Тақырыбы: Солтүстік Америка ішкі сулары Мақсат-міндеттер: Білімділік мақсаты



Дата25.01.2017
өлшемі62,18 Kb.
#7977
түріСабақ
Тақырыбы: Солтүстік Америка ішкі сулары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Солтүстік Америка материгінің климат жағдайларының ерекшеліктерін көрсету және Еуразия климатымен салыстырып, жалпы сипаттама (климат қалыптастырушы факторлар, климаттық белдеулер) беру. Солтүстік Америка ішкі суларының ерекшеліктерін, Атлант, Солтүстік Мұзды және Тынық мұхиттар алаптары өзендерінің ерекшеліктерін көрсету, өзен сипаты мен көлдер торын анықтау.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Солтүстік Американың физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (30 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту 30мин

V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:


Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Үй тапсырмасын тексергенде мынадай сұрақтар мен тарсырмалар береді: Солтүстік Американың жер бедері ерекшеліктерін атаңдар. Таулары мен жазықтарының жату бағыттары қандай? Солтүстік Америка мен Еуразияның жер беті құрылыстарын салыстырыңдар. Солтүстік Американың негізгі тау жүйелерін, таулы қыраттарын, үстірттерін атап, оларды картадан көрсетіңдер. Солтүстік Америка материгінде қандай пайдалы қазбалар кездеседі? Картадан олардың орналасқан жерлерін көрсетіңдер.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, тапсырмаларды орындайды. Солтүстік Американың жер бедері ерекшеліктерін атайды. Таулары мен жазықтарының жату бағыттары солтүстіктен оңтүстікке қарай. Солтүстік Америка мен Еуразияның жер беті құрылыстарын салыстырады. Солтүстік Американың негізгі тау жүйелерін, таулы қыраттарын, үстірттерін атап, оларды картадан көрсетеді. Солтүстік Америка материгінде кездесетін пайдалы қазбаларды атайды. Картадан олардың орналасқан жерлерін көрсетеді.

ІІІ

Мұғалім оқулықтағы параграфтың басында берілген тақырыпқа кіріспе әңгімелесу сұрақтарын пайдалана отырып, климаттың қалыптасуына қандай факторлардың әсер ететіндігін анықтайды.

Бұл тақырыпта өткенде оқушылардың климаттық картамен жұмыс істеу дағдылары қалыптасқандықтан картаны пайдалана отырып әңгімелесу әдісі арқылы өткізуге болады.

Солтүстік Америка материгі қандай ендіктердің аралығында орналасқан? Солтүстік Америка материгінің жер бедерінің ерекшеліктерін естеріңе түсіріңдер.

Материктің Солтүстік полярлық шеңбері мен Солтүстік тропиктің аралығында орналасуы күн сәулесінің әр түрлі түсуіне және әр түрлі ауа массаларының қалыптасуына себеп болады.

Шығысы мен батысында таулармен қоршалып жатуы Тынық және Атлант мұхиттарынан келетін ылғалды ауаны ішке енгізбейді.

Материктің орта бөлігіндегі кең байтақ жазықтар арқылы солтүстіктен оңтүстікке және оңтүстіктен солтүстікке қарай ауа еркін қозғала алады. Осының салдарынан ауа массалары арасында температура мен қысымның үлкен айырмашылықтары туып, құбылмалы ауа райын қалыптастырады.

Солтүстік Американың ішкі сулары тақырыбын мүмкіндігінше оқулықпен және карталарды пайдаланып өз беттерінше оқып үйренуге болады. Мұғалім өзендер мен көлдерге алаптары бойынша сипаттама жасау үшін картаны пайдалана отырып, әңгімелесу өткізеді. Ол үшін мынадай сұрақтар қояды: Солтүстік Америка өзендері қай мұхиттарға құяды? Атлант мұхиты алабына жататын ірі өзендерді көрсетіңдер.

Солтүстік Америка өзендер жүйесі климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Тынық мұхит алабындағы өзендер ұзындығы қысқа болып келеді. Мұғалім оқушыларға атлас карталарын және кескін картаға түсірген мұхит алаптары шекараларын көрсете отырып, өзен жүйелерінің бұлай орналасу себептерін анықтауларына тапсырма береді.

Мұғалім өзендерге жеке алаптары бойынша сипаттама беруді Атлант мұхиты алабынан бастайды. Оқушыларға мынадай әңгімелесу сұрақтарын қояды: Атлант мұхиты алаптары суайрық жоталары қай жермен өтеді? Атлант мұхиты алаптарына жататын ірі өзендерді атап, оларды картадан көрсетіңдер. Бұл өзендердің қоректену ерекшеліктерін анықтаңдар.

Атлант мұхиты алаптары өзендері мен көлдерін оқып үйренгенде, мұғалім жалпы сипаттамадан басқа, Миссисипи өзені жүйесін сипаттауға тоқталады.

Мұғалім Солтүстік Американың көлдеріне сипаттама бергенде көл қазаңшұңқырларының пайда болу жолдарына олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Ұлы көлдер туралы оқушыларға әңгімелеп береді.

Мұғалім Солтүстік Американың көлдеріне сипаттама бергенде көл қазаңшұңқырларының пайда болу жолдарына олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Ұлы көлдер туралы оқушыларға әңгімелеп береді.



Мұғалімді тыңдап, параграфтың басында берілген тақырыпқа кіріспе әңгімелесу сұрақтарына жауап береді. Осы сұрақтарға жауап алу негізінде Солтүстік Америка климатының қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері мынадай себептерге байланысты болатынын анықтайды:

а) солтүстік полюске жақын орналасуы;

ә) солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзына бойы созылып жатуы;

б) оңтүстікке қарай сүйірленуі;

в) тау жоталарының меридиан бағытында жатуы;

г) материктің орталық бөлігін кең көлемді жазықтардың алып жатуы.

Оқушылар Солтүстік Америка материгінің климатының қалыптасу ерекшеліктерін анықтағаннан кейін оқулық мәтінін және карталарды пайдалана отырып, Еуразия мен Солтүстік Американың климаттық белдеулеріне салыстырмалы түрде сипаттама береді.

Климаттық белдеу

Солтүстік Америка

Еуразия

Арктикалық







Субарктикалық







Қоңыржай







Субтропиктік







Тропиктік







Субэкваторлық







Экваторлық






Оқушылар оқулық мәтінінде кездескен өзендер мен көлдердің аттарын дәптерлеріне жазып отырады. Кескін картаға Солтүстік Мұзды, Атлант және Тынық мұхиттары алаптары шекараларын сызып, өзендер аттарын жазады.


Оқушылар кескін картаға Солтүстік Американың

ірі өзендері мен көлдерін түсіреді.



V

Үй жұмысы:

1. §31, 32 оқып, мазмұнын айту.



2. Тапсырмаларды аяқтау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.



Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет