Тақырыбы: Таным теориясы Жоспар


Дүниенің танымдылығы мәселесіне қатысты негізгі ұғымдар



бет2/4
Дата11.04.2023
өлшемі0,62 Mb.
#174183
1   2   3   4
Байланысты:
12.Таным теориясы

Дүниенің танымдылығы мәселесіне қатысты негізгі ұғымдар. Таным ұғымындағы күрделі мәселенің бірі таным қаншалықты мүмкін, дүниені танып білуге бола ма деген сұрақ. Әлем шексіз, ал адам шектеулі. Осы сұрақтың жауабына қатысты философия тарихында үш негізгі ұстаным бар. Олар -скептицизм, оптимизм (гностицизм) және агностицизм.
Скептицизм (грекше. skeptikos - ойланушы. зерттеуші) баяғыдан бері жалпы қабылданған. тіпті аксиомаға айналған қағидалардың ақиқаттығына күмәндану.
Агностицизм (грек. а-емес, gnostos - білім) - дүниенің танылмайтындығы туралы ілім. Агностиктердің ұстанымы бойынша адам әлемді тек шекті түрде ғана таниды немесе мүлде тани алмайды.
Гностицизмді жақтаушылар танымның қазіргісі мен келешегіне оптимистік тұрғыдан қарайды. Олардың пікірі бойынша дүниені тануға болады, адамда танымның шексіз мүмкіндіктері бар.
Дүниені танып білу екі сатыдан – сезімдік және рационалдық, логикалық ойлау сатысынан тұрады.
Сезімдік таным дегеніміз – сезім мүшелері: көру, есту, сезіну және басқа да сезім мүшелері арқылы жүзеге асырылатын танып білу.
Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсік, қабылдау, елестету арқылы жүзеге асырылады.
Түйсік – материалдық обьектілердің, заттардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Түйсіктер дегеніміз - сезім мүшелеріне тікелей ықпал жасайтын материалдық заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын, қасиеттерін, жақтарын мида бейнелеу болып табылады.
Түйсіктер негізгі екі топқа:
1. сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін түйсіктерге (көру, есту, дәм сезу, тері)
2.денеміздің бөлшектері қозғалысын және ішкі органдарымыздың жайын бейнелейтін түйсіктерге бөлінеді.
Қабылдау дегеніміз – сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы материалдық заттың тұтас бейнесі.
Елестету дегеніміз – ол қазіргі сәтте сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейтін, бірақ бұрын олар белгілі бір формада қабылданған заттың сезімдік образы. Елестетудің физиологиялық шарты – бұрын қабылданған нәрселердің бейнесінің ізі сақталып, қажетті кезінде қайта жаңғыруы. Таным процесінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз ететін бұл таным функциясы ес, есте сақтау деп аталады. Есте сақтаусыз тану мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет