1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Петропавл қаласындағы № 13 орта мектеп қалыпты (сау) балалар мен ЕБҚ бар оқушыларды бірге оқыту бойынша пилоттық жобаны іске асыруда.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың негізгі контингентін Петропавлдағы тірек-қозғалыс аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған оңалту орталығының тәрбиеленушілері құрайды.
Кедергісіз орта
Балалардың мектепте кедергісіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында барлық жағдайлар жасалған: мектептің екінші қабатына көтерілу үшін жүк лифтісалынған, пандус орнатылған. Кең дәретхана бөлмелері, дәліз қабырғалары мен екінші қабатқа көтерілетін баспалдақ тұтқалармен жабдықталған.