Тақырыбы: Шет тілін оқытудың психологиясы



бет3/5
Дата12.03.2017
өлшемі0,72 Mb.
#11488
1   2   3   4   5

Сөйлеу дегеніміз – тіл арқылы ойдың басқа біреуге жеткізілуі, ал сөйлем – ең басты тілдік единициалардың бірі, толық коммуникативтік қызметі бар синтаксистік единица деп жазады тілші – ғалым К.Аханов өзінің «Тіл білімінің негіздері» атты кітабында.

М.Жұмабаев: Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа шығара аламыз деп жазады . Сөйлеу қалай пайда болады? – деген сауалға тоқталатын болсақ, жай қарағанда сөйлеу арқылы қатынас жасау оп-оңай сияқты. Біреу сөйлейді, екіншісі тыңдайды, сөйтіп өзара ұғысады. Сөйлеу дегеніміз–тілдік материалдар арқылы жүзеге асу, тілдік заң ережелеріне, тілдік нормаға бағыну. Сөйлеу — әрекет, сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы. Сөлеу – тілдің жаны, тіршілігі. Шебер сөйлеу де өнер. Сөйлеу білмегендер: күлдіреш деп күйдіреді; білдіреш деп бүлдіреді; жұбаташ деп жылатаду; қуанташ деп қуартады.

Сөйлеу тілінің дамуы -өте күрделі процесс. Ол оқушының психикалық дамуына, әсіресе ақы-ой дамуына тікелей байланысты. Тірі организм үздіксіз дамып өзін қоршаған ортаға бейімделіп отырады.

И.П.Павловтың іліміне сәйкес, даму дегеніміз ішкі нерв процестерінің және қоршаған шындық өмірдің адамға үздіксіз көрсетіп отырған сыртқы ықпалдарының өзара әрекеттестігі, бұл процесс қоршаған орта мен организмнің теңдесуі болып саналады. Баланың сөлеу қабілетінің дамуына үш негізгі фактор әсер етеді.



  1. Тұқым қуалаушылық (ішкі сала)

  2. Орта (сыртқы сала)

  3. Тәрбие (ішкі және сыртқы сала)

Биологиялық тұқым қуалаушылық пен әлеуметтік ортаның баланың сөйлеу қабілетін дамытуға әсері зор. Қабілеттілік тәрбие арқылы жетіледі, іске асады.


Тақырыбы: Шетел тілі мұғалімінің педагогикалық қызметінің психологиялық негіздері
Республикамыздағы саяси және экономикалық өркендеудің мәнділігі, нарықтық қатынастар жолы, ұлттық – мәдени тұрғыдан даму білім беру жүйесіне де ерекше талаптар жүктеуде.
Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбие мен оқыту үдерісі. Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудың өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру деңгейлері ажыратылатыны белгілі.
Қазіргі уақытта ұрпақтан-ұрпаққа өмір тәжірибесін беруді жүйелі жүргізетін - мұғалім. Ал жастарды өмірге дайындау, қоғам талап етіп отырған деңгейде мұғалімдерді дайындаудың қажеттілігі ұдайы өзгерісте болады. Осыған байланысты А.Байтұрсыновтың мектепке керектісі білімді, әрі педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім екендігі жөніндегі айтқан пікірі бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.
Психологиялық-педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда (Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, И.В.Страхов, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков т.б.) педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі. Олар: дидактикалық, академиялық, перцептивті, сөйлеу (экспрессивті), ұйымдастырушылық, коммуникативті, конструктивті, қолданбалы қабілеттер. 

Мектеп мұғалімдері оқушылардың білімі мен іскерліктерін қалыптастыруда бірқатар іс-шаралар жүзеге асырады. Олар: гностикалық, практикалық (пән ерекшелігіне байланысты іскерліктер), зерттеушілік.
Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы зерттеу жұмыстары үшін көптеген ғалымдардың еңбектері құнды болып табылады. Зерттеудің төмендегідей бағыттары зерделенген: педагогикалық қабілет (Н.Ф.Гоноболин), педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы (Н.В.Кузьмина), мұғалімнің жеке тұлғасы (В.А.Сластенин, А.И.Щербаков), педагогтарды кәсіби іріктеу (Р.М.Хмелюк), педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру (И.П.Раченко), педагогикалық шеберлік (Ю.П.Азаров), педагогикалық іс-әрекет шығармашылық үдеріс ретінде (В.А.Кан-Калик), мұғалімнің политехникалық даярлығы (Ю.К.Васильев), т.б. Жекелеген оқу пәні мұғалімдерін даярлау қазіргі таңда да кең көлемде жүргізілуде.
Педагогикалық іс-әрекет саласына “технология” деген сөзді енгізу “индустриялдық” технология (Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У.Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін (Т.А.Ильина) ұйымдастыруға, сонымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді ұстанымдары мен әдістерін анықтауға бағытталған. 
Сондай-ақ жаңа педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие үдерісінің нәтижесінде оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. 
“Жаңа педагогикалық технология” сөз тіркесін пайдалану үшін оның мәнін анықтап алу керектігі туындайды. Ол үшін алдымен “технология” ұғымының мазмұны жөнінде немесе ұғымының шығу мен қолдану аясын білу керек.

Педагогикалық, психологиялық сөздікте “Педагогикалық технология – педагогикалық үдеріс пен оған қатысушылар іс-әрекетін құраушы кезені, жәй - күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік жұмысы. Ақпараттық технология да педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі” болып табылады деп мазмұндалған.

Н. Ф.Талызина оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады деп айта келіп, оның құрылымын көрсетеді: оқытудың мақсаты; білім берудің мазмұны; педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту үдерісін ұйымдастыру; оқушы, оқытушы; әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі). 
Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың Ж.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, Қ.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде білім беру жүйесінде қолданылуда. Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар.

Оқушыларға шетел тілін оқыту үшін болашақ мұғалімнің өзі төмендегідей негізгі құзыреттіліктерді игеруі тиіс: лингвистикалық; коммуникативтік; лингвоелтану; кәсіби-бейімді (кәсіби-педагогикалық мақсат аясында), т.б.

Қазіргі уақытта болашақ шетел тілі мұғалімінің І курстан бастап даярлығын қамтамасыз ететін негізгі тақырыптар төмендегілер болып табылады: курстың сөздік тақырыптары (қазіргі қоғамдағы отбасы; қазіргі заманғы үй-тұрмыс; еліміздегі және шетелдердегі студенттердің оқуы мен өмірі; оқып-үйренетін тілдің елдері мен Қазақстандағы интернационалдық және ұлттық мерекелер; адам өміріндегі табиғат, жыл мезгілдері, оқып-үйренетін елдің және Қазақстанның климаты; қазіргі заманғы адамның киімдері, дүкендегі сатып алу, қазіргі заманғы мода); сөздік іс-әрекет түрлері бойынша жұмыс мазмұны мен қорытынды талаптар (әңгімелесу, диалогтық сөйлесу, монологтық сөз (аудирование, оқу), жазу және жазбаша сөз), т.б.
Орта мектепте шетел тілін оқытудың мазмұны төмендегі элементтерден тұрады: тақырыптар (денсаулық, білім, жағрафия және қыдыру, жол жүру, т.б.); тілдік материалдар (лексика, грамматика), т.б.
Жоғары оқу орындарындағы пән бағдарламаларының мазмұны мектеп қабырғасындағы оқытылатын шетел тілі пәнімен байланысын, сабақтастығын және мектеп қабырғасындағы тақырыптарға сәйкес оқу тақырыптарын (оқу материалдарын) бір пән толық қамти бермейтінін көруге болады.
Зерттеуде байқағанымыз аз пайыз студенттер ғана шетел тілін оқытуға дайынмын деген ойын білдірді. Оның себептерін кейбіреулері оқыту әдіс-тәсілдерін білмейтінін жазса, кейбірі ағылшын тілінде еркін сөйлеудің толық мәнді игермеуін айтады, кейбіреулері мектептің оқу пәні бағдарламаларымен, оқулықтарымен жұмыс жасамағандығын мазмұндайды. Ал, шамамен 29% студент өзіне шетел тілін оқытатын оқытушылардың оқыту әдістемесіне қанағаттанарлық ойда еместігін білдірді.
Студенттермен жүргізілген зерттеу жұмыстарын талдау шет тілі мұғалімдерін кәсіби даярлау бойынша жоғары оқу орындарында шешілмей жатқан бірқатар мәселелердің барын аңғартады. Олардың ішінде, бағдарламаның бағыттары, бөлімдері бойынша хрестоматиялардың, оқу-әдістемелік құралдардың, не қосымша еңбектердің, арнайы жабдықталған кабинеттердің, т.б. жетіспеуі - шетел тілін жоғары оқу орындарында жүйелі оқытуда қайшылықтар тудырып отыр. Олар: тек теориялық мағлұматтардағы оқу материалдарын толық көлемде беруі, практикалық іс-әрекеттерге (тілдік қарым-қатынасқа байланысты) қатысты іскерліктерді игермеуі, т.б.
Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып белгіленген оқыту үдерісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдерді, формаларды көбінше жаңашыл, инновациялық деп атайды.
Кейбір зерттеушілер оны “өзгеріс“ деген терминмен анықтайды. Соның бірі И.П.Подласый ХХ ғ. 80-жылдары кәсіби түрде, алдымен журналшылар, содан кейінгі кездерде педагогтар “инновация” сөзін пайдалана бастағанын жазады. Сондай-ақ инновация (ағылшынның іnnovatіon - нововведение, новация) – бұл ескі жүйенің өзгерісі деп қарастырады. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез келген өзгерісті сипаттайды.

Инновация білім берудегі (мектептегі) құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады. Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және үдеріс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық үдерісте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалықты енгізуді білдіреді.
Н. Ф.Талызина және т.б. инновация өзінің дамуы барысында белгілі бір өмірлік сатыдан тұрады: жаңа идеяның пайда болуы; мақсат қоюшылық: тарату және жойылу – деп айта келе, инновациялық технологияға жататындар: компьютерлік технология, ойын технологиясы, жоба әдісі-деп топтастырып көрсетеді. 

Келтірілген талдаулардан ұғатынымыз “жаңа педагогикалық технология дегеніміз оқу және тәрбие үдерісін мақсатқа сәйкес жоғары нәтижеге қол жеткізу барысында және оқыту мазмұнын, сапалық қасиеттерді әдіс-тәсілдер мен құралдар жүйесін үйлесімді пайдаланатын педагог іс-әрекетінің өзгерісті (жаңалықты) алгоритмі” – деп білеміз. Жаңа педагогикалық технологиямен болашақ мұғалімдерді даярлау жүйелік тәсіл негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлаудың білім беруші-теориялық, практикалық және тәрбиелеушілік аспектісі бар екендігін көруге болады. Дегенмен, зерттеуге сәйкес мұғалімнің барлық даярлық аспектілерін қарастыру мүмкін емес, сондықтан шартты түрде жұмыста мұғалімнің академиялық, конструктивтік қабілетін түзетін пәндер және аталмыш пәндерді оқыту әдістемесі бойынша даярлығын құраушылар қарастырылады. Бұл даярлық құраушылары мұғалім мамандығының профессиограммасында міндет-ті көрініс табады. Сондықтанда болашақ маманды даярлау оның профессиограммасы тұрғысынан зерттелуі тиіс. Профессиограмма маманның кәсіптік іс-әрекетіне сәйкес “паспорт” ретінде сипатталады.
Модель деп (латынның сөзінен аударғанда - өлшем, үлгі) зерттеуде қиындық тудыратын немесе мүлдем мүмкін емес құбылыстар (заттарды, үдерістерді, жағдайларды және т.б.) зерттеу үшін басқа ұқсас құбылыстарды (затты, үдерісті, жағдайды және т.б.) жасанды құрастыру түсіндіріледі. Модель (лат. modulus -үлгі, өлшем) нысан және оған қатынастық мәндерді көрсететін көрнекілік құралдардың бірі (шартты бейне, схема, т.б.) болып табылады. Бұлар негізінен нобайдың сандық сипатын анықтайды.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің негізінде зерттеу жұмысымыздың ерекшелігіне сәйкес “Жаңа педагогикалық технологиямен оқытудағы болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығы деп, даярлықты мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық құраушылардың мектеп оқушыларын шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге білімдері мен іскерліктерінің жиынтығын, оларды практикада қолдана білуімен анықталатын кәсіби мәнді тұлғалық қасиетінің қалыптасуын құрайтын күрделі біртұтас білім” - деп білеміз.
Біздер педагог-ғалымдардың еңбектеріне негіздей отырып, болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің зерттеліп отырған сапасын қалыптастыруды жүзеге асыратын нобайын құрастырдық (Сурет 1). 
Нобайда қарастырған критерий болашақ маманның таңдаған мамандығына ұмтылысынан туындады. Критерий (грек сөзінен алғанда – пайымдау үшін құрал), белгі, сының негізінде қандай-да нәрсені бағалау, анықтау немесе жіктеу жүргізіледі; баға өлшемі. Психологиялық, педагогикалық түсіндірме сөздікте критерий “... бағалауға, пікір айтуға не топтастыруға негіз болатын белгі; қайсібір құбылысты пайымдау, бағалау өлшемі. Педагогикада белгілі бір құбылыстардың критерийлерін талдап-белгілеу қиын, өйткені педагогика пәнінің өзі күрделі және көрістері сан алуан”-деп оның қиындық тудыратын жақтары айтылған.
Шетел тілін оқытуда болашақ мұғалімдердің пәнді оқытудағы практикалық бағыттылықты жүзеге асыруға даярлығын қамтамасыз ету қажет. “Бағыттылық” ұғымы “қандай да бір мақсатқа бағытталған ойдың, қызығушылықтың топтастырылуын түсінеміз”. Шетел тілін оқытудағы 







Болашақ мұғалім даярлығының критерилері (өлшемдері)


Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің зерттеліп отырған даярлығының көрсеткіштері


















М о т и в а ц и я л ы қ компонент














- шетел тілін меңгеру мен оны оқытуда жаңаға деген қызығушылық, қоғамдық және әлеуметтік-педагогикалық мәнін саналы сезінуі




  • Шетел тілі оған оқыту бойынша жаңаға деген қызығушылығының болуы;


  • Шетел тілінің оқу-тәрбие үдерісіне ықпалының, бар екенін жете түсінуі;


  • Шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырудың бүгінгі таңдағы қажеттілігін сезінуі


















М а з м ұ н д ы қ компонент



















- шетел тілі және оны оқытуда практикалық бағыттылықты оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру бойынша білімі




  • Шетел тіліне баулудағы іс-әрекеттердің психологиялық құрылымы;


  • Шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырудың дидактикалық шарттары, құралдары;


  • Шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты қамтамасыз етудің мазмұны, мәні және оқытудың әдістері мен формалары туралы білімі


















П р о ц е с с у а л д ы қ компонент
















- шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асыру бойынша іскерлігі




  • Шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырудың дидактикалық шарттарын, құралдар жүйесін іске асыру ептілігі;


  • Шетел тілінің мүмкіндіктерін бағалай алуы және оны оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыра алуды игеруі


















Шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің дайындығын қалыптастыру үдерісі




















Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің пән және пәнді оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырудағы білім мен іскерліктерінің түзілімі



Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет