2-оқушы; ашаршылық туралы сөз сөйлейді. ( Аруна)
3-оқушы; Репрессия туралы.
4-оқушы: Ұлы Отан соғысы туралы
5.-оқушы Желтоқсан оқиғасы
1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға щықты. Желтоқсан желі дауылға айналды.1986 жыл 16 желтоқсан жергілікті уақыт сағат 1000 шамасында Қазақстанның жаңа тарихының бастауымен болашағының жолайырығы болған Республиканың Орталық Комитетінің 5-пленумі өтті.Осы пленумда Дінмұхаммед Қонаевтің орнына, көріп-білмеген Колбинді бір ауыздан сайлады.
І –жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы... Осы бір ауыз сөзден әлі күнге дейін ызғар есіп тұрғандай.Оны еске алған сайын арқамызды аяз, маңдайымызды мұз, табанымызды сыз қарығандай күй кешетініміз рас.Өйткені ол күллі әлемді дүр сілкіндірген күндер еді.
ІІ-жүргізуші: 1986 жылдың желтоқсаны қазақ үшін қасіреттің соңы,бақыттың басы еді.Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Сәбира Мұхаммеджанова,Ербол Сыпатаевтарды еске алып,оларға тағзым ету парызымыз.
1-жүргізуші: желтоқсан құрбандарын еске алып, 1-минут үнсіздік жариялайық
2-жүргізуші: осы құрбандарымыздың өмірінен қысқаша деректерге тоқталсаө.
Оқушы:(Сабираның өмір жолы туралы)
Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.
1-жүргізуші:
Желтоқсанның қазаққа
Ызғары көп тастаған
Намыстан өлген ұлтиымның
Қыздары көп, қарағым
Өр намыс иесі, қайсар, жас қыз Лаззат Асанова жайлы айтып өтсек.
8- Оқушы
(Лаззаттың өмір жолы туралы)
Лаззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Лаззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді. Лаззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлы,ынан қаза тапқан. Лаззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.
ІІ-жүргізуші:
Еш алаңсыз бейбіт демонстрация күшпен басылып, қанмен тойтарылды, жас өмірлерді қиып кетті.
Тәртіп қорғау санаға екті нені,
Өз халқына ойпырмай кекті ме еді?
Азаматты сойылмен қанға бояп,
Шаштан сүйреп, қыздарды тепкіледі-дей келе қанды Желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқтала кетейік.
Оқушы
(Ерболдың өмір жолы туралы
Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол – Энергетика институтының ІІ-ші курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 2000-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізді сақтап, аруағына бас иеміз.
2-жүргізуші:
Тарихта «Құйын» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың, әрбір жас өркенінің артына шам алып түскен қуғындау, қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды.
Соның бірі – Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді.
Оқушы
(Қайраттың өмір жолы туралы)
Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.
Достарыңызбен бөлісу: |