Аурудың өршу кезеңі - Бөртпе элементтері 7-9 күн ішінді жоғалады, ал петехиялар жеңіл пигментация түрінде сақталынады. 8-15% науқастарда бөртпе сүзек өзіне тән бөртпесіз өтуі мүмкін, бірақ бұл жағдайда тамырлардың жоғары сынғыш синдромын анықтауға болады («шымшу», «жгут», Румпель-Лееде-Кончаловский симптомдары). Аурудың өршу кезеңінде жүрек-қан тамырлар қызметтері бұзылып, тахикардия, айқын гипотония белгілері күшейіп, шок дамуы мүмкін. Жүректің шекаралары кеңейіп, тондары тұйықталады. Электрокардиографиялық зерттеулер вольтаждың төмендегенін, екі фазалық және Т- тісінің изоэлектрлігін, арақашықтығының ауытқығанын анықтайды.
- Бөртпе сүзекпен ауырғандарда заңды түрде спленомегалия, ал 2-аптадан бастап гепатомегалия анықталынады. Тілі құрғақ болады, көбіне қара-қоңыр тұтықпен жабылған («фулигинозды тіл»). Зәр шығару жүйесі де зақымдалады, бел тұсында ауру сезімі байқалады, олигурия, альбуминурия және цилиндрурия пайда болады. Аурудың ауыр түрлерінде қуықтың сфинктері мен бұлшық еттерінің иннервациясы бұзылуынан парадоксальды ишурия дамиды.
- Аурудың осы кезеңінде науқастың гемограммасынан аздаған нейтрофильды лейкоцитоз және моноциттердің санының ұлғаюын, плазматикалық Тюри жасушаларының пайда болғанын (10% дейін), ЭТЖ жоғарылағанын анықтайды.
- Бөртпе сүзектің өршу кезеңінің соңында дене қызуы көбінесе ремиттерлеуші сипат алады. Аурудың 12-14-ші күні критикалық немесе кризолитикалық түрде қалыпты деңгейге төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |