Тақырыбы: Симфониялық оркестрдегі ішекті- ыспалы аспаптар, «Ақ сиса» әні Мақсаты: Білімділік



бет4/4
Дата23.08.2017
өлшемі418,45 Kb.
#24955
түріСабақ
1   2   3   4

IV.Тапсырмалар орындау

Дәптерге музыкалық терминді жазу.

Тембр-дыбыс бояуы

Дыбысы ең жоғарғы аспап – скрипка болса, ең төменгі - контрабас аспабы.

Орындау кезінде скрипка мен альтты иыққа бұғақпен тіреу арқылы көлденең ұстап, виолончель мен контрабасты жерге тік тіреп ойнайды.

-Балалар,біз жаңа қандай ән тыңдадық.Ендеше,қазір біз осы «Ақ сиса» әнін орындап үйренеміз. Алдымен дауыс ырғағын ретке келтірейік.



ЛЯ ЛЯ ЛЯ

1.Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса

Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса

Шорманның Мұстафасы атымды алып

Атандым сол себептен Жаяу Мұса

2.Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса

Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса

Байлары орыс-қазақ қашқын дейді

Көрер ем қашқындықты күнім туса

3.Үш жүзге атым мәлім Жаяу Мұса

Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса

Аттыдан жаяу жүріп кек аламын

Жігіттер, шамаң келсе, маған ұқса.

/Ән тарихын баяндау Мұса Байжанұлы Павлодар облысында дүниеге келген.(1835-1929) 94 жасқа дейін өмір сүрген.Өз өмірінің қиындығына қарамастан,өте ақ жарқын,ақ көңіл адам болған екен.Ол кісі Омск қаласындағы мектепте оқып ,орыс тілін жақсы меңгеріп, алғашқылардың бірі болып скрипка мен балалайка

аспаптарында ойнаған.Сонымен қатар қобыз,домбыра аспаптарында да керемет ойнаған. Халық әншіні өте құрметтеп,жақсы көрді.Мұсаның жалғыз аты болатын.Сол атпен ауыл ауылды аралап ән салып,сауық сайран салып,елді қуанышқа бөлеп жүретін.Мұсаның атағы елге жайылып,танымал болады.Оның танымалдылығы Шорман байға ұнамай,ел алдында әншінің қадірін түсіру мақсатында,бір күні ол өзінің ұлы Мұстафаны атын тартып алуға жұмсайды. «Атын тартып алсам,ел кезіп әнінде сала алмас» деп ойлайды.Бірақ,Мұса бұл қорлыққа да шыдап,елді жаяу аралап,ән салады.Осы кезден бастап халық оны Жаяу Мұса атаған екен. Және де осы оқиғаға арнап,Шорман бай мен баласы Мұстафаның қылықтарын әнге қосып дүниеге «Ақ сиса»әнін әкеледі.Ән күллі қазақ даласына таралды.Әрине,әншінің атын алар,бірақ,әуелеген әнін ешуақытта иемдене алмайды/



Жаяу Мұсаның музыкалық аспаптары

V.Сабақты бекіту

«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі 


Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? 
/Өтілген тақырып бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде 
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген тақырыпта бар, жоғын анықтайды./

Симфониялық оркестр құрамында скрипка,виолончель,альт,контрабас,домбыра секілді ішекті-ыспалы аспаптар бар.

Дыбысы ең жоғары аспап-контрабас,дыбысы ең төмен аспап-скрипка.

Тембр-дыбыс түрі....

Жаяу Мұса Қарағанды облысында туған....

Жаяу Мұса жетіген,тұяқ,қобыз,домбыра,скрипка,балалайка аспаптарында ойнаған.


«Ақ сиса» әні мата түріне арнап шығарылған ән.

VІ.Бағалау

Оқушылар өздерін бағалайды. /смайликтермен/

Топ басшысы бағалайды

Мұғалім бағасы



Кері - байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны 
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: 
1. Чемодан(суреті) 
2. қоқыс жәшігі (суреті) 
3. Еттартқыш (Суреті) 
- Құрметті оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар) 

VІІ.Үйге тапсырма! Тақырыпты оқып мазмұндау,ішекті-ыспалы аспаптар суретін

салу.Мұса Байжанұлы туралы эссе жазу.
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет