Тақырыбы: Шет тілін оқытудың психологиясы



бет4/5
Дата12.03.2017
өлшемі0,72 Mb.
#11488
1   2   3   4   5



Сурет 1- Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлаудың болжамды нобайы практикалық бағыттылық деп, шетел тілін оқытуда оқу материалдарын және осы оқу материалдарына сәйкес педагогикалық тапсырмаларды орындатудағы әдіс-тәсілдерді, құралдарды мұғалімнің дұрыс пайдалануын түсінеміз. Сондықтан да біздер зерттеп отырған даярлықты қамтамасыз етудің нобайын пайдаландық.
Нобайдың негізінде болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің пән және пәнді оқытуға кәсіби даярлығын қалыптастырудың төрт деңгейі анықталды: төменгі деңгей, орта деңгей, жеткілікті жоғары деңгей және жоғарғы деңгей.
Төменгі деңгейде: студенттердің шетел (ағылшын) тілін меңгеру мен оқыту бойынша жаңаға деген қызығушылығы төмен болады, олар шетел тілінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дұрыс қатынасының барын жете түсінбейді, тілдің мәнін сипаттай алмайды және шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты қамтамасыз етуді жете түсінбейді. Мазмұндық, процессуалдық құраушыларды меңгермейді.
Орта деңгейде: студенттер шетел тілін меңгеру мен оқыту бойынша жаңаға деген қызығушылығы болады, шетел тілі бойынша білімі үстірт. Шетел тілінің практикалық бағыттылығын толық сипаттай алмайды. Шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты қамтамасыз ету керектігін жақсы түсінеді, оны жүзеге асырудағы құралдарды, шарттарды толық сипаттай алмайды. Процессуалдық құраушылардың кейбір элементтерін ғана меңгереді.
Жеткілікті жоғары деңгейде: студенттер шетел тілін оқыту мен оқытуға жаңаға қызығушылығы болады, оның оқу-тәрбие үдерісіндегі дұрыс ықпалының бар екенін жақсы түсінеді. Шетел тілі, оны оқытудағы практикалық бағыттылығын сипаттау бойынша білімі айтарлықтай терең. Шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты қамтамасыз етудегі оқу материалдарын және оқыту әдістері мен тәсілдерін көрсете біледі.
Жоғарғы деңгейде: болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің пәнге деген, оны оқытудағы жаңаға деген қызығушылығы жоғары болып келеді және оның оқу-тәрбие үдерісіндегі дұрыс ықпалының бар екенін жете түсінеді. Шетел тіліне баулудың практикалық бағыттылығын сипаттау бойынша білімі айтарлықтай терең және қамтамасыз етудегі дидактикалық шарттардың оқытудың жүйелеріндегі мазмұндық сипаты бойынша білімі терең, оларды қамтамасыз етуді игереді. Олардың оқушыларды шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырудың құралдар жүйесі бойынша білімі терең болып келеді. 
Сауалнама, әңгімелесу, тесттік тапсырмалармен бақылау әдістерін қолдану негізінде шетел тілін және оны практикалық бағыттылықта оқыту даярлығының бастапқы жағдайы анықталды.
Жоғары оқу орындарында болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін талап аясында даярлау үшін төмендегідей дидактикалық шарттары орындалуы тиіс: болашақ пән мұғалімдеріне қазіргі кездегі шетел тілінің практикалық мәнділігін ұғындыру; шетел тілінің мазмұнын түзуші оқу материалдарын игеруде талдау, іріктеу, салыстыру, жинақтау, т.б. іс-әрекеттерін студенттермен ұйымдастыру; шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырушы құралдарымен жұмыс жасату; оқушыларды шетел тіліне үйрету үшін болашақ мұғалімдердің іскерлігін қалыптастыру.
Аталған шарттар негізінде болашақ шетел тілі мұғалімдерін даярлауды жүзеге асыру көптеген факторларға байланысты. Олардың негізгілері біздің ойымызша төмендегілер: жоғары оқу орындары оқытушысының оқу үдерісін ұйымдастыру мен конструкциялауға қажетті білімі, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі, студенттің өзіндік белсенділігі, маман даярлауға қойылатын талаптардың қанағаттандырылуы, т.б.
Педагогикалық инновацияға, жаңа тәрбиеге даяр жаңа формация мұғалімдерін даярлау соңғы уақыттарда кеңінен айтылуда. Білім беру жүйесіне жаңалықты (инновациялық) үдерістердің енуіне байланысты жаңаша ойлауға қабілетті, жоғары мәдениетті, қоғам мен мектептің алдына қойылған міндеттерді айқын түсінетін жаңа формация мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселесі көкейкесті болып табылуда. 
Жоғары оқу орындарында оқу жұмыстарының міндетті түрлеріне дәріс, семинарлар, лабораториялық-практикалық сабақтар, курстық жұмыстар, консультациялар, коллоквиумдар, сынақтар, емтихандар жатады. Жоғары оқу орындарында кеңінен тараған оқыту формаларына қазіргі таңда жаңа сипат берілген.
Қазіргі кезде дәрістің бірнеше түрі ажыратылған: кіріспе, ақпараттық, шолу, мәселелеп оқу дәрісі, визуальдық, бинарлық, алдын ала қателерімен жоспарланған, конференция, кеңес, “Миға шабуыл” - дәрісі немесе "топтық пікір-талас дәріс". Семинар – практикалық оқу сабақтарының негізгі түрлерінің бірі. Семинардың ерекшелігі – оқушылардың оқытушының жетекшілігімен өз алдына дайындалған хабарламаларын, баяндамаларын, рефераттарын ұжым болып талқылау.

Ойын моделдерін белгілеуде әртүрлі терминдер қолданып жүрміз. “Ойын”, “Имитация”, “Нақты жағдайды талқылау”. Ойын технологиясы негізінен С.Әбенбаевтың пікіріне сәйкес жаңа педагогикалық технологияға жатады. Сондықтан бұл қазіргі таңда оқу-тәрбие үдерісінде қолдау табуда.
Хабарламалық-дамытушы әдістер: дәріс, әңгіме, түсіндіру, оқу фильмдерін көрсету, педагогикалық әдебиеттермен өз бетіндік жұмыс, білім беру бағдарламаларымен өз бетімен жұмыс.

Проблемалық ізденіс әдістері: оқу материалын проблемалы баяндау, эвристикалық әңгіме, пікірталас, зерттеу жұмысы, кіші топтарды студенттердің ұжымдық ойлау-іс әрекеті, лабораториялық ізденіс жұмыстар. 
Репродуктивті әдістер: оқу материалын мазмұндау (пересказ), үлгіге байланысты тапсырмаларды орындау.

Шығармашылық-репродуктивті әдістер: педагогикалық тақырыптарға творчестволық шығарма жазу, сөзжұмбақтар құрастыру, педагогикалық жағдайларды талдау, іскерлік ойындар, педагогикалық міндеттерді шешу. 
Студенттердің өзбетіндік жұмыстарының формалары: педагогикалық сөздік жүргізу, түпдеректерді конспектілеу, аннотациялау, педагогикалық әдебиеттерді рецензиялау.

Дәстүрлі оқыту формалары үшін әдіс-тәсілдер ойластырылған; кеңінен қолданылып жүргендердің ішінде ерекше орын алатыны оқытудың белсенді (активті) және аралық белсенді (интерактивті) әдістері.
Қазіргі уақытта ағылшын тілін білім беру жүйесінде оқытудың әдістемесін, оның қағидалары мен салыстырмалы сипаттамаларын төмендегідей атап көрсетуге болады.

1. Ағылшын тілін оқытудың қазіргі әдістемесі: коммуникативтік әдістеме; жоба әдістемесі; интенсивті әдістеме; іс-әрекеттік әдістеме; қашықтықтан оқыту әдістемесі.

2. Ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы әдістемесінің әдістемелік ұстанымдары. Коммуникативтік әдістеме: қарым-қатынас арқылы шетелдік мәдениеттің барлық аспектілерін игеру ұстанымы; шетелдік мәдениет аспектілерін өзара байланыста оқу ұстанымы; шетелдік мәдениет аспектілері мазмұнын модельдеу ұстанымы; оқу үдерісін оны кванттау (оқу үдерісінің құраушыларын (мақсаты, құралы, материалдары, т.б.) бөлу) және бағдарламалау негізінде басқару ұстанымы; шетел тілін оқытуды ұйымдастырудағы жүйелік ұстанымы; шетел тілін ситуация негізінде өзара қарым-қатынас ретінде оқыту ұстанымы; шетел тілін игеруді жеке даралау ұстанымы; шетел тілін игеруде оқушылардың, студенттердің өз бетінше жұмыс жасауын және сөздік ойлау іс-әрекеттерін дамыту ұстанымы; шетел тілін оқытудағы функциональдылық ұстанымы; шетел тілін оқытудағы жаңалықты ұстанымы.
Көптеген әдістемелерде (әсіресе, қашықтықтан оқыту, жоба) көрнекілік ұстанымы пайдаланылады. Жоғарыдағы барлық әдістемені бір ғана тұжырыммен беруге болады. Ол: “Қарым-қатынасқа оқытудың жақсысы – бұл қарым-қатынас”.

Жоғарыдағы келтірілген шетел тілін оқыту қазіргі заманғы әдістемесі мен әдістемелік ұстанымдарының салыстырмалы сипаттамасын білу оқытушы үшін қажетті шарт болып табылады. Олар:
- әдістеменің ерекшелік белгілері (жоғарыдағы бес әдістемеге байланысты);

- әдістемелердің ұқсас белгілері;

- әдістемелердің оң және теріс жақтары.

Ұ.Т.Нұрманалиева ғылыми-зерттеу еңбегінде шетел тілі сабағының негізгі құрылымдық бірлігі ретінде мыналарды атап көрсетеді: фонетикалық жаттығу; жаңа тілдік материалмен танысу; жаттықтыру; сөз тәжірибесі; сабақты қорыту.
Болашақ шетел тілі, оның ішінде ағылшын тілі мұғалімі пәнді мектепте оқытуда төмендегідей: аспектті (тіл үш аспектіге бөлінеді: лексика, грамматика, фонетика, олар жеке жеке зерделенуі тиіс); құрылымдық (машықтану жаттығуларын көптеп орындау); трансформациялық; аспектті-құрылымдық; құрылымдық-функционалдылық; тақырыптық-ситуациялық (лексикалық); сюжетті-ситуацялық; сюжеттік; тәсілдерді игеруі тиіс.
Бұл тәсілдерді жоғары оқу орындарында болашақ шетел тілі мұғалімі пәнді оқу барысында толық меңгеруі тиіс. Алдымен студент өзінің даярлығын қалыптастырады, содан кейін әдістемелік модуль бойынша пәнді оқытудың әдістемелік даярлығын меңгереді.

Осы тәсілдерді студенттер практика кезінде қолдануға тапсырма беріледі. Практика да біздің даярлау әдісіміздің бірі.

Жоғарыдағы аталған мамандық бойынша студенттер мектептегі практикаға алтыншы семестрде барады. Олардың пән бойынша білім және іскерлік деңгейі жеткілікті деңгейде дегенімен де, олардың пәнді оқыту бойынша әдістемелік даярлығының жеткіліксіздігі айқындаушы эксперимент барысында анықталды. Осы себепті біздер болашақ шетел тілі мұғалімдерінің пәнді оқыту бойынша әдістемелік даярлығын жоғарылату үшін мамандықты даярлауда басшылыққа алатын оқу жоспарындағы әдістемелік модульге бөлінген сағаттар есебінен практикалық жұмыстарды беруді дұрыс деп таптық.

Жоғары оқу орындарында оқу жұмыстарының бір түрі практикалық жұмыстар гуманитарлық мамандықтарда да кеңінен қолданылады. Практикалық жұмыстарды орындау барысында студенттер оқыту мазмұнындағы, үдерісіндегі заңдылықтарды өздері анықтаулары қажет. Сондықтан да ағылшын тілін оқыту барысында студенттерге төмендегідей практикалық жұмыстар зерттеліп отырған даярлықты қамтамасыз ету мақсатында ұсынылады. Олардың тақырыптары: 1.“Ағылшын тілі” пән бағдарламасы (бөлімі), 2. Оқыту үдерісіндегі оқушылардың белсенділігі, 3.Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, 4. Сабақтың мақсаттары, 6.Оқушылардың білімі мен іскерліктерін бақылау, 7. Тақырып бойынша оқу материалдарының мазмұны және оны баяндау әдістемесі, 8. Пәнді жеке-дара оқыту, 9.Педагогикалық тапсырмалар және оқу жұмыстарының нәтижелері.
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіру ЖОО оқыту үдерісін, оқыту үдерісіне қажетті жаңа педагогикалық технология элементтерін жүзеге асыру қажет болады.

Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің пән және пәнді оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асыруға даярлығын қамтамасыз етуде эксперимент жұмыстары ұйымдастырылды. Зерттеу мақсатындағы эксперимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Алдымен болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің (студенттердің) оқу пәні бойынша даярлығының бастапқы жай-күйін анықтау мақсатында белгілеуші экспериментін жүргіздік. 



Анықтау эксперименті Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Халықтар Достығы университетінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жүзеге асырылды. Экспериментке қатысқан студенттердің дайындық деңгейлерінің төмен екендігі анықталды. 

Біздер зерттеу жұмысымызда алған бақылау және эксперимент топтарының нәтижелері төмендегідей 1-кесте түзуге мүмкіндік берді. Қалыптастыру экспериментіне 2002/2003, 2003/2004, 2004/2005, 2005/2006 оқу жылдарында бақылау тобына 174, эксперимент тобына 168 студент қатынасты.

Қалыптастырушы эксперимент кезеңінде біздер алдымызға болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерін әдістемелік даярлығын жетілдіру әдістемесін жасауды және оның нәтижелілігін тексеруді, мақұлдауды мақсат етіп қойдық. Алға қойған мақсатқа жетуді біздер төмендегідей міндеттерді шешумен байланыстырдық: болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімінің әдістемелік дайындығын қалыптастыруға мүмкіндік беретін педагогикалық шарттарды тексеру; болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік даярлығын қалыптастыру білімі мен ептіліктерін дербес практикада пайдалануға үйрету.

Тәжірибе жұмысының жоспарын түзуде біздер “Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін (пән бойынша және пәнді оқытуға) даярлаудың болжамды нобайына” сәйкес студенттерде зерттеліп отырған дайындықтың қалыптастырылуына салыстырмалы талдау нәтижесіне сүйендік.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Түркістан орталығы, Қазақстан Халықтар Достығы университетінде, Қазақ- Ресей университеті Түркістан филиалында 0319, 050119 - “Шетел тілі” мамандығы бойынша дәріс алып отырған студенттер қамтылды. Болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерінде зерттеліп отырған дайындықты қалыптастыру жеткілікті дәрежедегі ұзақ үдеріс. Қалыптастыру экспериментіне аталған педагогикалық жоғары оқу орнының 3-курс студенттері қатыстырылды. Қалыптастыру экспериментіне қатынасқан студенттердің бастапқыдағы жалпы саны -342, соңғы бақылаудағы саны 340 болды.
Жоғары оқу орнының болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен қалыптастыру тәжірибелік - педагогикалық жұмысы негізінен барлық курстарда ұйымдастырылды. “Бақылау” жасау арқылы болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің пәнді оқытуға дайындығын қалыптастырудың деңгейлері анықталды. Жалпы қалыптастыру эксперименті барысында анықтау, яғни бастапқы бақылаудан басқа 3 “бақылау” орындалды.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік дайындығын мақсатты қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін, әрбір бақылаудың мақсатын, міндеттерін белгіледік. Әрбір бақылаудың аралығында қалыптастыруға мүмкін болатын білім мен ептіліктер анықталып, болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығын қалыптастыру деңгейіндегі нәтижелердің өзгеруін анықтау қарастырылды.

Зерттеліп отырған дайындықтың қалыптастырылған деңгейін анықтау, арнайы дайындалған критерийлер және педагогикалық зерттеудің кешенді әдістер көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ зерттеу мәселемізге қатысты сауалнамалар пайдаланылды. Олардың мазмұндары төмендегідей:

- ағылшын тілі оқу пәні бағдарламасының (мазмұнын) құраушыларын атап көрсетіңіз;

- пәннің бағдарламасындағы білімді анықтаушы оқу материалдарын айтып беріңіз;

- теориялық мағлұматтарды оқушылардың жүзеге асыру үшін бағдарлама мазмұнындағы іс-әрекет түрлерінің тіркелуін мысалдармен көрсетіңіз;

- оқытуда көрнекілік әдісті пайдалануға тақырыптағы оқу материалдары негіз бола алады ма? т.б.

Болашақ шетел (ағылшын тілі) пәні мұғалімдерінде зерттеліп отырған дайындық жеткілікті қарастырылмайтындығын тәжірибелік – педагогикалық жұмыстың бастапқы “бақылау” жұмысының нәтижелері көрсетіп берді (Төменгі деңгейде: бақылау тобында - 51%, эксперимент тобында 48%,).
Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік даярлығын педагогикалық практикаға барып келгеннен кейінгі тексеру, даярлық деңгейін анықтау жағдайы Кесте 2- дегі мәліметті көрсетті.
Бұл студенттер негізіне жоғарыдағы (алдыңғы тақырыпта) көрсетілген “Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесі”, “Екінші шетел тілін оқытудың әдістемесі”, “Оқыту әдістерінің тарихы” пәндерінің толық курс бітірген.

Оқу үдерісінің нәтижелі болуы бірнеше факторға, шарттарға байланысты, оның ішінде оқу бағдарламасына, оқулықтарға, материалдық-техникалық базаға, студенттің ынтасына, т.б. Көбіне оқу үдерісінің нәтижелілігі мұғалімнің белгілі пән бойынша білімі мен пәнді оқыту бойынша кәсіби даярлығына байланысты болады.

Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

1. Бүгінгі күн талаптарының бірі жалпы білім беретін мектептерде жастарымыздың үш тілді меңгеруі міндетті шарт болып тұрғанда шетел тілі мұғалімдерін даярлауды жетілдіру, жаңа сатыға көтеруді талап етеді.
2. Психологиялық-педагогикалық еңбектерді, мектептердегі тәжірибелерді зерделеу оқушылардың пән бойынша практикалық бағыттылығын жүзеге асырудың мазмұнды және процессуалды аспектілерін мұғалімдер толық қамтымайтыны, яғни Қазақстан Республикасының орта білім мемлекеттік стандартында, жалпы білім беретін орта мектептің “Шетел тілі” (ағылшын) пәні бағдарламасындағы: ”оқушылар мынаны білуге тиіс”, “оқушылар мынаны орындауға тиіс“ талаптарын қанағаттандырмайтыны анықталды. Бұл өз кезегінде біздің зерттеу жұмысымыздың дұрыс таңдалғанын көрсетті.
3. Педагогикалық технологиялар және инновация жөніндегі зерттеулер негізінде “жаңа педагогикалық технология дегеніміз оқу және тәрбие үдерісін мақсатқа сәйкес жоғары нәтижеге қол жеткізудегі және оқыту мазмұнын, сапалық қасиеттерді әдіс-тәсілдер мен құралдар жүйесін үйлесімді пайдалану (жаңалықты) алгоритмі” – деп білеміз. Жаңа педагогикалық технологиямен болашақ мұғалімдерді даярлау жүйелік тәсіл негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің негізінде зерттеу жұмысымыздың ерекшелігіне сәйкес “Жаңа педагогикалық технологиямен оқытудағы болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығы деп, даярлықтың мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық құраушыларының мектеп оқушыларын шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге білімдері мен іскерліктерінің жиынтығын, оларды практикада қолдана білуімен анықталатын кәсіби мәнді тұлғалық қасиетінің қалыптасуын құрайтын күрделі біртұтас білім” – екенін анықтадық.
4. Жаңа педагогикалық технология негізінде болашақ шет тілі мұғалімдерін кәсіби даярлаудың теориялық негіздері айқындалды.
5. Қазіргі кезде болашақ шет тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлығының нобайы, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталады. 
6. Психологиялық-педагогикалық зерттеу еңбектеріне жасалған талдау болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығын жүзеге асырудың дидактикалық шарттарын белгілеуге мүмкіндік берді. Олар: болашақ пән мұғалімдеріне қазіргі кездегі шетел тілінің практикалық мәнділігін ұғындыру; шетел тілінің мазмұнын түзуші оқу материалдарын игеруде талдау, іріктеу, салыстыру, жинақтау, т.б. іс-әрекеттерін студенттермен ұйымдастыру; шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырушы құралдарымен жұмыс жасату; оқушыларды шетел тіліне үйрету үшін болашақ мұғалімдердің іскерлігін қалыптастыру.
Аталған шарттар негізінде болашақ шетел тілі мұғалімдерін даярлауды жүзеге асыру жоғары оқу орындары оқытушысының оқу үдерісін ұйымдастыру қажетті білімі, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі, студенттің өзіндік белсенділігі, маман даярлауға қойылатын талаптардың қанағаттандырылуы, т.б. байланыстылығы сипатталды.
Болашақ шетел тілі мұғалімдерінің пәнді оқытудағы практикалық бағыттылықты жүзеге асырудағы құралдар жүйесі бойынша білімдері мен іскерліктері анықталды: шетел тілін оқыту мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, формасын педагогикалық талап негізінде таңдау; педагогикалық қызметті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру; педагогикалық іс-әрекеттегі таным құралдарын (теледидар жүйесін, компьютерді, т.б.) қолдану; теориялық білімдерді практикалық іс-әрекеттермен ұштастыру; оқу пәндерімен байланысты жүзеге асыру.
7. Ағылшын тілін оқытудың қазіргі әдістемелері нақтыланды: коммуникативтік әдістеме; жоба әдістемесі; интенсивті әдістеме; іс-әрекеттік әдістеме; қашықтықтан оқыту әдістемесі.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың барысында болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік даярлығын жоғары деңгейде қалыптастыру әдістемесінің нұсқауы нақтыланды: алдымен болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінде академиялық даярлықты қамтамасыз ету; шетел тілі пәнінің мазмұндық аспектіде оқу материалдарының атқаратын функциясы бойынша білімдермен, пәні бойынша теориялық мағлұматтармен қаруландыру; шетел тілін оқытуда процессуалдық аспектіде оқытудың әдістері мен формаларын пайдалану бойынша іскерліктерін қалыптастыру; оқытудың қазіргі заманғы технологиялары мен әдістемесі жүйесі туралы біліммен қаруландыру және іскерліктерді қалыптастыру.
8. Зерттеу барысында жасалған педагогикалық тапсырмалар зерттеліп отырған сапаны мұғалімде қалыптастырудағы даярлық деңгейін көтеруге мүмкіндік беретіні дәлелденді.

9. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың нәтижелері ұсынылған жаңа педагогикалық технологиялардың болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби даярлығын қалыптастыруда тиімді екенін көрсетті.
10. Жаңа педагогикалық технологиялар болашақ ағылшын тілі пән мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру құралы ретінде қарастырылып,оқу материалдарын жақсы меңгеруге мүмкіндік берді, олардың танымдық белсенділігін арттырды.

11. Жаңа педагогикалық технология (ойын технологиясы) жоғары оқу орындарында студенттердің әртүрлі пәндерден алған білімдерін кіріктіріп, нәтижесінде олардың пәнді оқытудағы әдістемелік даярлығын жетілдіруге негіз қалады.

Зерттеу нәтижелері бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады: 

- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жүзеге асыруда

жаңа педагогикалық технологияларды оқу пәні мазмұнына сәйкес үйлесімді пайдалану;

- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлығын қамтамасыз етудің дидактикалық шарттарын негізге алу;

- студенттердің жаңа педагогикалық технологиялар арқылы кәсіби даярлығын жүзеге асырудағы құралдар жүйесін пайдалану.

Зерттеу жұмысындағы қарастырып отырған жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ шетел тілі пән мұғалімдерін даярлаудың мүмкіндік нұсқаларының барлығын бір жұмыстың барысында жазып шығу мүмкін емес. Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің жаңа педагогикалық технологиялар бойынша коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыру; іскерлік ойындар арқылы болашақ шетел тілі мұғалімдерінің дарлығын жетілдіру; болашақ мұғалімдердің шетел тілі бойынша даярлығын жетілдірудің дидактикалық шарттары; ақпараттық технологиялар арқылы болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру; шетел тілдерін оқытуды пәнаралық байланыс негізінде оңтайландырудың педагогикалық шарттары т.б. тақырыптар дербес зерттеуді қажет етеді.


Тақырыбы: Сабақты өткізудің психологиялық-педагогикалық ұйымдасқан негізі
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім - жолы қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. «Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі».
Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін»- деді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет