Тақырыбы: технологиялық машиналарды жөндеу



бет24/41
Дата06.09.2023
өлшемі121,81 Kb.
#180375
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
Жөндеу технологиясы
Еңбек қорғау пәнінен тест жұмыстары
Электролиттік әдістер
Бөлшекте электролиттік төсем төсеу әдістеріне хромдау, темірлеу, никелдеу, мыстау, цинктеу және т.б. әдістер жатады. Жиі жөндеулер кезінде хромдау мен темірлеу қолданылады. Төсемнің максимал қалыңдығы хромдау барысында 0,2-0,3 мм-ге, ал темірлеу барысында 2-3 мм-ге жетеді. Бұл жағдай темірдің хромға қарағандағы тұндырылу жылдамдығы 10-20 есе жоғарылығымен түсіндіріледі. Хромдау бөлшекті электролиттік қалпына келтіру әдістерінің ішіндегі басты мағынаға ие болады, себебі хромдық қабат төселген бөлшектер үлкен қаттылық пен тозу тұрақтылыққа ие. Сондай-ақ мұндай төсемдер үлкен коррозияға қарсы тұру қасиетіне ие болады. Темірленген беттер елеусіз қаттылыққа ие болады. Темірлеу әдісіимен төселген қабат, өзіндік физио-механикалық қасиеті бойынша жуық шамамен орташа көміртекті болаттарғ сәйкес келеді.
Электролиттік хромдау
Хромдау процесі, өзіндік жоғарғы тозу тұрақтылығымен, қаттылығымен, аз үйкелісу коэффициентімен, және де негізгі материалмен жақсы ілігісуімен сипатталатын бетті алуға мүмкіндік береді. Хромдаудың негізгі кемшілігі – хромның электролитте төмен тұну жылдамдығы мен оның майлау майымен нашар малынуы. Іс-тәжірибеде хромдау процесін жүргізу үшін құрамында негізгі компоненті ретінде хромның анедридін қарастыратын электролиттер қолданылады. Сапасы бойынша қанағаттандырылатын хромдық төсем алу үшін, хромда елеусіз шамадағы SO4-2 ионы бар болуы қажет. Әдетте электролитте хромдық ангридиді мен күкірт қышқылының қатынасын 100:1 етіп қабылдайды. CrO аз консентрациясы кезінде біршама үлкен ток бойынша шығынды алуға болады., бірақ ваннада кернеу жоғарылайды. Төмен консентрациядағы электролиттерде жоғары консентрациядағы электролиттерге қарағанда жоғарғы қаттылықтағы төсем алуға болады. Бірақ төмен консентрациядағы электролиттің кемшілігі – жиі хромдық ангридидінің қосылып отыруы. CrO3 үлкен консентрациясы хромның ток бойынша шығынын төмендетеді және үлкен электролид шығынына әкеліп соғады. Бөлшекті қалпына келтіру үшін негізінен төмен немесе орташа консентрациядағы электролиттерді (150-250 г/л CrO3 және 1,5-2 г/л H2SO4 немесе 200-250 г/л CrO3 және 2,-2,5 г/л H2SO4 ) қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет