ТАҚырыбы: «Тәуелсіз ел Қазақстан»



Дата17.06.2018
өлшемі18,78 Kb.
#42663
ТАҚЫРЫБЫ: « Тәуелсіз - ел Қазақстан »

Мақсаты: Балалардың Отан, Рәміздер,Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту.Мәнерлеп тақпақ айтуға, отанын елін сүюге тәрбиелеу.Жас ұрпақ бойына еліне,жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Жүргізуші: Құрметті әріптестер,балабақша бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар музыка ырғағымен залға билеп кіреді.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып кішкентай бүлдіршіндеріміз ертенгілікті ән ұранмен ашады.

Тәуелсіздік мерекесіне байланысты назарымызды слайдқа аударайық.

Жүргізуші: Мұз жастанып азаматтық жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында

Жеңіп шықты,бас имеді,қасарып

Сойыл таяқ ойнаса да жолында

Желтоқсан-ау,ұмтылмайсың жүректе

Ұрпақ өсер айналатын тірекке

Егемендік тиді міне еншіме

Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.

«Қарлығаш » тобының ұл-қыздарының тәуелсіздікке арналған тақпақтарына кезек берейік.

Хадича:Желтоқсанның ызғары-ай

Кірпікке қатқан мұздары-ай

«Елім-ай» деп егілген,

Қаһарман ұлдар, қыздары-ай.

Пернебек: Тәуелсіз 25 жыл

Сенің нұрың сөнбесін,

Ашық аспан жарық күн.

Келешегі сөнбесін

Қазақ деген халықтың!

Бону: Тәуелсіздік таңын сүйем.

Таңмен бірге келді ме өлең.

Көк туына басымды ием,

Көгімізде желбіреген.

Жавохир: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн!

Азаттықтың ақ таңы

Арайланып атқан күн!

Көңіл толып, шаттанып.

Қуанышқа батқан күн

Мерекеге шығады

Бүкіл халық біліп қой

Оандастар ұғады,

Тәуелсіздік-ұлы той!

Умида: Аласармас аспанымда,

Күнмен гүлдеп ел өседі.

Қазақстан аспанында.

Бостандықтың желі еседі.

Малика: Әнді алысқа жеткіземіз,

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз,

Тәуелсіздік ұлы күнді.

Райхона: Маған қымбат ұлы елімнің.

Шешек атқан әр гүлі.

Аялайды бәрімізді,

Азаттықтың таң нұры.

Шадияна: Сарыарқаның даласында,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің , жерім менің

Баққа қолы жеткен күн.

Камила: Бостандығым тұңғыш рет,

Аққанатын қаққан күн.

Әже әлдилеп немересін,

Басы айналған бақтан күн.

Зилола: Тәуелсіздік ұлы күнім,

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен,жасай бер мәңгі бақи,

Қуаныщқа бөлен де.

Лабар: Балабақша серпін нық,

Көкке атады бөркін жұрт.

Тәуелсіздік – ынтымақ,

Тәуелсіздік еркіндік.

Сабина: Қыста келген бақыт бұл,

Қыспай берген жақұт нұр.

Аппақ қардай пейілін

Әлемге елім шашып тұр.

Зубайда: Тәуелсіздік – ел болу

Ынтымақпен өрге озу.

Еркін және өзге елмен,

Терезесі тең болу.

София: Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Азатты елдің ұлымын.

Теңескен төбем көкпенен.

Мансур:Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Айша: Қатар шапқан қос тұлпар

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй

Елтаңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі

Назима: Ән ұраным ,жан ұраным

Айтар әнім, айтар сөзім

Туған жерім сағынарым

Жүрсем егер дүние кезіп

Қадыржан: 16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекде ел қуанып

Шаттанып ән салған күн

Маржона: Тегеурінді соққыларды жайратқан

Ақша қарда судай ақты қайнап қан

Қайдан білсін қызбаланған ерлерім

Айырларым Ләззат,Ербол,Қайраттан

Абдулазиз: Алып дүлей күштың зәре ұшқынын

Алаулатып жылатты бір қыс күнін

Сапирадай қайран қара көздерім

Тастағанын елге ерлік ұшқынын

Ирада:Жасасын азат ерлік күн

Жасасын бейбіт елмен жер

Бостандық алған қазақтың

Мәртөбесін көрсін ел.

Мехрибону: Аялап ару ананы

Өсірген еркін баланы

Бесігін бөлеп тербеткен

Отаным Қазақстаным

Жасмина: Тәуелсіздік таңнан түскен ақ сәуле

Тәуелсіздік бақыт сенде бақ сенде

Қарқындайды қариялар қашанда

Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде.

Шұғыла: Бәзжас-ұлан отан өркені

Үміт артқан болашағы ертеңі

Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп

Гүлге бөлетіп жайнатамыз өлкені

Аббос: Қуат алған өзінен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

Робия: Отан-жерім, Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан-ұран,Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді!

Ердәулет: Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі,

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Құтбереке шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты құс арғымақ

Екі жағын көмкерген.

Жүргізуші: Тәуелсіздік таңнан түскен ақ сәуле

Тәуелсіздік бақыт сенде бақ сенде

Қарқындайды қариялар қашанда

Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде.

Ән: « Ақкөгершін »

Жүргізуші: Аспанымдай мөлдірмін,

Жайлауымдай жазықпын.

Өзенімдей өршілмін,

Гүлдерімдей нәзікпін.

Би: « Қазақша »

( Маржона, Зубайда, Малика, Камила, Зилола, Хадича )

Жүргізуші: Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа-ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар ересек



«Қарлығаш» тобының дайындаған « Тәуелсіз – ел Қазақстан » атты ертеңгілігімізді «Жаса Қазақстан » әнімен аяқтаймыз. Еліміздің көк туы қашанда биіктерде желбірей берсін.

Қош сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет