Белоктардың үшінші реттік құрылымы. - Белоктың үшінші реттік құрылымы деп полипептидті тізбектің белгілі бір көлемде кеңістікте орналасуы. Қанша дегенмен де бірінші реттік құрылымы, не шиыршық түрі немесе полипептидті тізбектің сызықты шиыршықты бөлімдері сәйкестенуі полипептидті тізбектің формасы, көлемі туралы ұғым бермейді, зерттеушілердің алдында әрқашын белоктың кеңістіктегі үш өлшемін немесе конфигурациясын анықтау тұрады. Бұл мәсәлелерді шешуде негізгі рольді өзінің жоғарғы қабілеттігімен ренген құрылымды анализ әдісі атқарады. Бұл әдіс белок химиясының басты екі мәселесін шешеді: полипептидтегі аминқышқыл қалдықтарының ретімен орналасуы және белокты молекулалар конфигурациясының заңдылықтарын. Органикалық заттар молекуласындағы атомдар арасындағы қашықтық 0,2-0,2 нм болады, ал қазіргі аппараттардың максималды қабілеттігі 0,2 нм тең.
Достарыңызбен бөлісу: |