянды екендігінің нақты дәлелі бола алады. Ал таңба үшбұрышты үш сызықшамен белгіленеді. Фигураның ішінде орналасқан цифр және таңба пластмассаның қандай типіне жататындығын көрсетеді.