Екінші топқа - өзінің ішкі логикасы және құрылымы мен биліктің тұрақтылығын нығайтатын негізгі әлеуметтік жүйе секілді дамитын саяси билікті бейнелейтін саяси - әлеуметтік зандылықтар
Екінші топқа - өзінің ішкі логикасы және құрылымы мен биліктің тұрақтылығын нығайтатын негізгі әлеуметтік жүйе секілді дамитын саяси билікті бейнелейтін саяси - әлеуметтік зандылықтар.
Үш інші топқа - саяси - психологиялық заңдылықтар жатады. Олар билік пен жеке адамның қатынастарын көрсете отырып, саяси лидердің билік тұтқасын ұстап және оған жете білуінің маңыздылығын паш етеді.
Саясаттанудың әдіс-тәсілдері - Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән- мағынасын түсініп- білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуші ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т.б. әдістер жатады. Саясаттанудың қызметі - Саясатттанушылар өмірде төмендегідей қызмет атқарады: гнесоологиялық яғни, саяси өмір шындығын т.сіндіру, саяси болжам жасау, саяси теорияларды тұжырымдау, қортынды жасау; аксеологиялық яғни, саяси құрылысқа, идеологияға, институттарға, саясатқа қатысушыларға демократиялық, саяси мәдениетті қалыптастыру ; саяси өмірді рационалдандыру, яғни саяси құрылымдарды, саяси реформаларды және жаңартуларды теориялық тұрғыдан дәлелдеу ; тәрбиелеу, яғни азаматтардың саяси мінез – құлқына тікелей әсер ету.
Осы айтылғандардан шығатын қорытынды саясаттану қоғам өмірінде де оның әрбір мүшесінің қызметінде де аса зор роль атқарады, әрбір азаматтың қоғамдағы өз орынын табуына, өз қалауы мен талап - тілегін іске асыруына көмектеседі.