Тақырыбы: технологиялық машиналарды жөндеу


Пластмассалық бұйымдарды пісіру және желімдеу



бет27/41
Дата06.09.2023
өлшемі121,81 Kb.
#180375
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
Жөндеу технологиясы
Еңбек қорғау пәнінен тест жұмыстары
Пластмассалық бұйымдарды пісіру және желімдеу
Пластмассаны пісіруді, пісірілуші бетті сұйық аққыш күйге дейін қыздырудың көмегімен орындайды. Жылу көзі ретінде қыздырылған ауаны қолданады. Ауа тепмературасы пластамасның түріне байланысты болады. Пісіру присадкалық материалдарды қолданумен және онынсыз жүреді. Присадкалық материалдарды қолданусыз пісіру кезінде сұйық аққыш күйге дейін қыздырылған түйісу қырларын 0,2 + 0,4 мПА қысым түсіре отырып қосады. Бұл кезде суытуды күштік жағдайда жүргізеді. Қыздыру температурасы: фторопласт үшін – 3700С; органикалық шыны үшін -140 + 1450С; полипропилен -210+2400С құрайды.
Пластамассалық құбырларды пісіріп жалғастырудың конструкциялары. (а-қиғаш: б-корпусты: в-бір-біріне кигізіп)
Пісірілу жік материалының беріктігі, негізгі материалға қарағанда төмен болғандықтан, пісірілу орындарын күшейту үшін конструктивтік сипаттағы шараларды қолданады. Пластмассалық құбырлардың жалғанған жерлерін пісіру кезінде, пісірілу түйіспелерін мықтау үшін, қиғаш (5,1 а сурет), конустық (5,1 б сурет) бір-біріне кигізілген) (5,1В сурет) жасақтауларды қолданамыз. Пластмассаны желімдеулі негізінен басты мақсатта құбырлар мен қаңқаларды герметизация, төсем төсеу және бұйымның бүтінділігін қалпына келтіру барысында қолданады.
Жөндеу кезінде желімдеуді қолдану жерлері бұл, қоңқалық бөлшектердегі жарғыншақтармен өн бойына өткен саңлауларды бітеу, қозғалмайтын қосылыстарды қалпына келтіру, майысулар мен тегіссіздіктерді түзету.
Қозғалмайтын қосылыстарды қалпына келтіру үшін, ең алдымен бөлшектерді коррозия өнімдерінен тазартамыз. Желімдену бетін ұлғайту үшін бетке жасанды адырлық береміз. Бұл үшін бетті егеумен, кескішпен және тағы басқа да өткір жүзді құралдармен дөрекі өңдеу әдістерін қолданамыз. Сонан соң бөлшекті майсыздандырып кептіреміз. Процестің аяқталушы сатысы бұл, бөлшектерді бір-біріне қосу және түрлі көмекші құрылғылар көмегімен қосылысқа қысым түсіру.
Өнеркәсіптердегі жөндеу шаруашылығында кең қолданыс тауып отырған эпоксидті негіздегі желімдер. Бұл желімдер келесі бір қатар құнды қасиеттерге ие – коррозияға қарсы тұру қасиеті, мұнай өнімдерінің қышқылдар мен сілтілер әсеріне тұрақты желімдік қосылыстар беріктігі температураның 1000С-қа дейінгі жоғарылауы кезінде әлсіремейді.
Эноксидтік негіздегі желімдердің негізгі компоненті бұл ЭД-16, ЭД-20, ЭД-40 эпоксид смолаларға жұмсартқыштар (салмағынан 16 пайызға дейін) қосылады. Жұмсартқыш ретінде дибутил фтолатты қолданады. Тікелей, қолданар алдын 7-16 пайыз мөлшерде қатайтқыштар қолданады. Қатайтқыштарды таңдап қабылдау түйіспенің жұмыс істеу жағдайына және де жөндеу жұмысының сипатына байланысты. Өте жоғары температурада жұмыс істейтін түйіспелер үшін (1200 С дейінгі) фталилік және малейіндік андегридтерді қолданамыз. 100С дейінгі температурада жұмыс істейтін түйіспелер үшін полиэтилен полиамидті қолданады. Қатайтқыштарды желімге жұмыс бастауға 15-20 минут алдын араластырылады. Малейндік қатайтқыштарды қолдану барысында бұл мерзім 5 тәулікке дейін созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет