Тақырыбы: Таным теориясы Жоспар



бет1/4
Дата11.04.2023
өлшемі0,62 Mb.
#174183
  1   2   3   4
Байланысты:
12.Таным теориясы


Тақырыбы: Таным теориясы


Жоспар:
1.Сезімдік таным.
2.Логикалық таным.
3.Ақиқат теориясы.


Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Ә.Х. Тұрғынбаев. Философия. - Алматы: «Білім», 2015. 169 - 200 бб
2. Г.Ә. Кактаева. Философия негіздері. – Астана: «Фолиант», 2010. 98 - 112 бб
Қосымша әдебиеттер:
1.Т. Ғабитов. Философия. - Алматы: «Раритет», 2008. 186 - 198 бб
2.А. Боженов. Основы философии. – Астана: «Фолиант», 2017. стр. 196 - 206
3.Ю.М. Хрусталев. Философия. - Москва: «Академия», 2016. стр. 186 - 191

Ерте заманнан-ақ адамдар өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты.


Таным деген не, оның негізгі формалары қандай, білмеуден білуге, үстірт білімнен терең білімге өтудің заңдылықтары қандай т.б. философиялық мәселелерді таным теориясы немесе гносеология қарастырады. Гносеология термині гректің «gnosis» - білім және «logos» – ұғым, ілім деген сөздерінен шыққан.
Таным теориясы философиямен бірге пайда болған. Таным теориясымен алғаш айналысқан ертедегі грек философтары Демокрит, Платон, Аристотель. Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 ж. шотланд философы Дз. Феррерердің еңбектері негізінде пайда болды. Философия тарихында таным теориясына мән беріп, ерекшелігіне ден қойған неміс ойшылы Кант. Негізгі тарихи формалары: антика заманының скептицизмі және Канттың агностицизмі. Таным проблемалары маркстік философияның басты мәселелерінің бірі болып саналады.
Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес.Сондықтан адам танымы белгілі бір қоғамда, қоғамның практикалық қажеттілігіне сай жүріп жатады.
Таным – адам санасын дамытудың негізі. Адамның жаңа білімдерді игеру процесі таным деп аталады.Танымның субьектісі - адам, қоғам. Танымның обьектісі - қоршаған орта.
Таным – адамның мақсатына бағытталған және шығармашылық іс – әрекетінің әлеуметтік процесі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді, ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған.
Таным өте күрделі процесс, ол ұдайы даму үстінде болып отырады. Ол адамға зат пен құбылыстардың сыртқы және ішкі құпиясын меңгеруге жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет