Тақырыбы: Ш. Уәлиханов философиясы, ғылымға қосқан үлесі



бет3/5
Дата25.05.2022
өлшемі2,63 Mb.
#144897
1   2   3   4   5
Байланысты:
Фило 6

Туған халқының мүддесі

  • Шоқан Уәлихановтың философиялық көзқарасы қазақ халқының өркениет жолымен даму құқығын қорғау жолында айқын байқалады. Бұл, әсіресе, оның «Сот реформасы туралы жазба» атты еңбегінде көрініс тапты.
  • «Біздің халқымыз бай әрі поэтикалық тұрғыдан мазұнды әдебиетке ие. Ол (әдебиет) шығыс шығармаларына емес, үндігерман эпостарына жақынырақ. Сондай-ақ, ең маңыздысы, біздің қоғамдық дамудың формалары жоғары, мәдениетті өркендеудің нәтижелеріне балама болып табылса да, сол табиғи қалпында жатыр. Біздің болашаққа деген үмітіміз осы дерекке арқа сүйейді» -деген Шоқан орыс билігін қазақ даласында реформаны байыппен жүргізуге шақырды.

Еңбектері
Ағартушылық мәдениеттегі негізгі тетік — адам. Шоқан сыртқы әлемге “дала адамын” түсіндіргісі келді. Осы мақсатпен ол қазақ және қырғыз халықтарының миф-аңыздарын, салт-дәстүрін, діні мен тілін зерттейді. Шоқан жазған “Үлкен қырғыз – қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері”, “Қазақтардағы жамандықтың іздері”, “Қашқария туралы жазбалар”, “Сахарадағы мұсылмандық туралы” және т.б. ғылыми еңбектерде қазақ және басқа түрік халықтарының мәдениетіне энциклопедиялық талдау берілген.
Қазақ даласында ағартушылық көшін бастаған аса дарынды ұлы тұлға Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов (1835-1865жж) болды. Өзінің қысқа өмірінің шеңберінде ол өте көп істер тындырып, тек қана қазақ халқының өткен тарихын, әдет-ғұрпын, жалпы руханиятын зерттеп қана қоймай, сонымен қатар сол кездегі нақтылы өміршең мәселелерге ат салысып, қалың бұқараның мүдделерін аса батылдықпен қорғап, соның жолында "аққан жұлдыздай" өкінішке қарай ерте жанып кетті.
Шоқан Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы бойынша жазба» атты еңбегінде былай дейді. «Еуропада әлі күнге дейін көшпелі тайпаларды жауыз шапқыншылар және жүгенсіз жабайылар деп ұғатын жалған түсінік бар. Көшпелі моңғол мен қырғыз (қазақ) туралы түсінік дөрекі әрі малға тектес варвармен тығыз байланысты. Ал осы варварлардың басым бөлігінің жазбаша не ауыз әдебиеті, дастандары бар».
Шоқан туған халқының өмірі мен тарихына арналған еңбектерінде қазақ қоғамының әлеуметтік және мәдени құрылымының ерекшелігіне, көшпенділердің дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен факторларға үнемі тоқталып отырды. Тіпті, қазақ тілінің ерекшелігі сияқты мәселеге қазақ қоғамындағы моральдық-адамгершілік және дәстүрлі факторлар тұрғысынан қарау керектігіне назар аударды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет