Тақырыбы: Ш. Уәлиханов философиясы, ғылымға қосқан үлесі



бет2/5
Дата25.05.2022
өлшемі2,63 Mb.
#144897
1   2   3   4   5
Байланысты:
Фило 6
10 сынып, А Байтурсынов, А Байтурсынов, 5 В сынып дш №94 5.05.2022г., Variant 2 (1), Variant 8 (1), c) Complete the dialogue. Use contractions if possible A Hi. I’m Mark. B Hello Mark. My name - Brainly.lat

Осы тұрғыдан алғанда, Шоқан Уәлихановтың көшпенді қауымның діни наным- сенімі, салт-дәстүрі және мифологиясына арналған еңбектері айрықша мәнге ие. Бұлардың қатарында «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Қырдағы мұсылмандық туралы», әсіресе, күнделік – жазбалар сияқты құнды еңбектер бар. Шоқан күнделік-жазбаларында өзінің саяхатын жазғандай суреттеп жатпайды. Ол мұнда өзі кездестірген тайпалардың мәдениеті мен тұрмысы, діни сенім-нанымы және дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуы, әртүрлі халықтар арасындағы өркениет айырмашылығы жөнінде ой толғайды.

  • Осы тұрғыдан алғанда, Шоқан Уәлихановтың көшпенді қауымның діни наным- сенімі, салт-дәстүрі және мифологиясына арналған еңбектері айрықша мәнге ие. Бұлардың қатарында «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Қырдағы мұсылмандық туралы», әсіресе, күнделік – жазбалар сияқты құнды еңбектер бар. Шоқан күнделік-жазбаларында өзінің саяхатын жазғандай суреттеп жатпайды. Ол мұнда өзі кездестірген тайпалардың мәдениеті мен тұрмысы, діни сенім-нанымы және дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуы, әртүрлі халықтар арасындағы өркениет айырмашылығы жөнінде ой толғайды.

Шоқан Уәлиханов философиясындағы діннің орны

  • Шоқан Уәлихановтың философиялық көзқарасы айқындалатын еңбектерді сараптай келе, оның діндар болмағанын байқау қиын емес. Шоқан өз зерттеулерінде материалистік пайымды ұстанды. Мұндай көзқарас сонау Омбы кадет корпусында оқып жүргенде жақын араласқан сол кезеңдегі алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерінің ықпалымен қалыптасқаны мәлім. Костылецкий, Ждан-Пушкин, Гонсевский сияқты Шоқанның ұстаздары оқыған ортада шапшаң тарап жатқан озық ойлы көзқарасты ұстанды. Соның ықпалымен Шоқанның дүниетанымы өмір мен тіршілік туралы ырымшыл және мистикалық түсініктерден арылды.

Бұл кейінірек оның шамандық туралы еңбегінде көрініс тапты. Шоқанның «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты мақаласы шын мәнінде этнографиялық талдау емес. Зерттеу көшпенділердің өмірі мен тұрмысындағы мистикалық түсініктерді материалистік тұрғыдан түсіндіруге арналған. Ол «Шамандық бір жағынан, табиғатты жалпылай немесе жекелей қадір тұту. Адам табиғаттың әсерімен өмір сүреді, әрекет етеді. Осы жағынан алғанда шамандық ұшқары материализм ретінде көрінеді» деп жазды. Осы тұжырымдамадан нағыз философия, нақтырақ айтсақ, Шоқанның пәлсапалық тұжырым жасауға қарым- қабілеті бар екені байқалады.
Философиялық тұрғыдан қарағанда Шоқанның исламға деген көзқарасы да маңызды. Дайындықсыз оқырманға Шоқан мұсылмандық ілімге, материалистің кез келген дінге қалай қарайтыны сияқты, тіпті, жеккөргенін жасыра алмайтындай боп көрінуі де мүмкін. Шынтуайтқа келсек, Шоқан патша жандайшаптары тарапынан қазақ даласына көптеп әкелінген татар молдаларын жақтырмады. Шоқан осы молдалардың қазақтардың бойына сіңірген исламдық үлгіні өз халқына жат деп есептеді. Ол өзінің өкпе-ренішін білдіргенімен, аталған мәселеге философиялық тұрғыдан қарады. Шоқан «Жалпы қазақ халқын еуропалық өркениетке жетер жолда, орыстардың византиялық кезеңді бастан кешіргені секілді, татар дәуірін бастан өткеретін қайғылы болашақ күтіп тұр» деп жазды. Ол тарихтағы тәжірибені алға тарта отырып, өркениет жолымен дамыған жағдайда қоғам өмірінде қалайда діннің рөлін күшейтуге тура келетініне тоқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет