Сардарбекова Гулнар Кыдырбаевна,
№ 93 В.Терешкова атындағы жалпы орта мектебінің музыка пәні мұғалімі.
Шымкент қаласы
Тақырыбы: Симфониялық оркестрдегі ішекті- ыспалы аспаптар, «Ақ сиса» әні
Мақсаты:
1.Білімділік Симфониялық оркестрдегі ішекті – ыспалы аспаптар туралы түсінік беру,Мұса Байжанұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы шағын мағлұмат беру.
2.Дамытушылық Есте сақтау қабілеттерін дамыту; музыкалық ұғым туралы түсініктерін кеңейту;
3.Тәрбиелік Симфониялық музыкаларды түсініп тыңдауға баулу,халық композиторларының бай мұраларын қадір тұтуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Аспап,үнтаспа, слайд,суреттер,бейнеролликтер.ТҚЖ
Сабақ түрі: Концерт сабақ
Сабақ әдісі: Интербелсенді,/Түсіндіру,музыка тыңдау,түрлі тапсырмалар орындау..../
Қолданылатын технология түрі: Интеграциялық кешенді оқыту әдісі
Пәнаралық байланыс: Әдебиет оқу,бейнелеу
Сабақтың жүргізілу барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіздерме,балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ.Сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Осыған орай біз сіздердің білім-білік ,қарым-қабілет деңгейлеріңізді көрсету мақсатында интербелсенді әдіс-тәсілмен сабақ көрсеткелі отырмыз.Олай болса,
-Психологиялық тренинг
Биле-биле, балақан,
Домбыраның күйіне.
Қане, биле, балақан,
Қосылайық биіңе,
Шапалақтап алақан.
Биле талдай бұралып,
Қанатың қақ қаз болып.
Өнеріңе қуанып,
Қол соқсын ел мәз болып.
Бүгінгі сабағымызға қытай халқының «Маған айтшы - мен ұмытып қаламын; маған көрсетші - менің есімде қалады; өзіме істетші - мен сонда түсінемін» деген мақалын алып отырмыз.
Мұның мақсаты ; -Сабақ өткізуде оқушы белсенділігінің әсерін арттыруда,
-Әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау,
-Қазір мына суреттерді алу арқылы топқа бөлінеміз.
1 топ –До
2 топ-Ми
3 топ-Соль
ІІ.Үй тапсырмасы «Аукцион» түрінде /Қойылған сұрақтарға жауап беру,тапсырмаларды орындау арқылы,оқушылар түрлі аспаптарға ие болады /
1 топ
1.Скрипка аспабының шығу тарихын баянда.
2.Тірек сызбасы
ОРКЕСТР
түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |