Тақырыбы: Теңге-тәуелсіздік символы



Дата25.01.2020
өлшемі47,4 Kb.
#56478
Байланысты:
docx1543572020

Тақырыбы: «Теңге-тәуелсіздік символы»

Мақсаты:


Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі  — теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы  мағлұматтар беру.

Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту.

Елін, жерін сүйіп құрмет  ұтатын жас жеткіншектерді елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: белсенді тақта,  теңгелер, әртүрлі  валюталар, тапсырмалар.

Барысы:

Мұғалімнің сөзі:



Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! " Теңге-тәуелсіздік символы " атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Ал енді балалар ортаға шығып,бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіріп топқа бөлінейік.

Балалар мен енді бүгінгі тәрбие сағатымызды жұмбақ арқылы ашқым келіп отыр.

Әлемнің тынысы


Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге)

Демек бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы" Теңге-тәуелсіздік символы "

Тәуелсіздік –біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік –біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.


  1. Балалар біздің Отанымыз?

  2. Біздің елбасымыз кім?

  3. Рәміздерге нелер жатады?

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.


Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы

 «Теңгенің  шығу  тарихы»



Бейнежазба

 «Теңгенің  шығу  тарихы»  жайында мағлұмат.

Тәуелсіздік –біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік –біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.

Әрбір  елдің  тарихында үлкен  шежіре,тарих жатыр.Ал  біздің еліміз  үшін ХХ  ғасырдың  маңызы  зор. Себебі, еліміз  тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің  белгілеріне  ие  болды.Ал осы жылы еліміз Ұлттық теңгеміздің 25 жылдығын тойлап жатыр.

Біздің  ұлттық бейнемізді,болмысымызды,тарихымызды  көрсететін  рәміздеріміз бар.Елтаңба,Әнұран мен Туымызбен бірге  тағы  бір белгі  — ұлттық теңгеміз бар. Теңге 1993жылы  15 қараша күні  дүниеге келді. Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.

Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет»,- деді.

Алғашқы теңгелер жер асты қоймаларынан елдің барлық банктеріне 8 күн ішінде жеткізілген. 1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шықты. Қарашаның 12-сіндегі Президент Жарлығынан 3 күннен кейін теңге айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада таңғы 8.00-де басталып, 20 қараша күні 20.00-де аяқталды

1992 жылы теңге дизайнындағы бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте –Абай, елу теңгелікте - Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі салынған.

Қазақстанның ақша сарайы металл тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған монеталармен алмасты.


Банкноттардың бет жағында, ортаңғы бөлігінде”Астана-Бәйтерек” монументі қазіргі заманғы сәулеттің конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкноттың ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналды сандық белгісі жазылған.”Бәйтерек” ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған
Оң жақ жоғарғы бөлігінде - мемлекеттік жалау бейнеленген. Банкноттың төменгі бөлігінде сенімді шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдика ашық алақан бейнеленген.
Оң жақ төменгі бұрышында тігінен номиналы 200, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге деп жазылған.
І бөлім. « Постер жасату» \Топтық жұмыс\

1. Ең алғашқы теңгелер

2. Қазіргі теңге

3. Қандай суреттер бейнеленген?


ІІ бөлім. "Әр елде өз валютасы" \Жұптық жұмыс\

Қырғызстанда-/сом/        Ресейде -/рубль/         

Америкада — / доллар/   Украинада — /гривна/

Қытайда — / юань/              Өзбекстанда — /сум/

           

ІІІ-бөлім.

Жағдаяттар шешу.
1-жағдай: 

Биылғы оқу жылында  қазақ  тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық  бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі,жыртық.Сен оқулықты  ұстағың келіңкіремей  тұр .Сенің іс-әрекетің …?



2-жағдай: Сен екі ініңді  бала бақшадан алып  қайттың.Інілерің  қарындары ашқандарын айтты. Сенде  60 теңге бар.

 Балмұздақ  60 теңге, 3 алма 60 теңге,  1 қорап сағыз  60 теңге.Қай затты алар едің? Неге?



3-жағдай: Сенің  былтырғы етігің өзіңе шақ.Бірақ оны кигің  келмей тұр.Жыртық болмағанмен,ескі.Ойыңды әкеңе айтып едің,әкең айлық әлі алмағанын айтты.Сенің  әрекетің…?

Қорытынды

«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдаланып, ақшаның қызығына түсіп кетпей жан - жағымыздағы адамдарды ойлайық.



«Ақша – уақыт тынысы», бірақ ақшаға достықты,туыстықты сатпа, ақшаны көріп жолдан тайып кетіп жүрме, 100 сомың болғанша, 100 досың болсын...

Қазіргі кезеңде Мемлекетіміз көтеріліп келеді, болашақта білімді, саналы азамат болып өсуімізге барлық жағдай жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып еліміздің ертеңі жарқын болуына сіздер де ертең еңбек етесіздер, соған лайықты ұлан болып өсіңіздер. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Ұлттық теңге-тәуелсіздігіміздің нышаны» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет