Тақырыбы: Риккетсиоздар: Брилл-Цинссер ауруы және эпидемиологиялық бөртпе сүзек



бет4/12
Дата28.05.2020
өлшемі151,42 Kb.
#71463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Уришанова Толғанай 3 тақырып

Патологиялық анатомиясы.

  • Арнайы бөртпе сүзектік тамыр өзгерістері – универсальды жедел инфекциялық васкулит 3 компоненттен құралады: тромбтың түзілуі, тамыр қабырғасының бұзылуы және жасушалық пролиферация. Осы бұзылыстар әртурлі өзгерістердің негізінде жатады. Тамырдағы зақымданулар барлық мүшелер мен жүйелерде, әсіресе бас миында айқын байқалады. И.В.Давыдовский бойынша, бөртпе сүзектің қандай да түрі болмасын – ол жедел менингоэнцефалит, мидың сұр затының зақымдалуы: ми, сопақша ми жүйкелерінің ядролары, гипоталамус ядролары зақымдалады, зақымдалған тамырлардың айналасында арнайы гранулемалар түзіліп, ми затының ісінуіне, қан құйылуына әкеледі.
  • Тамырдағы бұзылыстар (гиперемия, стаз, тромбоз, эндотелий деструкциясы) терідегі розеолезді- петехиальды бөртпелер мен шырышты қабаттағы қан құйылулардың негізіне жатады.
  • Риккетсиялардың эндотоксині әсерінен дамитын вазодилатация, жайылмалы панваскулит, қанның гиперкоагуляциясы әртүрлі жүйелерде дистрофиялық өзгерістер мен микроциркуляторлы бұзылыстар тудырады. Жиі миокардит, Ашофф-Тавар түйінінде, Гисс шоғырында дегенеративті өзгерістер пайда болады. Мойын және кеуде симпатикалық ганглийлерінде дистрофиялық процестер дамиды. Бүйрек үсті безінің ісінуі, қан құйылу ошақтары, бауыр мен бүйректе дистрофиялық өзгерістер байқалады.
  • Бөртпе сүзекпен ауырған науқастарда риккетсия мен олардың токсиндеріне қарсы антиденелер түзіліп, біртіндеп титрі артады.
  • Бөртпе сүзекте стерильды емес иммунитет


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет