Тақырыбы: технологиялық машиналарды жөндеу



бет17/41
Дата06.09.2023
өлшемі121,81 Kb.
#180375
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
Жөндеу технологиясы

Алюминиді пісіру
Алюминидің пісірілуі оның бетінде жұқа (2 мкм дейін), қиын балқитын (20500С) алюминий тотығының қабығы қалыптасуымен күрделенеді. Осы қабықтың жойылуынсыз пісіруді жүргізу мүмкін ретінде литидің, калидің, натридің және кальцийдің фторлық немесе фромдық тұздары қолданылады.
Өздігінде алюминий электрдоғалы және газды пісірумен пісіріледі. Алюминиді газды пісіру нетралды жалынмен немесе елеусіз артық шығындағы ацетиллені бар жалынмен жүргізеді. Жаттықтыру материалы ретінде СвА97, СвАМц, СвАК5 және басқа да маркалы сымдарды қолданады. Пісіру алдын пісіруші бөлшекті 200-2500С температураға дейін қыздырады. Пісіруден соң ішкі кернеуден босату үшін және майда дәнді жік алу үшін термиялық өңдеуді жүргіземіз (екі сағаттық ұстаумен 300-3500С температурада күйдіру және баяу суыту)
Алюминий – кремнилік қоспаны флюссіз пісіруге болады, ал тотықтық қабықты механикалық тәсілмен жояды.Алюминиден жасалған конструкцияны доғалы пісіру барысында пісірілуші қырлардың тазалығы негізгі мағынаға ие болады. Сол себепті пісірер алдын болат мұқият тотықтық қабаттан тазартылады. 15-20 мм ендегі түпкілікті қырларды тазалауды тікелей пісірер алдын тотықпайтын болаттан дайындалған шеканың көмегімен орындайды. Осылайша тазартылған қырлар 5-6 сағат ішінде пісіруге жарамды. Нұсқалған мерзім аяқталғаннан соң қырлар қайта тазартылады.
Пісіруге тазартудың ең тиімді әдіс химиялық тазалау әдісі. Қырларды майсыздандыру үшін пісірілу қырлары сілтілердің әлсіз ертінділеріне батырылады, бұл ерітінді қолданылар алдын 60:700С температураға дейін қыздырылады. Пісіру кезінде қолданылушы әдістердің бірі бұл, бөлшекті артофосфат қышқылының судағы ерітіндісі (300 Т/л) мен хромликте (0,1:1 г/л) судағы ерітіндісінің 20-300С температурада беттік қабатты тазарту . Өңдеу уақыты бұл кезде 15-20 минутты құрайды. Беттік тазартудан соң бөлшекті таза суда жуып ыстық ауамен кептіреді.
Химиялық тәсілмен пісіруге дайындалған бет, пісіруге 24-36 сағат аралығында жарамды.
Электрдоғалы пісіруді балқымайтын электрод көмегімен және балқитын болат электродпен жүргізуге болады. Бірінші жағдайда, сапалы жік алу үшін флюсті қолданады. Флюстің шамасын пісірілу жігінің сыртқы көрінісі бойынша анықтаймыз.
Жіктің тегіс және жылтыр беті, қара дақсыз және кеуексіз, флюстің жетіспеуі немесе артық шамасы кеуектердің орын алуына әкеліп соғады.
Балқитын болат электродты қолданумен жүретін доғалы пісіруді 5 мм кем болмайтындай қалыңдығы бар үлкен бөлшектерді қосу үшін қолданылады.
Пісіру кезінде 03А-1, 03А-2 типті жақпасы бар электродты қолданады. Электродты қатаң түрде жікке перпендикуляр ұстау қажет, оның көлденең тербетілуі рұқсат етілмейді. Бұл кезде элекрод қозғалысы біркелкі, ал доғаның ұзындығы минимал болуы тиіс.
Алдын ала қыздыруды болат қалыңдығы 6 мм және оның жоғары болғанда қолданады. Қажет қыздыру температурасы 100-4000С.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет