Тақырыбы: технологиялық машиналарды жөндеу


Жабдықты сақтау және пайдалануға тапсыру



бет4/41
Дата06.09.2023
өлшемі121,81 Kb.
#180375
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Жөндеу технологиясы

Жабдықты сақтау және пайдалануға тапсыру
Тозған жабдықты ауыстыруға немесе технологиялық жүйені монтаждауға қажетті жабдықтар, пайдалану орнына түрлі тасымалдағыштардың (су, теміржол және автомобиль) көмегімен тасымалданады.
Тасымалдау процессі тасымалдану жабдықтарының сақталуының осал жері болып келеді, себебі бұл кезде жеке түйіндердің деформациясы, сыртқы және қорғалмаған беттердің коррозиялық тозуға ұшырау мүмкін.
Дайындаушы-зауыты жабдықты жөнелту кезінде оын орамдарға орауы тиіс және де жүкке берілген тізімде жұмысқа пайдалану құжаттары: 1) техникалық сипаттамасы; 2) жұмысқа пайдалану нұсқаулары; 3) техникалық қызмет көрсету, монтаждау, ретке келтіру және жұмысқа қосуға қажетті нұсқаулар; 4) төл құжат; 5) қосалқы бөлшектер мен құралдар тізімі келтіріледі.
Ірі салмақты жабдықтар үшін, бөлшектелген түрде жеткізілетін жанасушы орындарын белгілеудің шартты белгісін және де жабдықтың бөлшектелген монтаждық біліктері тізімін көрсете отырып қосымша таңбалаушы сұлбасы беріледі.
Жүк тұтынушыға келіп түскен кезден бастап, жүктің сақталуын тұтынушы толық жауапкершілігіне алады. Сонымен қатар келіп түскен жабдықтың сақталуы тапсырма берушінің міндетіне кіреді.
Сақтау орны мен тәсілін таңдап қабылдауға қойлатын негізгі талаптар: бүтінділігін қамтамасыз ету; коррозиялық тозудан және ортаның басқада әсерінен қорғау; жүк көтергіш жабдықтардың болуы. Осыған орай жабдықты шаңның шоғырлануы үлкен орындарда, агрессивті қышқылдық және сілтілік ортасы бар орында сақтауға қатаң тиым салынады.
Қоймада 9 айдан артық мерзімде сақталған жабдықтардың ескі майлары жаңа майлармен алмастырылып, қайтадан сақтауға дайындалады. Негізінен жабдықтар қоймада сақталады және де бұл қоймалар келесі төрт типке бөлінеді: 1) ірі салмақты жабдықтар сақталатын ашық алаңдар; 2) тек қана атмосфера әсерінен қорғайтын жартылай жабылған алаңдар мен қалқалар; 3) жабық, бірақ жылытылмайтын қоймалар; 4) жабық және жылытылатын қоймалар. Сақтау тәсілін таңдап қабылдау жабдық түріне және мекеменің мүмкіндігіне байланысты болады.
Жабдықты монтаждауға берер алдында, ол тиісті дәрежеде дайндықтан – монтаждау алдында тексеруден өтуі тиіс. Бұл кезде орындалатын жұмыс тізімі шамамен төмендегідей болады:
· жабдықты оралған орамдардан аршу;
·ашық және механикалық өңделген беттерді қорғаушы құрылымдар мен сақтандырғыш май қабатынан тазарту;
·жабдықты шаң мен ластардан тазарту;
· техникалық шартпен талап етілген жағдайда, майлау майын ауыстыру;
· сырт көзбен тексере отырып жинақ біліктер жинақтылығыш комплектілігін және олардың техникалық күйін тексеру.
Қажет болған жағдайда жабдықты «бос» жүрісте байқап көреді. Монтаждаудан соң жабдықты жұмысқа пайдалануға тапсырады.
Жабдықты жұмысқа пайдаланудан бұрын келесі дайындау жұмыс тарын орындау қажет: коммуникациялық құбырларға және электр торабына жалғау; машинаны ретке келтіріп міндетін орындауға дайындау қажет; «бос» жүріс тәртібінде және де жұмыс жағдайында байқап көру. Іске қосар алдындағы жұмыстар мазмұны мен орындалу тәртібі пайдалану құжаттарымен тәртіптелінеді.
Жабдықты пайдалануға тапсыру актымен бекітіледі. Актыда сырттай бақылап тексеру нәтижелері келтіріледі. Қажет жағдайда байқау қысымында (егерде бұл жұмысқа пайдалану құжаттарында көрсетілген болса), «бос» жүрісте және күш түсіре отырып байқау, өнімнің бір қатар байқау партиясын алу жұмыстарын жүргізеді. Жабдықтың жұмысқа пайдалануға қабылдағаны жайындағы актыға, оның техникалық күйіне жауапты тұлға қол қояды. Қазақстан Республикасының өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау және кең қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетіне (КЕНТЕХҚАДАҒАЛАУМЕКОМ) бағынышты (қарасты) жүк көтергіш жабдықтар, электр қондырғылары мен қазаңдар комитет инспекциясының тексеруінен соң жұмысқа пайдалануға беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет