Тозу тұрақты материалдарменбалқыма қабат төсеу Бөлшек бетінің тозуға тұрақтылығын жоғарылату үшін, интенсивті абразивті және эррозиялық тозу жағдайында жұмыс істейтін, олардың бетіне қатты қоспадан балқыма қабат төсейді. Бұл кезде қоспаландырушы элементтер жақпа қабатының құрамына енгізілген пісіру сымынан дайындалған стержендік электродтар кең қолданыс тауып отыр.
Балқытылған қабаттың физико-механикалық қасиетіне қойылған талапқа байланыстағы келесі электродтарды қолданамыз:
1.Т-300 электроды. Соққы күшінсіз абразивті тозу жағдайында жұмыс істейтін, шойындық және болат бөлшектерге балқыма қабат төсеу үшін қолданылады
2.Т-600 электроды. Абразивті тозу және бірқатар төмен соққы күші жағдайында жұмыс істейтін болат және шойыннан жасалған бөлшек үшін қолданылады.
3.Т-540 электроды. Абразивті тозу және соққы күші жағдайында жұмыс істейтін бөлшекте балқыма қабат төсеу үшін қолданылады.
Балқытылып төселген қабат беті, балқытылған валикпен қалыптасқан үлкен толқындыққа ие болады. Сол себепті, механикалық өңдеу барысында үлкен әдісі – шамасын тағайындауға мәжбүр етеді. Ал бұл өз кезегінде кескіш құрал шығынының өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайларда механиклық өңдеудің еңбексиымдылығын – төмендету үшін балқыма қабат төсеумен бірге бір мезгілде жазғылау роликтерімен жұмсақ деформациялауды қолданады.
Доғалы балқыма қабат төсеу барысында негізгі болаттың терең балқытылуының салдаырнан, талап етілген қасиеті мен қоспа құрамы үшінші және онан кейінгі қабаттарда қалыптасады. Сол себепті балқыма қабат төсеу үш қабаттан аз болмайды. Балқыма қабат төсеуді кері полярлықтағы токта жүргізеді. Бірінші өтуде азайтылған ток күшін қолданады. Ацетилендіотекті жалын көмегімен қатты қоспадан балқыма қабат төсеу барысында балқытылып төселген қабаттың негізгі болатпен араласуы болмайды. Плазмалық балқыма қабат төсеу әдісіне қарағанда негізгі болаттың аз балқуын қамтамасыз етеді.
Балқыма қабат төселгеннен соң бөлшекті 8500С температурада күйдіруді жүргізу үшін ошаққа орналастырады, сонан соң оны баяу суытады.