Металлдау Металдау соққылы күш жағдайында жұмыс істемейтін бөлшектерді қалпына келтіру үшін қоладанады. Арнаулы қондырғыда балқытылған метал, - метализаторда, бірнеше микрондағы түйіршіктерге шашыратыла отыырп сығылған ауамен қылпына келтірілуші бөлшек бетіне төселеді. Шашыратылып төселген қабат пен бөлшек арасындағы ілігісу молекулярлы-механикалық күш есебінен жүреді де ол шама 10-25 МПа жетеді. Металдау мен бөлшекті қалпына келтіру процесі кезектесе орындалатын келесі үш сатыдан тұрады: 1) төсемді төсеу үшін бөлшек бетін дайындай; 2) металды төсеу; 3) металдаудан соң бетті өңдеу.
Бетті металдауға дайындау, оны тазарту және оның бетінде «үздік бұранда» ою тәсілімен қажетті адырлықта қалыптастырумен жүреді. Мұндай адырлық шашыратылған қабатпен бөлшек беті арасында сенімді ілігісуді қамтамасыз етеді. Металдауға тағайындалған бөлшекті, оған дұрыс пішін беру мақсатында алдын ала жонады. Сонан соң үшкір кесу қыры бар кескішпен өңделген бетте үздік бұранданы ояды, үздік бұранда алу үшін кескіш ұшын біліктің айналу осінен 2,6-дан 6 мм-ге дейін арақашықтыққа төмен қарай соғыстырады. Өңдеу процесінде біліктің дірілі пайда болады, бұл өңделуші бөлшек бетінде металдың ұлғайтылуына және де үлкен адырлық шамасының қлыптасуына әкеліп соғады. Металданушы бетте ойықтар шегі болса, соншалықты оынң беттегі саны көп болады да негізгі материалмен шашыратылған қабат арасындағы байланыс жақсы болады.
Метализаторлар металды балқыту тәсіліне байланысты газ жалынды және электрлік болып келеді. Өндіріс орындарында жиі электрлік метализаторларды кеңінен қолданады. Электродты балқыту үшін, олардың арасында қоздырылушы, электр доғасын қолданады. Электродта шашыратқыш қаңқасында орналастырылады.
Металды төсеу процесі келесі кезектілікте орындалады – металды балқыту орнына беру; метал түйіршіктеріне елеулі жылдамдық беру, жылдам қозғалып келе жатқан түйіршіктің бөлшек бетіне соқтығысуы және төсемнің қалыптасуы.
Металдау барысында бөлшектің механикалық қасиеті өзгермейді, ал келтірілген елеусіз жылу салдарынан майысқақталуы мүмкін.
Металдаудың кемшілігі – төсемнің бөлшек материалымен ілігісуінің төмен беріктігі мен процесстің үлкен еңбек сыйымдылығы. Сол себепті металдаудың қолданылуы, сйық үйкелісу маен елеусіз жүктемелер жағдайында жұмыс істейтін ірі бөлшектерді қалпына келтіру үшін шектелген.