Бастауыш сынып мұғалімі
Жумаева Айнур
Кудайбергеновна
Білімі: жоғары
Көкшетау қазақ педагогика
колледжі,бастауыш мектеп мұғалімі,1996ж.
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университеті
математика пәні мұғалімі, 2007 ж
Санаты: 2 санат
Еңбек өтілі: 17 жыл
Осы мекемеде: 2,5 жыл
Аннотация
№1 Ақсу орта мектебінің ,бастауыш мектеп мұғалімі Жумаева Айнур Кудайбергеновна «Сабақта жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушының ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында педагогикалық іс- тәжірибесін жинақтап таратты. Педагогикалық тәжірибенің мақсаты баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады. Жаңа әдіс-тісілдерді сабақтарында кеңінен қолданып, оқушылардың білімге деген құштарлықтарын арттыруға өз үлесін қосуда. Осы тұрғыда білім сапасын арттыру мұғалімнің шеберлігі мен бала танымының кеңеюі, дамуының негізгі белгілерін –дербестігін, проблемалық ситуацияны шешу, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауын біріктірумен бірге жүйелі жұмыс жүргізуді мақсат етеді. Қазіргі таңда мұғалімнің алдыңда тұрған басты мақсат оқушыға тек сапалы білім берумен ғана шектелмей, оны келешек өмірге дайын азамат ретінде қалыптастыру керек. Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Айнур Кудайбергеновна жаңа технология элементтерін өз сабақтарында қолданып жүр. Уақытты үнемдеуге, оқушылардың білімдерін нығайтуға, жинақтауға, пысықтауға өте тиімді.
КІРІСПЕ
Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп,ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, тиімді болары сөзсіз. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге математика пәнінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибесінде жиі қолданады. Осы технология бойынша арнайы курстан өтті. Осы мақалада «жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушының сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын, АКТ-ны кеңінен қолдану мүмкіндіктерін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, ауызекі сөйлеу тәсілін қолдану арқылы оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогтік қарым-қатынас жүйесін дамыту» технологиясының басты ерекшеліктері бастауыш сыныпта қолданылу жолдарына тоқталмақ.
Алдымен, бұрыннан өткізіп жүрген дәстүрлі сабақтар мен қазіргі жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқады.
Дәстүрлі сабақтар үрдісінде
Мұғалімнің әдістері. Оқушының іс-әрекеті
1. Тақырып түсіндіреді.
2. Тақырып бойынша есептің шығару жолын түсіндіреді.
3. Есептің шығару жолын анықтайды,талдайды, шығарады.
4. Мұғалім шығарған есептерін тексереді.
5. Тақырып бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен тапсырманы орындайды.
6.Мұғалім бағалайды.
Жаңа технология элементтерін қолдана отырып өткізілген сабақтар үрдісіндегі өзгерістер және нәтижесі.
Мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушының іс-әрекеті
1. Топқа бөліп, ой қозғайды.
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды.
3. Тақырыптағы ең құнды мәселелерді анықтау ұсынылады,зерттеледі.
4. Ақпараттық құралдардың ерекшелігін тануға бағыттайды,салыстырады.
5. Ойларын жазуды ұсынады.
6. Қорытынды жасауға бағыттайды
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы диалог негізінде оқыту және оқу болып табылады.
Оқыту негізін түсіну;
Жүйелі ойлануға үйрету;
Шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау.
Ақпараттық –коммуникациялық технология /АКТ/
Ақпараттық –коммуникациялық технологиясы бағдарламаның өн бойында қарастырылады:
Сабақтарда АКТ-ны оқытудың тиімділігі –жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану арқылы оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту және алған білімдерін сыныптан тыс жерде тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
«Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасына негізделген сабақтар оқушыларды жан-жақты және тереңірек ашуға, оларға бағыт-бағдар беріп, әсер етуге, оқушы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Мұндай сабақтарды өту барысында сабақтың мақсатын нақтылап, , оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамытуға баса назар аударамын.
Жаңа технология элементтерін қолдана отырып өткізілген сабақтарында оқушы өзін-өзі еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын күшейтеді. Кейде өзгеге көмектессе, кейде өзіне көптің көмегі қажет болады.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? Сын тұрғысынан ойлау – белгілі бір идеяларды қабылдай отырып оның неге қатысты екендігін зерттеу.
Қызығушылықы ояту кезеңінде «Миға шабуыл», «Зерделеу», «Ой тізбелеу сандықшасы» «Ойлану, жұпта талқылау», «Лездеме», «Тірек сөздер», «Кластер» т.б.;
1.«Ой тізбелеу сандықшасы». Білім алушылар өткізілгелі отырған тақырып бойынша не білетіндерін жазып, сандықшаға жинақтады. Өз айтқандарын мысалмен дәлелдеді. Толық және дәлелді жауап беру талап етілді.
2.«Лездеме» стратегиясы. Оқушылардың білімімен қатар, алғырлығын, ойының шапшаңдығын бақылау мақсатында жүргізіп отырамын. Үйге берілген тапсырма негізінде немесе жаңа сабақ жайлы не білетіндерін байқау барысында сұрақтар қойып, тез және ұтымды жауап беру керектігін ескертемін.
3. Мағынаны ажыратуда «Түртіп алу», «Негізгі идеяны суреттеу», «Кубизм», «Сандар сөйлейді», «Әлемді шарлау», «Блумның сұрақ қою стратегиясы», «Көп деңгейлі сұрақ», «ЖИГСО», «Логикалық тізбек» т.б.;
4.« Түртіп алу» страегиясы. Инсерт кестесін қолданамын. Бұл тәсілдің ерекшелігі: оқушылар әр сөзге анықтама береді, оның мағынасына мән беріп, сипаттама жасайды.
5. Ой толғаныс кезеңінде «Венн диаграммасы», «Семантикалық карта», «Білемін, білгім келеді, үйрендім», «Пікірталас», «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап», «Идеялар тақтасы» т.б. стратегияларды әр сабақтың ерекшелігіне лайықты қолданамын.
6. «Түйінді сөздер» стратегиясы. Бұл ситуацияны ойтолғаныс сатысында қолданған қолайлы. Ойды жинақтау мақсатында геометрия сабағында оқушыларға «Бүгінгі сабағымыздың негізгі түйіні болған сөздерді атаңдар» деп тапсырма беріледі.
Сонымен қатар бастауыш сыныптарының математика сабағында «Ойын технологиясы» кеңінен қолданылады.
Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл–күйі ,баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады.
Ойын- әрекеттің қажетті түрі арқылы оқушының жинақталған өмірлік тәжірибесі көрінеді, қоршаған ортаға деген көзқарастары терендейді және бекітіледі, оларға қажетті табысты еңбек әрекеттері мен дағдылану, ұйымдастырушылық қабілет тәрбиеленеді.
Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «Ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі.
«Сақина тастау» ойыны. Дидактикалық мақсаты: берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны өзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады. Ойынды басқара жүріп, оқушының жеке басының ерекшелігіне, оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасаймын.
Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырамын.
« Дамыта оқыту » технология
« Бала дамудың ең шарықтау шегі –
бұл тіл мен ойдың шығармашылығы »
Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Даму нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі үйренуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді. Оқыту дамытудың алдында жүруі керек, дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор. Дамытудың тиімділігі үшін: кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы, теориялық білімнің жетекші ролі, жоғарғы қиындық деңгейінде оқыту, материалды меңгеруде жедел ілгерілеу, оқу үрдісін баланың сезіну, оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстары болуы керек.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
АКТ модулінің мақсаты оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, АКТ-ны сабақ процесінде тиімді пайдалануға дағдыландыру. Күтілетін нәтижем: таңдаған технология арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары, іс-әрекеттері одан әрі дамиды. АКТ-ны тиімді пайдалануға үйренеді. Қазіргі заманғы инновациялық технологиялар туралы жаңа идеялар қалыптасады. Осыған байланысты 1-ші сыныпта АКТ-ны қолданып өткізген сабағыма тоқталамын.
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 7 санын қосу және азайтудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Білімділігі : Сандар құрамы туралы білімдеріне сүйену, бөліктер бойынша қосу мен азайту амалдарының өзара байланысын нығайту;
Дамытушылығы: Ой –өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойын арқылы қиялын, математикаға қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, ұжымдылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Түрі: Саяхат сабақ
Әдісі: ойын, сұрақ-жауап, баяндау.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, таңбалар, слайдтар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а/ Оқушыларды және олардың оқу-құралдарын түгелдеу, сыныпты сабаққа дайындау.
ә/ Психологиялық дайындық.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп біліп,
Өсе берсін санамыз.
-Балалар, бізге қонаққа кімдер келген?
-Бүгінгі сабаққа Дара мен досы Айдос келіпті.
-Дара кім?
-Саяхатшы.
-Бүгін Дара бізді өзімен бірге саяхатқа шақырып жатыр екен. Саяхатқа шығамыз ба?
ІІ Үй жұмысын тексеру:
а/ №5 есепті ауызша тексеру
б/ Өткенді пысықтау.
«Нысанаға тигіз» ойыны арқылы сендердің қандай мерген екендеріңді байқайық.
3+4═ 7 5+2+3═ 10
6-3+4═ 7 3+6-5═ 4
ІІІ Жаңа сабақ.
-Олай болса жолға шығуға дайындалайық. Алдымен жол дорбамыздан керекті
оқулықты алып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын біліп алайық.
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «7 санын қосу және азайту».
- 7саны туралы не білеміз?
Достарыңызбен бөлісу: |