Дәйекті – түйінді әдіс, түйіндердің ауыстырылуы мен жөнделуін бір уақытта емес, қызмет ету мерзіміне байланысты тозу шамасы бойынша жүргізілуін қарастырады. Бұл кезде жөндеуді технологиялық үзіліс кезінде жүргізу тиімді. Әдісті конструктивті ерекше түйіні бар агрегат үшін қолдану лайықты болып табылады; мысалы үшін ленталы конвейрлер мен ін тәріздес элеваторлар және т.б.
Жөндеудің агрегатты әдісі, жөндеу кезінде істен шыққан агрегатты, осы маркадағы дайын агрегатыпен ауыстыруды қарастырады. Жөнделуге тиісті бөлшектелген агрегатты жөндеу үшін жөндеу кәсіпорнына (жөндеу механикалық цехына) жөнелтеді. Әдістің басты кемшілігі бұл, жабдықты қазіргі таңдағы тиімді жөндеу технологиясын қолдану және де жабдықтың модернизациялануын жүргізу мүмкіндігі. Сонымен қатар, жөндеудің құны төмендейді, ал оның сапасы артады.
Жөндеудің агрегатты әдісі жақсы жасақталған жөндеу базасы бар ірі мекемелерде, ұтымды түрде кіші габаритті жабдықтар үшін қолданылады. Бұл кезде жабдықты, жөндеу үшін орнына босатып алу және тасымалдау кезінде үлкен еңбек шығындарын талап етпеуге тиіс. Қазіргі таңда, бұл әдіс, өнеркәсібі жағынан дамыған – Жапония, Германия және т.б. елдерде кең қолдануда. Қазақстанда негізінен жөндеудің бөлшекті және түйінді әдістері қолданылады.
Жөндеулер түрі мен олардың мазмұны Жоспарлы – сақтық жөндеу жүйесі келесі техникалық қызмет көрсетулер мен жөндеулер түрлерінің орындалуын қарастырады: жөндеу аралық қызмет көрсету; мезгілді профилактикалық тексерулер; ағымдағы жөндеу; орташа жөндеу; күрделі жөндеу.
Жөндеу аралық қызмет көрсету мен мезгілді тексеруде орындалатын жұмыс мазмұны алдыңғы тарауларда қарастырылған.
Ағымдағы жөндеу барысында, келесі кезекті жөндеуге дейін жабдықты жұмыс қабілеттілік жағдайында ұстауға бағытталған жұмыс көлемі орындалады. Жөндеу жұмысының мазмұны, жеке бөлшектер мен түйіндерді (тез тозатын) қалпына келтіру немесе ауыстырудан, сондай-ақ оларды реттеп келтіруден тұрады. Жөндеудің бұл түрі жабдықтың орнатылған орнында өндірістік цехтардың жөндеу персоналдарының күшімен орындалады.
Ағымдағы жөндеу цех механигінің жетекшілігімен орындалады, ал цех механигі өз-кезінде жөндеу жұмыстарының уақытылы орындалуын және оның сапасына жауап береді.
Орташа жөндеу. Орташа жөндеу процесінде тозған бөлшектері мен түйіндерін жөндеу немесе ауыстырудың көмегімен машинаның (агрегаттың) жұмысқа пайдалану сипаттамалары қалпына келтіріледі.
Мұнда міндетті түрде барлық бөлшектері мен түйіндерінің техникалық жағдайы тексеріліп, анықталған ақауларды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар орындалады. Орындалатын жұмыс мазмұны машинаның конструциясына байланысты және де нақты жабдық үшін техникалық құжаттарға келтіріледі.
Орташа жөндеуді орындау барысында көбінесе орындалатын жалпы жұмыстар мыналар болып табылады:
- шекті тозу шамасы жеткен жеке бөлшектерін ауыстыра отырып, түйіндерді жөндеу;
- жарым-жарты бөлшектей отырып, машинаның барлық механизмдерін тексеру;
-тростарды, шынжырларды, тасымалдау лентасын, фрикциялық жапсырмаларды тексеру және тозған жағдайда оларды ауыстыру;
- тіреуіштерді жуу және тексеру, қызмет ету мерзімі анықталған жағдайда оны ауыстыру;
- редукторларды жуу, ревизия жасау және оны ретке келтіру;
- төсемдерді, тығыздағыштарды, бекіту бөлшектерін тексеру және тозған жағдайда оларды ауыстыру;
- қажет жағдайда жеке бөлшектер мен түйіндерді бояу;
- машинаны құрастыру, жеке түйіндері мен бөлшектерінің бекітілуін тексеру, ретке келтіру және де бос жүрісте, сондай-ақ күш түсіру арқылы тексеру.