Тақырыбы: Тәрбие әдістері, түрлері,ұйымдастыру формалары. Оқушылар ұжымын ұйымдастыру жолдары. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстар


Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру



бет10/10
Дата02.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#107912
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
6 ТАПСЫРМА

Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

  • Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдары
  • Оқушыларды тәрбиелеу тек сабақпен ғана шектеліп қоймайды, ол сабақтан тыс уақытта да жалғасады, тереңдетіледі. Сыныптан тыс жұмыстарға оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік, білімділік сипаттағы мақсатты түрде ұйымдастырылған шаралар жатады. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға негіз болады.Сыныптан тыс жұмыстардың оқу сағаттарының бір қатар ерекшеліктері бар:

Бірінші ерекшелігі еріктілік негізде ұйымдастырылады. Оқушылар әртүрлі шараларға қатысуды ерікті түрде таңдайды.

  • Бірінші ерекшелігі еріктілік негізде ұйымдастырылады. Оқушылар әртүрлі шараларға қатысуды ерікті түрде таңдайды.
  • Екінші ерекшелігі міндетті оқу бағдарламасы мен байланысты емес. Оның мазмұны мен формалары, оқушылардың қызығушылығына, сұранысына байланысты болады.
  • Үшінші ерекшелігі сыныптан тыс жұмыстарға қатысатын оқушылардың жас ерекшеліктері әртүрлі.
  • Төртінші ерекшелігі сыныптан тыс жұмыстарда көбінесе оқушыларға өз бетімен жасайтын жұмыстар беріледі.
  • Бесінші ерекшелігі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қоғамдық пайдалы іс – әрекетке үлкен мән беріледі.
  • Алтыншы ерекшелігі сыныптагн тыс жұмыстың формасының, әдісінің әртүрлілігі.

Сыныптан тыс шаралардың түрлері:

  • Сыныптан тыс шаралардың түрлері:
  • Дистанция ойыны;
  • Сыртқы істер клубы;
  • Әдеби музыкалық қоғам;
  • Ғылыми зерттеу орталығы;
  • Мектептен тыс мекемелер жұмысы;
  • Зияткерлік жәрмеңке:

Мектептен тыс мекемелер жұмысы:

  • Мектептен тыс мекемелер жұмысы:
  • Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыратын негізгі орталық база – мектептен тыс мекемелері.Балалармен мектептен тыс жұмыстарды жүргізетін мекемелер мемлекеттік, қоғамдық және жеке болып ұйымдастырылады. Мектептен тыс мекемелер оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыратын, шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыратын қоршаған ортамен таныстыратын, гуманистік және демократиялық тұрғыда қоғамды құруға қатынастыратын әлеуметтік тәрбие институты болып табылады. Мектептен тыс алғашқы мекеме 1918 жылы Мәскеуде « Жас табиғатты сүйушілер» деген атпен құрылды. Мектептен тыс мекемелердің кеңінен дамыған кезеңі - 20 - 30жылдар.

Мектептен тыс мекемелердің негізгі міндеттері:

  • Мектептен тыс мекемелердің негізгі міндеттері:
  • Әр оқушының қалыпты дамуына тиімді жағдай жасау;
  • Ғылыми дүние танымын қалыптастыру;
  • Адамгершілік қасиеттерін дамыту;
  • Ұлттық – мәдени дәрежесін көтеру;
  • Өз бетімен білімін көтеруге жағдай жасау;
  • Еңбекке баулу, кәсіби бағдар беру
  • Балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу;
  • Жеке және ұжымдық шығармашылығын дамыту.

Қорытынды

  • Мектеп тәрбиесінен өтпеген бала - суарылмай тұрған гүл сияқты, барлық әсем түсінен айырылып қалады.
  • Адам табиғатындағы ақылсыздықты тек тәрбиенің күшімен ғана ақылға келтіруге болады. Сондықтан тәрбиеге әрқашан бірінші жетекшілікті беру керек.

Назарларыңызға РАХМЕТ!!!

  • Назарларыңызға РАХМЕТ!!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет