Сабақтың әдісі: сайыс сабақ
Сабақтың технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары («ой шақыру», «5 жолды өлең», «бағалау», «өз ойын суреттеу», «симматикалық карта»)
Сабақтың түрі: қайталау, жүйелеу.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
– Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Табиғатты аялай білейік!» атты сыныптан тыс іс шарамызға қош келдіңіздер!
Топқа бөліну. (әр топтың өзіндік белгілері бойынша жасалған парақшалармен топқа бөліну.)
Қызығушылықты ояту.
Құстардың, жан-жануарлардың дыбыстары қойылған музыка естіліп тұрады.
Көрініс көрсетіледі. (Судың, құстардың дыбыстары музыка арқылы естіліп тұрады)
Көрініс
Сахна ортасында ақ қайың бейнесіне енген қыз, қолына жоғары көтерген құс ұясы. Мұңлы музыка ойналады.
Ақ қайың сөзі: Орман едік бір кезде біз жайқалған .
Аң мен құстың әсем әні сайраған
Әні кеткен бұл өлкенің, сәні кеткен.
Аң мен құсың бас сауғалап бәрі кеткен
Жалғыз қалдым жалғыздықтың жыры көп,
Анам, әкем, бауырларым қайдасың?
Кей адамдар жауыздықпен асырып жүр айласын
Жалғыздықтың мұңы көп…
Соны айтуға адамзатқа тілім жоқ
(қолында арасы бар әкесі мен баласы келеді)
Әкесі: ағаш та қалмапты ғой!
Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз кесіп алдық қой
Әкесі: Е, міне, жалғыз қайың қалыпты ғой, осыны алайық
Баласы: Әке, ол әлі жас қой, әлі өссінші! Обал емес пе, табиғаттың сәні ғой!
Әкесі: немене, табиғатқа жаның аши қалыпты?заманның бізге жаны ашмағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.
(ақ қайыңды кесіп жатқанда құс ұшып келеді)
Құс: тимеңдерші бұл ақ қайыңға, ұямды бұзбаңдаршы
Әкесі: мына құс қайтаді өзі шиқылдап, балам, таспен атып ұршы.
Баласы: Әке ол өз ұясын қоғап жүр ғой, осы ағашты кеспей ақ қояйықшы!
Әкесі: көп сөйлеме, ұста араны. Әй, сен, нәзік жүрек. Мә саған!
(Әкесі құсты таспен атып түсіреді. Құс сахнаның алдыңғы жағына етбетімен құлағандай қимыл көрсетеді. Ағашты әкесі мен баласы кесіп алып кетеді. Мұңлы музыка ойнатылады)
Құс ақырын басын көтеріп:
Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала.
Ысырапсыз табиғаттың пайдаланып бар байлығын
Не қалады, не көреді артыңдағы ұрпағың?
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын,
Бас ұрып, қара жерге сұрағанын.
Сарғайып, жапырағы өлімсіреп
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?
Достарыңызбен бөлісу: |