Тақырыбы: «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына-25 тілек»
Мақсаты:
Оқушыларға тәуелсіздік туралы айтып, Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру,патриоттық,отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырып,ән ұран,суреттер т.б.
1 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «25 жылдыққа 25 тілек» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2- жүргізуші:
25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиындықтарын аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
1. ҚР -Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне шыға алады. Қазақстан бес мемлекетпен Ресеймен,Түрікменстан , Өзбекстан, Қырғызстан және Қытаймен шектеседі. Халқы шамамен - 17 700мың адам , бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-орын алады. Жер көлемі 2 724 900 км² құрайды. 2. ҚР Президенті -Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде дүниеге келді. Жасөспірім шағында Нұрсұлтан мектептегі ең үздік оқушының бірі болды.Үлкендердің кеңестерін ықыласпен тыңдап өсті . Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады. 1991 жылы 1-желтоқсанда халық тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. Елбасының бастауымен Қазақстан әлемге танылды. Қазіргі таңда, 1-желтоқсан- ҚР Тұңғыш Президенті күні болып мерекеленеді. 3. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы-шаңырақ түрінде бейнеленген, жылқының қанатымен жиектелген күн сәулесі түріндегі уықтар шаншылған. Елтаңбанын төменгі бөлігіне - «Қазақстан» деген жазу жазылған. Шаңырақ өз нұсқасымен Ошақ, Әлемнің тұтастығын бейнелейді. Ұшқыр тұлпар -мәңгілік өмір үлгісі және біздің елтаңбамызда шексіз даму, рухани байлық және Қазақстанда бір шаңырақ астында тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың әр түрлілігін бейнелеп тұрады. ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторлары –Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов. 4.Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек-алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. Нұрланған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. ҚР мемлекеттік туының авторы - суретшi Ш. Ниязбеков.
5.Гимн - салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз-Әнұранның мәтіні мен сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Музыкасын жазған Ш. Қалдаяқов. Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан-дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттік ресми кездесулер Әнұранмен ашылады.
«Әнұран» орындалады.
1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
6. ҚР Конституциясы-ҚР Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. 7. «Жас Ұлан»гвардиясы -Мектеп-интернат түріндегі оқу орны болып табылады, мектептің тәрбиеленушілері ұландар деп аталады .1999 жылы 4 қарашада Ел Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Жас ұлан» республикалық мектебінің ашылу рәсімі болды.Мектепке еңбегі мен өмірі жас Отан қорғаушыларға үлгі болатын Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Егеменді Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов аты берілді. 8. «Мәңгілік Ел» идеясы. 2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол -«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті» ,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық- «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. 9. «Қазақстан-2030» стратегиясы–ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияның мақсаты-ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. 10. ЭКСПО 2017- Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 шілде мен 10 қыркүйек дейін аралығында еліміздің бас қаласы Астанада өтеді.
2 - жүргізуші:Сайфен Қанаттың орындауында «Жастар» күйі
1 - жүргізуші:
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
11. Астана-ҚР елордасы. Астанада 880 200 –дей адам тұрады. Қазір қаланың аумағы 710 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 12.Ақ Орда – ҚР Президентінің резиденциясы. Бірінші қабатта Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдаулар өткізуге арналған Орталық салтанатты холл ,Салтанат залы, Мемлекет басшысының БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясыжәне кездесулер өтетін зал, сондай-ақ Қысқы бақ орналасқан. Екінші қабатта қызметтік бөлмелер, ал үшінші қабатта Шығыс залы ,Мәрмәр залы , Алтын зал, Доғал зал, Қонақ бөлме, Кеңейтілген келіссөздер залы , Қауіпсіздік кеңесінің залы орналасқан.Төртінші қабатта Күмбезді зал, Отырыс залы, Келіссөздер залы және Кітапхана орналасқан. 13. «Бейбітшілік келісім» сарайы–сәулет өнерінің ерекше туындысы. Пирамида тәрізді етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Табан қабырғасының ұзындығы 62 м;ауданы 25,5мың м². Бұл сарайда Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, университет, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарайдың кіре берісі жер астында орналасқан. «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы. Танымал британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасымен салынған. Қала орталығында бой көтерген бұл Шатыр биіктігі 150 метрге дейін жетеді, сыртқы жағы тұтас әйнектермен қапталған. 14. «Астана-Бәйтерек» кешенінің биіктігі - 97 метр. Металл, әйнек және бетоннан тұрғызылған «бәйтерек ағашының» жалпы биіктігі 105 метр. Кешеннің үстіңгі жағында орналасқан алып шар диаметрі - 22 метр, салмағы - 300 тонна. Алып шар «хамелеон» әйнектерінен жасалған. Күн сәулесінің түсуіне байланысты шар түсі ауысып тұрады. Жоба сәулетшісі - Норман Фостер. «Думан» ойын-сауық орталығы.нда 5D-кинотеатр, үлкен күмбезді кеңістік, сауда нүктелері мен тамақтану орындары бар. Бұл ТМД-дағы алғашқы мұхитаралы бар үлкен кешен. Су қоры 3 миллион литрге жететін мұхитаралда теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрі мекен етеді. 15. «Қазақ елі» мемориалды кешені. Мәрмәр монумент - кең-байтақ Қазақ жері мен оның халқының бірлігін, болашақта көркейіп, дамуының белгісі. Биіктігі 91 метрге жететін монумент Қазақ елінің 1991 жылы егемендік алғанын бейнелейді. Тәуелсіздік монументі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бес жылдығына орай Алматы қаласында салынған сәулет және мүсін өнері ескерткіші. Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне биік обелиск түрінде тұрғызылған .
1- жүргізуші: Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Жәуке Айғанымның орындауында«Қара бауыр қасқалдақ» әні
2 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
16. Алматы-Қазақстанның оңтүстік астансы, ең ірі мегаполисі. Алматы Іле Алатауының бөктерінде, Тянь-Шаньның солтүстік жотасының етегінде, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында, Азия құрлығының орталығында орналасқан. Алматы қаласында 18 театр, 45 мұражай мен сурет галереялары бар. Қаланың шетінде Медеу және Шымбұлақ тау шаңғысы орталығы секілді көптеген спорт кешендері, альпинист туристік лагерлер, шипажайлар, демалыс орталықтары, және кемпингтер салынған .Алматыда «Азия ойындары 2011 өтті. 2017 жылы Алматыда Бүкіл әлемдік Универсиада өтеді. 17. Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған. Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады. 18. Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан . Қазақстан Республикасының аймақтарына әртүрлі құрғақ жүктер, азық-түліктер тасымалданады. Мұнай шикізаты да паромдармен сыртқа шығарылады. Әлемдік мұхитқа шығатын Қазақстандық порт болып табылады. Қазіргі таңда портты әлемдік көлемде дамыту мәселелері қарастырылуда. 19. Атырау- Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған.Жайық өзенінің бергі беті Азия құрлығы, ал арғы беті Еуропа материгі болып табылады. Европа мен Азияны біріктіріп тұрған қала болып есептеледі. 20. Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағынан Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқы кезде адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Кейінірек сынақ жер астына жасай бастады.Семей маңындағы тұратын 500 мыңдай адам радиациядан азап шекті. Егемендігіміздің арқасында 2009 жылы 18 маусымда Семей полигонының жабылды.
2- жүргізуші:
Таза табиғатпен ядролық қару ғасырға
Жырланар әлі мәңгілік бұлда ғасырда
Тойланып жатқан қуаныш мынау уақытта
Басымды ием, қарсы тұрған зиялы қауым, адамға!
Сыныбымыздың қобызшы қызы Мұратова Мөлдірдің орындауында «Игигай».
1 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің ұлы бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған!
21. «Алтын Адам» 1970-ші жылдарының басында Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің алтын сауыты табылды. Тайқазан-Түркістандағы қасиетті қазан. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымдаТүркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін жеті асыл металдың қоспасынан құйылған. Қазанның салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр, биіктігі – 1,60 метр, диаметрі- 2,42 метр.Тұғырының биіктігі - 0,54 метр, диаметрі – 0,607м. Тайқазанның сырты Құран Кәрім аятынан үзінді жазып оюланып өрнектелген. 22. «Ұлы «Жібек Жолы»-Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырғын көпір болған. 23. «Наурыз» мейрамы-ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде «жаңа күн» дегенді білдіреді. Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан бастайтын. Наурыз мейрамы ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталған. Қазақстанда 2010 жылдан бастап Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі 24. Қазақ Хандығы-бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған.Мемлекет басшысы төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын. Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы.25. 25.Домбыра-қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
2-жүргізуші:
Серік Нұртастың орындауында «Шыныаяқ» күйімен сусындаңыздар!
2-жүргізуші:
Ендігі кезекте, сынып мақтанышы Қадырәлі Темірланның «Эрудит» байқауына жолданған «Тәуелсіздікке арналған 25 тілегін» тыңдаңыздар!
1-жүргізуші: «Жаса, Қазақстан!» әні Мажилис Мирас пен Сабитов Жанның орындауында!
2-жүргізуші:Бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына-25 тілек»атты мерекелік тәрбие сағатын аяқтаймыз.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. 1-жүргізуші:
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |