Тақырыбы: «Пластикалық ыдыстардың адам денсаулығына пайдасы мен зияны»


Пластмассаның түрлері және таңбалануы



бет11/19
Дата07.02.2022
өлшемі2,37 Mb.
#84875
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
«Пластикалық ыдыстардың адам денсаулығына пайдасы мен зияны»

Пластмассаның түрлері және таңбалануы
1 (PETE немесе PET) – полиэтилентерефталат. Ең көп таралған пластиктің түрі. Әртүрлі салқын сусындардың, кетчуптің, өсімдік майларының косметика құралдарының тасымалы және т.б. заттардың тасымалы үшін пайдаланылады. Ең керемет жері өнімнің арзандығында. Осы түрінің аса танымал болуы өндіру үшін көп шығынды қажет етпейді. Мұндай өнімді тек бір ақ рет пайдаланған абзал. Екінші ретті пайдаланған жағдайда бөтелке немее қорап – фталат деген зиянды затты бөліп шығарады (улы, жүрек-қан тамырларының және жүйке жүйесінің жұмысы ауруларын тудыруы мүмкін, улы).
Қайта өңдеуге жатады, қауіпсіз түрлерінің бірі болып саналады. Сонымен қатар Европа және АҚШ да аталмыш пластик түрінен балалар ойыншығын дайындауға тиым салынған.
2 (HDPE немесе PE HD) – жоғарғы тығыздықты полиэтилен. Салыстырмалы түрде арзан, температура әсеріне тұрақты. Мұндай пластик, пластик пакеттерін, бір реттік ыдыстарды, тағамдық контейнерлерді, сүт пакеттерін және жуғыш заттардың ыдыстарын әзірлеуде пайдаланылады. Қайтадан өңдеуге жарамды, екінші ретті пайдалануға болады. Салыстырмалы түрде зиянсыз, бірақ формальдегид бөлуі мүмкін (жүйке жүйесін, тыныс жолдарын және жыныс жүйесін зақымдап, ұрпақтың генетикалық ауытқуларын тудыруы мүмкін).
3 (PVC немесе V) — поливинилхлорид. Пластиктің бұл түрі техникалық мақсатта пайдаланылады. Мысалы, пластикалық терезелерді, жиһаз элементтерін, төсеніштерді, техникалық сұйықтықтарға және т.б. заттарға арналған ыдыстар жасауда. Тағамдық мақсатта пайдалануға болмайды. Пластик құрамында бисфенол А, винилхлорид, фталаттар, және кадмий бар. Пластмассаның ең қауіпті түрлерінің бірі болып саналады. Өртеген кезде ауаға қауіпті – канцерогендік диоксиндер бөледі.
4 (LDPE немесе PEBD) – төменгі тығыздықты полиэтилен. Көпшілікке пакеттер, қоқыс қаптары, компакт-дискілер және линолеум арқылы танымал. Осы түрдің көп таралуының себебі оның арзандығында. Салыстырмалы түрде қауіпсіз. ПЭТ-пакеттер адамдар үшін тіпті қауіпсіз (бірақ олардың қоршаған ортаға әсері туралы ұмыстпағанымыз жөн). Кейбір жағдайда ғана PE-LD түрі формальдегид бөліп шығарады. Қайта өңдеуге және екінші ретті қолдануға болады.
5 (PP) – полипропилен. Берік әрі ыстыққа төзімді. Тағамдық контейнерлер, шприцтер және балалар ойыншықтарын жасауда қолданылады. Салыстырмалыы түрде қауіпсіз бірақ кейбір жағдайларда формальдегид бөлуі мүмкін.
6 (PS) – полистирол. Пластиктің бұл түрін ет және сүт өнімдерін сататын жерден көре аласыз. Бұл заттан йогурт стақандарын, ет салатын сөрелерді, жеміс-жидек пен көкөніске арналған қорапшаларды, сэндвич-панельдер және жылуоқшаулағыш плиталар жасайды. Қайта өңдегенде канцероген болып табылатын стирол бөледі. Мамандар шама шарқынша бұл затты пайдаланбауға және пайдалануды мейлінше шектеуге кеңес береді.
7 (O немесе OTHER) – поликарбонат, полиамид және пластмассаның өзге де түрлері. Бұл топқа жеке дара нөмір алып, нөмірленбеген пластмасса өкілдері кіреді. Бұл заттардан кішкентай балаларға арналған бөтелкелер, ойыншықтар, суға арналған бөтелкелер, қаптамалар жасалады. Жиі жуғанда және қыздырғанда адам ағзасына гармональды зақым келтіретін – бисфенол А затын бөледі.
Ендігі кезекте бисфенол – А, химиялық затына тоқталсақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет