«Бекітемін»
Атырау қаласы химия-биологиялық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік
мектебі» директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Идрисова Р.Т._____________________
Өткізілген күні:____________
Тақырыбы:
|
«Теңге — ұлттық құндылық»
|
Мақсаты:
|
Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі — теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру;
Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту;
Елін , жерін сүйіп құрмет тұтатын жас жеткіншектерді елжандыққа тәрбиелеу.
|
Өткізілу әдісі:
|
Психологиялық тренинг, мағлұмат беру, сұрақ-жауап
|
Көрнекілігі:
|
Тақырып аты жазылған плакат, 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 теңгелер суреттері, әртүрлі валюталар, кроссворд
|
Жүру барысы:
|
І. Ұйымдастыру
1.Оқушыларды теңгенің 21-жылдығымен құттықтау;
2.Теңгінің шығу тарихымен таныстыру
ІІ. Негізгі бөлім
1.Алдын-ала дайындаған оқушылардың сөздерін, өлеңдерін тыңдау;
2.«Әр елде — өз валютасы» ойыны;
ІV.Кешті қорытындылау.
Кроссворд шешу.
|
Қорытынды:
|
Оқушылар теңге жайлы көп ақпарат білетіндіктерін көрсетті. Сұрақтарға оңай жауап тауып, кроссвордты тез шешті. Кеш қызықты өтті.
|
Өткізген: «Кайрат» шаңырағының тәлімгері З.А.Кумарова
Атырау қаласы «химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»
«Теңге — ұлттық құндылық»
Өткізген: «Кайрат» шаңырағының
тәлімгері З.А. Кумарова
Атырау-2016 жыл
Тақырыбы: «Теңге — ұлттық құндылық»
Мақсаты:
Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі — теңгемен таныстыру,төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру;
Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту;
Елін , жерін сүйіп құрмет тұтатын жас жеткіншектерді елжандыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырып аты жазылған плакат, 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 теңгелер суреттері, әртүрлі валюталар, кроссворд.
Барысы:
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Кеш жарық, оқушылар! Барлығынызды бүгінгі теңгенің 21 жылдығымен шың жүректен құттықтаймын! Теңгеміздің мәртебесі асқақтай берсін! Осы мейрамға байланысты өткізгел отырған «Теңге – ұлттық құндылық» атты тәрбиелік шарамызды ашық деп жариялаймын.
Әрбір елдің тарихында үлкен шежіре,тарих жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болды.
Біздің ұлттық бейнемізді,болмысымызды,тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба,Әнұран мен Туымызбен бірге тағы бір белгі — ұлттық теңгеміз бар. Теңге 1993жылы 15 қараша күні дүниеге келді.
Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді.
Алғашқы теңге « Харрисон Санс » фирмасында бір жыл ішінде өңделіп, басылды. Демек, теңгенің алғашқы нұсқасы Англияда шықты.
Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген.Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары бейнеленген. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Тақтаға 1,3,5 теңге суреттері ілінеді.
1-оқушы:
Әбу-Насыр –әл –Фараби
Ол Отырарда дүниеге келген.Арабтар бұл қаланы Фараб деп атаған.Әл- Фараби орта бойлы,мығым денелі, батыл болып өседі.Бала күнінен атқа шапқыштығымен,мергендігімен көзге түседі.Түркі,парсы,араб тілдерін мүлтіксіз сөйлейді.Грек,латын тілдерін жақсы білген. Ол дүние жүзінде Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. Әл- Фараби 150 жуық еңбек жазған.
2-оқушы:
Сүйінбай
Алматы облысы,Жамбыл ауданында дүниеге келген.Балалық шағында кедейшілік,жоқшылық көреді.Соған қарамастан 14-15 жасынан бастап ақындық өнерге машықтана бастайды.Сүйінбай келе-келе нағыз суырып салма,айтыстың ақйық ақынына айналады. Сүйінбай халық мұңын мұңдап,үстем тап өкілінің әділетсіздігін бетіне басып,әшкерелеп отырған батыл да әділ ақын. Оның өлеңдерінде адамның мінез-құлқы,адамгершілігіне, жақсы-жаман қасиеттеріне көңіл бөлінеді.
3-оқушы:
Құрманғазы
Құрманғазы – қазақтың күйші, сазгері,домбырашысы.Күй өнерінің классигі.Оның әнге әуестігі жастайынан байқалады. Алты жасында әкесі байдың қозысын бағуға жібереді.Зейінді туған бала әке-шешесінің жағдайын түсініп, олардың айтқанына қарсы келмейді. Жалғыз серігі қолдан жасалған домбырасын йығынан тастамайды. Құрманғазы қуғын-сүргінді көп көрді.1880 жылдардың бас кезінде Астрахань жаққа қоныс аударды.
Тақтаға 10,20,50,100 теңге суреттері ілінеді.
4-оқушы:
Шоқан Уәлиханов
Ол өте ақылды,көреген,өз заманының білімді адамы болды. Орысшаға қоса бірнеше шығыс тілін білген.Шоқан әуелінде қазақ мектебінде оқиды.Мұнда арабша оқумен сурет салуды үйренді.Шығыс әдебиетімен танысады.Араб,парсы,ұйғыр тілдерін меңгерген. 1853 жылы Кадет корпусын бітіреді.Сол мамандығы бойынша қызметте істейді. Шоқан ғалым, саясатшы,географ, суретші,әдебиетші,тарихшы.
5-оқушы:
Абай Құнанбаев
Абай- қазақтың ұлы ақыны,сазгер,философ, қазақ әдебиетінің негізін салушы.Ол әуелде ауыл молдасынан оқиды.10 жасқа толғанда әкесі оны Семейге медресеге оқуға жібереді.Мұнда араб,парсы,шағатай тілдерін меңгереді.Науаи,Низами,Фирдауси сияқты оқымыстылардың шығармаларын құныға оқиды. Орысшасын өз бетінше жетілдіре түседі. Абай өлеңдері татулықты,достықты уағыздайды.Оның елуге жуық қара сөздері бар.Көлемі қысқа,мағынасы терең.
6-оқушы:
Әбілқайыр
Кіші жүздің ханы.Қазақ жастарының қолбасшысы. Күшімен, айласымен,батылдығымен, шабуылды ұйымдастыра білуімен даңқы шықты.
7-оқушы:
Абылай хан
Азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр.Ол 1711 жылы Түркістан билеушісі « қанішер » Абылайдың ұлы Көркем Уәлидің шаңырағында туған.Түркістанды қалмақтар басып алғанда әкесі өліп,өзі далаға қашып,аман қалады.Шашы өскен,қара тымақ киген жұпыны киімі бар балаға Төле би « Сабалақ » деп ат қойыпты.Өсе келе ұрыстарға қатысады.Ол « Абылайлап » ұран салады. Жеңістерден кейін ол Абылай атанады.
Мұғалім: Ұлттық валютамыз ҚР Президентінің 1993жылғы 12 қарашада Жарлығымен осыдан 18 жыл бұрын 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сегізден бастап айналымға енгізілді.Осы күн тарихи датаға айналды, бұл күн ҚР ұлттық валюта күні ретінде атап өтеді.
Ұлттық валюта – теңге банкноты және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнота – Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета Өскемендегі монета сарайында дайындалынып шығарылады.
8 - оқушы:
Күні нұрлы,ақ таңы
Жері гүлдей бақтағы
Ел ырысы – тайқазан
Төл теңгеміз қақпағы
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге — ел тірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.
Мұғалім:
«Әр елде — өз валютасы»
Қырғызстанда-/сом/ Ресейде -/рубль/ Германияда — /марка/
Америкада — / доллар/ Ұлыбританияда-/фунт/ Украинада — /гривна/
Қытайда — / юань/ Тәжікстанда — /манат/ Өзбекстанда — /сум/
Түркияда -/ лира / Латвияда - / лат / Кореяда — / йена /
Сұрақ–жауап: кроссворд
Теңгенің суретін салған кім?
Әбілқайыр неше теңгеде белгіленеді?
Түрлі елдердің банкнотасы мен монетасын, көне ақшаларды жинайтын адам.
Теңгенің алғашқы нұсқасы қайда басылды?
Бразилия валютасы.
Анықтама
14 қараша 2016 ж.
Күн тәртібінде:
Теңгінің шығу тарихымен таныстыру;
«Әр елде — өз валютасы» ойыны, кроссворд.
Сабақ теңгенің 22-жылдығымен құттықтаудан басталды. Қысқаша теңгенің шығу тарихы, ескі банкноттарда бейнеленген ұлы ғалымдардың өмірбаяны жайлы сөз қозғалды. Мысалы, Әбу-Насыр әл-фараби, Сүйінбай Аронұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Әбілқайыр, Абылай хан. Оқушылардың өлең жолдары тыңдалды. «Әр елде — өз валютасы» ойыны ойналды. Бұл ойынның шарты бойынша мұғалім атаған валюта атауын тақтада ілінген ел атауына сай етіп орналастыру. Сабақ соңында балалар кроссворд шешті. Жауаптарын тез таба білді.
«Әр елде — өз валютасы» ойыны сәтінен
Қатысқандар: 8 «С» сынып оқушылары
Өткізген: «Кайрат » шаңырағының тәлімгері
Кумарова З.А.
Достарыңызбен бөлісу: |