Тақырыбы: технологиялық машиналарды жөндеу


Дірілді доғалы балқыма қабат төсеу



бет22/41
Дата06.09.2023
өлшемі121,81 Kb.
#180375
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
Жөндеу технологиясы

Дірілді доғалы балқыма қабат төсеу
Дірілді доғалы балқыма қабат төсеудің артықшылығы, бұл, бөлшектің қалпына келтірілуші бетінің әлсіз қызуы және де термиялық әсер ету аймағының аз шамасы. Білік материалының физико-механикалық қасиеттері тіпті өзгермейді, ал балқытылып төселген қабатқа іргелес жатқан материал аймағында структура алғашқы қалыпта сақталады. Тіпті көміртектік құрамдағы электродтарды қолдану барысында өзіндік жоғарғы беріктік және де тозуға тұрақтылығымен өзгешеленетін балқытылған болаттың шынықтырылған структурасының барлық түрін алуға мүмкіндік туады. Дірілдоғалы балқыма қабат төсеуді шынықтырылған және шынықтырылмаған болаттар үшін, сондай-ақ цементецияланылған төмен қоспалы болаттардан дайындалған бөлшектерді қалпына келтіру үшін қолдануға болады. Бұл тәсілмен диаметрі 15 мм және онан жоғары цилиндрліка бөлшектерде балқыма қабат төсеуге, подшипниктің отырғызылу беттерін қалпына келтіруге болады. Бұл әдісті бұранда, майда шлица түріндегі пішінді беттер үшін қолдану тиімсіз.
Дірілдоғалы балқыма қабат төсеудің негізгі кемшіліктері: қалпына келтірілген болаттың шаршау беріктігінің төмендеуі; кейінгі өңдеудің күрделенуі; осы әдіспен балқытылып төселген қабатта толық жаймайынша қайта балқыма қабат төселумен немесе қалпына келтірудің басқа әдістерімен қалпына келтірудің мүмкін болмауы.
Бұл әдіспен балқыма қабат төсеудің мағынасы төмендегідей.
Балқыма қабат төсеу орнына берілген, дірілдемелі электродтық сыммен балқыма қабат төселуші бөлшек арасында мезгілді электрлік доғасы қоздырудың нәтижесінде, доға есебінен электрод ұшының және бөлшек беті балқи отырып, балқыған болат ваннасы қалыптасады. Балқыту орнына суытушы сұйық беріледі, осыған орай болат жылдам суытады. Бөлшектің тиімді айналу жылдамдығында бетінде ені электрод димаетріне қарағанда екі есе үлкен болатындай балқытылған валик қалыптасады. Қатарына төселген валик пен өзара балқи отырып тұтас қабат түзеді. Суыту сұйығы ретінде глицириннің кальциленілген соданың судағы ертіндісі қолданылады.
Тәжірибемен орнатылғандай, суыту сұйығы ретінде 10-20 % глицириннің ертіндісін қолдану барысында жақсы нәтиже қамтамасыз етіледі.
Процестің тұрақтылығ негізінен суытылу сұйығының мөлшеріне және оның берілу тәсіліне байланысты. Әдетте, суыту сұйығы тікелей балқыма қабат төселуші аймаққа емес, пісіру доғасы жанын жатқан орыннан 10-20 мм қашықтықта беріледі, ал орташа көміртекті болатта балқыма қабат төсеу барыснда бұл арақашықтық 30-40 мм аралығын қарастырады. Суытылушы сұйық аынының балқыған болат ваннасына түсу балқытылған қабат жігінде қуыстылық пен кеуектіліктерді қалыптастырады.
Сымның берілу жылдамдығын нақты жағдайға байланысты таңдап қабылдайды. Бұл жылдамдықтың тиңмді шамасы 0,6-1,5 м/мин деп есептеледі. Едәуір төмен жылдамдықта дененің жануында үзіліс болады және де балқытылған төселген валикте қуыстылық қалыптасады. Ал сымның берілуінің едәуір жоғары жылдамдықтарында, ол балқып үлгермейді.
5,4 кесте

Төселген балқыма қабат қалыңдығы, мм

Жылдамдығы, м/мин

Балқыма қабаттың төселуі

Электрод амплитудасы, мм

Балқыма қабат төселу

Сымның берілу

0,5

2

0,8

1,5

1,5

0,7

1,5

0,4

1,5

1,8

0,9

1

1

1,5

2

1,5

0,6

1,2

1,8

2

Бөлшекті қалпына келтіруді 14-18В кернеулікте орындайды. Кернеуліктің жоғарылауы барысында, процесс біршама тұрақты жүреді – ток күші өседі, ал осыған сәйкес жылу бөліну интенсивтілігі жоғарлайды. Пісіру жүйесінде ток өздігінен реттелініп отырады. Тұрақты керену барысында ток күшінің шамасы электродтық сымның диаметріне және оның берілу жылдамдығына тәуелді болады. Дірілдоғалы балқыма қабат төсеу тәртібі 5,4 кесетед берілген.
Сұйықтағы дірілді балқыма қабат төсеу процессі түзілген қабаттың шынығуымен жүретін болғандықтан, қалпына келтіруші бөлшектің механикалық өңделуі тек ажарлау әдісінің көмегімен жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет