1 – жүргізуші.
Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс - әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт – сенімдері кеңінен көрінеді.
«Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.
Әдебиеттің «Үш бәйтерегі» өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегінде жол тапты.
- Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы) туған . Әкесі Сейфолла домбырашы, шешен әрі саятшы болған. Анасы Жамал ертелі – кеш Сәкенге аңыз-әңгіме, ертегілер айтып берген.
Табиғаттан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімнің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен. Әке – шешесінің ықпалымен жас Сәкен нәрсені біліп, болашаққа үмітін арттыра түсті.
Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса – хиқаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді «орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен», - деп, тоғыз жасында Нілді заводына жіберді.
Достарыңызбен бөлісу: |