Байланысты: «Пластикалық ыдыстардың адам денсаулығына пайдасы мен зияны»
Полипропилен, поливинхлорид, полистирол ыдыстарын айыру белгілері: Поливинхлорид ыдысына салмағы ауыр қатты затты қойғанда, ыдыс үстінде бірден іздер пайда болады. Ал басқа ыдыстарда із қалмайды. Полистирол ыдысы деформация кезінде қатты дыбыс шығарып, сынып кетеді. Полипропилен ыдыс деформацияланғанда майысып, қайта орнына келеді.
Біржолғы целлофан қапшықтар да бір қарағанда, түк зияны жоқ секілді. Ал анығында Жер-Анаға жасайтын қатері ұшан-теңіз. Оның құрамында экологияға қауіпті күкірткөміртек атты қоспа бар. Күкірткөміртек – улы қосылыс, түссіз, оңай жанады. Ауамен жарылғыш қоспа түзеді. Жасанды жібек, желім мен тыңайтқыштар алу үшін шикізат ретінде қолданылады. Жүйке жүйесі қызметін нашарлатады. Есірткілік әсері бар.Полиэтиленді қапшықтар ең алғаш 1957 жылы АҚШ-та шығарыла бастаған. Сарапшылардың айтуынша, 2002 жылға дейін әлем бойынша 4-5 триллион полиэтиленді қапшықтар өндірілген. Мүмкін бұл көрсеткіш нақты өндірілген көлемге қарағанда әлдеқайда аз шығар. Әйтеуір, Жер-Ана бәрін көтеріп жатыр. Әлемдік табиғат қорының есептеуінше, мұхитқа 6 миллион 300 мың тонна қоқыс тасталған. Ол қоқыстың қомақты бөлігін біржолғы ыдыстар құрайды екен. Осының салдарынан, 1 миллион құс, 100 мың теңіз жануарлары мен балықтар қырылып қалған.
Бір жолғы ыдыстардың адам ағзасына да қауіпсіз емес екені белгілі. Оларды бірнеше рет пайдалануға болмайды және ультрафиолет сәулелі, оттегіне бай азық түрлерін салуға болмайды. Сондықтан да біржолғы ыдыстар деп аталады.