Байланысты: «Пластикалық ыдыстардың адам денсаулығына пайдасы мен зияны»
Біржолғы ыдыстарды пайдалану ережелері Аты айтып тұрғандай, бұл ыдыстарды тек бір рет пайдалану керек. Бірнеше қайтара жуғанмен де, ол түбегейлі тазармайды. Есесіне, құрамынан улы заттарды бөліп шығарады. Пластикалық ыдыстарды нақты белгілеріне сүйеніп пайдаланса, зияны азая түспек. Дүкендердегі йогурт ыдыстары сүт қышқылымен реакцияға түспейді. Сондықтан, олар зиянсыз болып саналады. Бірақ, бұл ыдыстарға басқа сұйықтықтарды құю қауіпті. Біржолғы стақандарға газды су, қышқыл шырын, ыстық шәй құйылса, ол қауіпті ыдысқа айналады. Ыдыстың зияны адамның сезу мүшелеріне білінбегенімен, ішкі мүшелерінің қызметін бірте-бірте әлсіретеді.
Пластикалық ыдыстарда тағамды ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Микротолқынды пеште қыздыру тіпті қауіпті. Пластикалық ыдыстар мұздатқышқа төзімді, ол тағамның құндылығын сақтай алады.
Күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған біржолғы ыдыстарды ұқыпты қолданыңыз.