Түрі: зияткерлік сайыс /5 А,5Б,5 В/ Көрнекі құралдар: Ұлы ғұламалардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, слайд, мәуелі ағаш, жүрекшелер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
2.Топқа бөлу/Топтың аты, топ басшысын сайлау/
КІРІСПЕ. Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:
-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке:
-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт:
- Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті.
Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп:
- «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.
Мұғалім оқушылардың ол туралы пікірін білу үшін сұрақ қояды.
-Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі».