Тақырыбы: «Сыбдырлы сұлу,Алтын күз» мерекесі.
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін бақылау, білімді оқушыларды анықтау, білімді,тапқыр,ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Мерекелік шара мектеп спорт залында 18.00 басталады.
Мерекелік би кеші (дискотека) 19:30-21:30 5-11 сыныптар үшін
1 жүр: Армысыздар, бармысыздар!
Көптен күткен мереке,
Алтын күзді қарсы алыңыздар!
Жарысқа түскен әр сыныпқа
Сәттілік тілеңіздер!
2 жүр: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Және де бүгінгі «Сыбдырлы сұлу, Алтын күз» атты мерекесіне қатысушы сайыскерлер!
1 жүр: Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.
2 жүр: Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең.
1 жүр: күз - береке, сән - салтанат мереке айы, жиын - терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
2 жүр:
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі «Сыбдырлы сұлу, Алтын күз» мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. (музыка әуенімен ортаға шығады)
5-7сынып
|
6 сынып
|
8-9 сынып
|
11 сынып
|
Жидектер
|
Жемістер
|
Көкөністер
|
Ассорти
|
М.Көпжасар
|
З.Ильдина
|
Ш.Каликова
|
А.Арынжанова
|
Ролик тақырыбы
Күріш
|
Ролик тақырыбы
Тары
|
Ролик тақырыбы
Бидай
|
Ролик тақырыбы
Жүгері
|
|
|
|
|
1 жүр: Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік:
_________________________
__________________________
___________________________
2 жүр: бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік:
Жоспары:
«Армысың, халқым менің» (сәлемдесу /ән арқылы/)
«Дақылдар мәдениеті» (видеоролик /дақылдардың өсіп-өнуі туралы/)
«Күзгі науқан» (ертегі құрастыру)
«Тірі жемістер құмырасы»
Табиғат сыйы (табиғи заттардан бұйымдар жасау)
1 жүр: Ал енді осымен сайысымызды бастаймыз.
2 жүр: Ол үшін әр топтың басшысы шығып қоржыннан асық алуы тиіс. Сол алған асықтағы белгіленген нөмір бойынша сайысқа түседі. Сонымен таныстыру кезеңі
Жарқын дауыспен айқайлап,
Танысып өтсек әр топпен.
1 жүр: Келесі сайысымыз Дақылдар мәдениеті. Сайысымыздың шарты бойынша әр топтың басшысы ортаға келіп, тобымен дайындаған видеороликпен таныстырады.
2 жүр: Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ - демекші күз белгісін бейнелеген ертегілерімізді тамашалайық тамашалайық.
2 жүр:
Ән салса әншілерім таң қаларсың,
Әр сөзін 99 рет қайталарсың.
Сондай ән туғызған қазағымды,
Қалайша тар пейіл деп айта аларсың – дей келе З. Ильдинаны «Жылайды жапырақ» әнімен ортаға шақырамыз.
2 жүр:
келесі «Тірі жемістер құмырасы » атты кезек береміз. Қолынан бал тамған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.
Күзгі жеміс - жидектен
Жасаған құмыра тұр міне
Мұрныңды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең!
1 жүр: келесі кезектегі сайысымыз көкөністерден, жеміс жидектерден, табиғи заттардан жасаған бейнелермен танысайық.
2 жүр: міне, біз бүгін көптен бері ізденіп, тыңбай дайындалған «Алтын күз» мерекесіне байланысты өтіп жатқан «Сыбдырлы сұлу, Алтын күз» атты мерекелік кешіміздің жеңімпаздарын анықтайтын уақыт жетті.
1 жүр:
Әділ қазы алқасы
Берсін әділ бағасын - деп сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-дей отырып бүгінгі «Армысың Алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!
Сау болыныздар.
Сұлужон жалпы орта білім беру мектебі
«Сыбдырлы сұлу, Алтын күз» атты 10.10.2015 жылы 5-11сынып оқушылары арасында өткізілген мерекелік іс-шараның
ақпараты
2015-2016 оқу жылы
«Сыбдырлы сұлу, Алтын күз» атты 5-11 сынып оқушылары арасында өткен мерекелік іс-шара 10.10.2015 күні өткізілді. Мектеп оқушылары төрт топқа бөлінді. Ережеге сәйкес мектеп оқушылары 5 кезеңнен тұратын сайысқа сақадай сай дайын болып шықты, бұнда оқушыларды бағыттаған, дайындаған сынып жетекшілеріне мектеп әкімшілігі тарапынан ескертулер, түзетулер жасалды.
Бірінші сайыс «Армысың, халқым менің» атты ән арқылы таныстыру болды. Бұл тапсырмада топтар өте жақсы дайындалды. Дегенмен «Ассорти» сынып оқушылары ерекше көзге түсті.
Келесі, топтар «Дақылдар мәдениеті» атты бейнеролик дайындады. Бұл тапсырмада 9 сынып оқушылары «Көкөніс» тобы тақырыпты толық аша алды.
«Күзгі науқай» атты ертегі құрастыруда 9 және 6 сынып оқушылар тақырыпқа сай және әсерлі ертегі көрсете білді.
Табиғи бұйымдардан бұйымдар жасауда 5-9 сыныптар жемістерден, көкөністерден түрлі әдемі бұйымдар жасады.
Іс-шара барысында әділ-қазылар әр тапсырманы әділ бағалап және әр топқа сын айтып отырды.
Алтын күз мерекесі көңілді және әсерлі өтті. Іс-шара мақсатына жетті
«Сыбдырлы сұлу, Алтын күз» атты мерекелік іс-шараның қызықты сәттері
Достарыңызбен бөлісу: |