Тақырыбы: технологиялық машиналарды жөндеу


Бөлшекті электролиттік қалпына келтіру



бет18/41
Дата06.09.2023
өлшемі121,81 Kb.
#180375
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
Жөндеу технологиясы
Еңбек қорғау пәнінен тест жұмыстары
Бөлшекті электролиттік қалпына келтіру
Бөлшек бетінде электролиттік металл қабатын өсіру немесе жапсарлауға балқымаларды тұндыру, хромдау, темірлеу, никелдеу, мыстау, мырыштау және т.б. әдістер жатады. Жиі жөндеу тәжірибесінде хромдау мен темірлеуді қолданады. Бұл кезде алынатын төсем қалыңдығы – хромдауда 0,2 – 0,3 мм, ал темірлеуде – 2-3мм-ге дейін жетеді. Бұл жағдай темірдің хромға қарағандағы тұну жылдамдығы 10-20 есе үлкендігіменен түсіндіріледі.
Электролиттік хромдау барысында атқылығы мен тозу төзімділігі жоғары және де корорзияға қарсы қасиетті қабат ал үшін қолданады. Темірлеу барысында алынатын төсем қаттылығы хромға қарағанда төмен болғаныменен, өзіндік физико-механикалық қасиеттері бойынша орташакөміртекті болаттарға сай келеді. Темірлеуді қалпына келтіру әдісіретінде де, сондай-ақ хромдық қабатқа астар қабат келтіру ретінде де қолданады. Темірлеу барысында сапалы тұнба қалыңдығы 1,5 мм-ге дейінгі жағдайда қамтамасыз етіледі. Соныдықтан да едәуір қалың қабат алу үшін цикл толығымен бірнеше рет қайталанады.
Жөндеу шаруашылығында қалпына келтіруші бөлшектің конструктивті ерекшелігіне конструктивті материалына, пайдалану жағдайына және қажетті қабат қалыңдығына қарай электролиттік қабат төсеуде келесі электролиттер қолданылады:
-электролиттік хромдауда – құрамында 150 г/л хромогидриді, 1,5г/л күкірт қышқылы және де құрамы 250 г/л хром ангидриді мен 2,5 г/л күкірт қышқылы бар электролиттер қолданылады. Сонымен қатар процесс басталарда электролитке 1,2 – 2,5 г/л мөлшерде хромның үшвалентті ионы қолданылады. Электролиздеу процесінде катодта тотықсыздана отырып хромның алтывалентті қосылысын түзеді.
- электролиттік темірлеуде – құрамында түрлі үйлесімде хлорлы темір, хлорлы натрий және тұз қышқылы бар электролиттер қолданылса, ал ваннидан тыс темірлеу үшін келесі құрамдағы электролиттерді қолданады. Хлорлы темір – 500 г/л; тұз қышқылы – 1,5 – 3,0 г/л Бөлшектің тозған өлшемін электролиттік төсем төсеумен қалпына келтіруде процесс келесі сатылардан тұрады:
1) тозуды жою және бетке немесе бет элементіне дұрыспішін беру мақсатында механикалық өңдеу;
2) электролиттік төсем төсеу
3) алынған қабатты полинал (бастапқы) өлшемге өңдеу, қажет жағдайда механикалық өңдеу
Электролиттік төсем төсеу сатысы, төсем төселмейтін беттерді изоляциялау, бетті майсыздандыру, тотық пленкасын алу, тұнба төсеу, қабатты тұнба өнімінен шайып тазалау технологиялық өтулерді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет