Тақырыбы: Салт-дәстүрді білесің бе?



Дата15.09.2017
өлшемі389,3 Kb.
#33069
21.02.15

Тақырыбы:    Салт-дәстүрді білесің бе?  


 Мақсаты: Ұлттық салт- дәстүр туралы алған білімдерін, білгендерін тереңдету арқылы халық даналығын ұрпақ санасына сіңіру.
Білімді болуға, адамгершілікке, шапшаңдыққа , намысты, жігерлі    болуға тәрбиелеу.
 Ұлттық тәрбие туралы естерінде қалдыру. Сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту, тәрбиенің ерекшелігін үйрету. Қызығушылығын арттыру.
Түрі:                   электронды ойын
Әдісі:                  сұрақ- жауап, сайыс, топтық жарыс
Көрнекілігі:       компьтер, тасымалдағыш құрылғы, слайдтар, әріптержазылған қиықшалар, эмблемалар
                                      Сайыстың барысы
І.   Ұйымдастыру
ІІ.  Кіріспе
Топты таныстыру
Тойбастар
ІІІ. Негізгі бөлім
1. Дыбыстар сөйлейді  «Сөз тапқанға …. »
2.  Ойлан тап «Тапқыр болсаң  …»
3.  Қоржын сұрақтары  «Жүйрік болсаң …»
4.  Қолқа салу  «Ойлы болсаң …»
5.  Сөзді жұмбақта  «Шебер болсаң …»
ІҮ. Қорытынды
       1. Сүйінші
2. Бата беру  І.     Қазақтың  салт- дәстүрінде көп мән – мағына бар. « Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дегендей, көп әдепті де, тәртіпті де, тәрбиені де қазақтың салтынан үйренуге болады. Себебі, салт-дәстүр тұнып тұрған тәрбие. Бүгінгі ойынымыздың негізгі тақырыбы сол әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты болады. Ойын барысында ойыншыларымыз сол
тұрғыдан білімдерін, білгендерін көрсетеді.
ІІ. Әділ қазылармен таныстыру:
«Тапқыр болсаң, тауып көр», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр» -деп кезекті ойыншыларға береміз.

Ән Қазағымның дәстүрлері - ай


ІІІ. Негізгі бөлім

1.     Дыбыстар сөйлейді:  Алдымен дыбыстарды таңдап алады.  Оқушылар


өздеріне тиісті дыбыстан басталатын сөзбен жауап беру керек. Ол   нақты және тапқырлықпен  берілген жауап болу керек
Д:  1. Киіз үйдің көлемі қандай?
2.  Қате кетсе не істейсің?
3.  Досыңның мінезі қандай?
4.  Тіл үйрену қиын ба?
5.  Болашақта кім боласың?

Ә:  1. Алфавит неге ауысты?


2.  Киіз басушы кімдер?
3.  Өз бетінше қазақша үйрене
ала ма?
4.  Әнді кімнен үйренесің?
5. Зергерлердің жасаған
бұйымдары?

С:  1.  Қайда тұрасың?


2.  Қалай күлесің?
3.  Туған жеріңді қалай сүйесің?
4.  Сен жақсы көретінмамандық?
5.  Досың қазақша біле ме?

Т:   1.  Қазақша кітап оқисың ба?


2.  Ән айтасың ба?
3.  Қалай сөйлейсің?

4.  Ұлттық киімдер білесің бе?


5.  Адамға алдымен не керек?

Ү:   1. Жақсы оқисың ба?


2. Музыка тыңдайсың ба?
3. Білімді кім  береді?
4. Қыз балаға не береді?
5. Жаңалықты қайдан
тыңдайсың?

 Р:   1. Аспаздың жұмысы ұнай ма?


2. Сен қате жазасың ба?
3. Жаңа жылды қайда
тойлайсың?
4. Анаңа не тілейсің?
5. Кітаптарыңды қалай
ұстайсың?

2.Ойлан тап. «Шілдехана»  сөзі топтарға беріледі. Барлық топ белгіленген


уақыт ішінде сөздер құрап шығару керек. Нәтижесінде мағынасына, сөз санына қарай ұпай беріледі.

Бүгінгі сайысымыз қызықты өту үшін келесі кезекті танымдық ойынға береміз. Мына қоржында  түрлі-түсті асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржынана кез-келген бір асықты алып шыққан санға байланысты сұрақ қоямыз, кәне кім жылдам жауап береді екен…. Бастаймыз.

Сары 3  асықтың сұрағы: Үш мақсатты ата?
1)    Жол мақсаты-жету
2)    Дау мақсаты-біту
3)    Сауда мақсаты-ұту
Қызыл үш асықтың  сұрағы: Үш арсызды ата?
1)    Ұйқы арсыз
2)    Күлкі арсыз
3)    Тамақ арсыз
Көк 3 асықтың сұрағы:Жігіттің  үш жақын жұртын ата?
1)    Ағайын жұрт
2)    Нағашы жұрт
3)    Қайын жұрт
Сары 5 асықтың сұрағы: Бес дұшпанды ата?
1)    Өсек
2)    Өтірік
3)    Мақтаншақ
4)    Еріншек
5)    Бекер мал шашпақ
Қызыл 5 асықтың сұрағы: Бес асылды ата?
1)    Талап
2)    Еңбек
3)    Терең ой
4)    Қанағат
5)    Рақым
Көк 5 асықтың сұрағы: Бес байлықты ата?
1)    Әуелі байлық денсаулық
2)    Екінші байлық –еркіндік
3)    Үшінші байлық-тіл байлық
4)    Төртінші байлық-қайрат күш. Ақ жаулық
5)    Бесінші байлық- балаңыз
Сары 7 асықтың сұрағы: Жеті жұтты ата?
1)    Құрғақшылық
2)    Мал жұтау
3)    Оба
4)     Өрт
5)    Соғыс
6)    Жер сілкіну
7)    Сел, тасқын
8)    Қызыл 7  асықтың сұрағы: Жеті қазынаны ата?
1)    Ер жігіт
2)    Сұлу әйел
3)    Ілім-білім
4)    Жүйрік ат
5)    Құмай тазы
6)    Қыран бүркіт
7)    Берен мылтық
Көк 7  асықтың сұрағы: Жеті жетімге нелер жатады?
тыңдаусыз қалған сөз-жетім
Киюсіз қалған бөз жетім
Иесіз қалған жер жетім
Басшысы жоқ ел-жнтім
Аққу қазсыз ел-жетім
Елінен айырылған ер-жетім
Замандасы қалмаса ,бәрінен де сол жетім.

4. Қолқа салу-  екі топ бір -біріне  үйден дайындап әкелген сұрақтарын


қояды? Сұрақ қою реті  кезекпен  болады. (3-сұрақ)
5.Сөзді жұмбақта»  ойыны. Бұл кезеңде  екі топ жүргізушіден сөздер
алып, атын атамай , тек түсіндіру керек. Жауабын көрермен шешкенде, келесі сөзді түсіндіруге болады.
Алынған сөздер:    бесік, айран, қымыз, бауырсақ, нағашы, немере,  киіз үй

ІҮ.  Қорытынды

1.     Сүйінші.  Әділқазылар ұпай санын әр ойын бойынша айтып, жалпы нәтижесін хабарлайды. Жоғарғы ұпай саны – 10, ең кіші ұпай саны – 5. Марапаттау.
2.     Бата беру
Б А Т А
Еліңнің елеулісі бол!
Халқыңның қалаулысы бол!
Ақылыңа көркің сай,
Ата-анаңның самғар құсы бол!

Иә, жаратқан жар болып,


Сендерді бәле-жаладан сақтасын!
Елің сені мақтасын!
Терең білім, терең ой ,
Сеннен алшақ жатпасын!
ӘУМИН
Сөз соңы:  Дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сақтап жүре беріңіздер!
Рахмет! Сау болыңыздар!


Қыз бала бір жасқа толғаннан кейін қарын шашын алып, екі шекесіне екі шөкім шаш қалдыратын болған. Оны «тұлым шаш», «тұлымшақ» деп атаған. Тұлымды да қыз балаға көз тимесін, сұлу, сымбатты болып өссін деген ниетпен қойған. Осы жастан бастап қыз баланың шашын алмай, қарын шаштан қалған тұлымын кейін жетіліп өскен шашына қосып өріп өсірген.

Қыздар шашын көбіне қос бұрым етіп өріп, бас киімсіз-ақ жүре беретін болғанымен, бойжеткендер тұлымды кәмшат бөрікке, үкілі тақияға, моншақты сорабаға жарастыра киген. Әйел күйеуге шығарда қыздарының тұлымы жиналып, бұрымына қосылып өрілген. Келін болған соң самай шашын басқаға, әсіресе ер адамдарға көрсетпеу үшін кимешек киіп, орамал тартқан.

Сонымен қатар, әйел адамның тұлымы жақыны қайтыс болғанда жайылған. Өлген адамның әйелі, қыздары, туған анасы, қарындастары, келіндері шаштарын жайып жіберіп, бүйірлерін таянып, қара жамылып, жылаумен болады. Ежелде өлген адамның, әйелінің, туған қыздарының шаштарын ауыл әйелдері тарқатып, жаяды да жетісі өткен соң қайтадан өріп беретін болған. Ал келіндері болса, олар шаштарын жетісіне дейін өздері тарқатып, керек болғанда өздері өріп алатын.

Сары 3  асықтың сұрағы: Үш мақсатты ата?


1)    Жол мақсаты-жету
2)    Дау мақсаты-біту
3)    Сауда мақсаты-ұту
Қызыл үш асықтың  сұрағы: Үш арсызды ата?
1)    Ұйқы арсыз
2)    Күлкі арсыз
3)    Тамақ арсыз
Көк 3 асықтың сұрағы:Жігіттің  үш жақын жұртын ата?
1)    Ағайын жұрт
2)    Нағашы жұрт
3)    Қайын жұрт
Сары 5 асықтың сұрағы: Бес дұшпанды ата?
1)    Өсек
2)    Өтірік
3)    Мақтаншақ
4)    Еріншек
5)    Бекер мал шашпақ
Қызыл 5 асықтың сұрағы: Бес асылды ата?
1)    Талап
2)    Еңбек
3)    Терең ой
4)    Қанағат
5)    Рақым
Көк 5 асықтың сұрағы: Бес байлықты ата?
1)    Әуелі байлық денсаулық
2)    Екінші байлық –еркіндік
3)    Үшінші байлық-тіл байлық
4)    Төртінші байлық-қайрат күш. Ақ жаулық
5)    Бесінші байлық- балаңыз
Сары 7 асықтың сұрағы: Жеті жұтты ата?
1)    Құрғақшылық
2)    Мал жұтау
3)    Оба
4)     Өрт
5)    Соғыс
6)    Жер сілкіну
7)    Сел, тасқын
8)    Қызыл 7  асықтың сұрағы: Жеті қазынаны ата?
1)    Ер жігіт
2)    Сұлу әйел
3)    Ілім-білім
4)    Жүйрік ат
5)    Құмай тазы
6)    Қыран бүркіт
7)    Берен мылтық
Көк 7  асықтың сұрағы: Жеті жетімге нелер жатады?
тыңдаусыз қалған сөз-жетім
Киюсіз қалған бөз жетім
Иесіз қалған жер жетім
Басшысы жоқ ел-жнтім
Аққу қазсыз ел-жетім
Елінен айырылған ер-жетім
Замандасы қалмаса ,бәрінен де сол жетім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет