Белоктардың жіктелуі және биологиялық қызметі.
Жай белоктар— тек аминқышқыл қалдықтарынан құралған полипептидті тізбектен тұрады. Жай белоктарды әр түрлі еріткішердегі ерімталдығына сәйкес жіктейді. Суда, сілтіде,қышқылда,спирттерде ериді.
Күрделі белоктарды протеидтер деп атайды. Қазіргі кезде күрделі белоктарды да простетикалық топ табиғатын ескере отырып «ид» жұрнағының орнына «ин» жұрнағын қосып алады.
Жай белоктар - Белоктардың физикалық-химиялық қасиеттеріне, атқаратын қызметтеріне және құрамына қарай жіктейді.
- Белоктар- электрохимиялық қасиеттеріне сәйкес қышқылдық, негіздік және бейтарап белоктарға бөлінеді.
- Белоктар-кеңістікте орналасуына сәйкес глобулярлы және фибрилярлы деп бөлеміз. Ал биологиялық қасиеті мен қызыметіне сәйкес белок молекулаларын мынадай топтарға бөледі.
- Белок- ферменттер(белоктардың ең үлкен тобы)
- Белок-гормондар(инсулин, гипофиз гормондары, окситозин)
- Имундық белоктар(антиденешіктер қанның альфа глобулині)
- Транспорттық белоктар(қанның гемоглобині, қан сары суының белорктары)
- Жирылғыштық функция(бұлшықеттің актомиозині)
- Құрылымдық белоктар(клетка мембранасының белоктары т.б)
- Қор қызметін атқаратын белоктар(сүттің казейні, жұмыртқа белогы)
Достарыңызбен бөлісу: |