Қазақстан Республикасы ғылым мен білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология инситуты
Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті
СӨЖ
Тақырыбы: Тілдік тұлға
6ВО2301 - “Филология” мамандығы 4 курс (402-топ)
Орындаған: Абденова Асылжан
Қабылдаған: Раева Гулзат
Алматы 2023
СӨЖ ЖОСПАРЫ:
Кіріспе:
Тілдік біліміндегі “тілдік тұлға” теориясының зерттелуі.
Негізгі бөлім:
“Тілдік тұлға” терминін әр түрлі аспектіден қарастыру.
Шәкәрімнің “тілдік тұлғасы”.
Қорытынды
Тілдік тұлға мәселесін ғылыми тұрғыда ең алғаш сөз еткен ғалым Й. Вейсгербер болатын. Бұл мәселенің көркем шығарма аясында қарастырылуы В.В.Виноградов есімімен байланысты. Тілдік тұлға В.В.Виноградовтың пікірінше – “автор образы”. Сонымен қатар қазіргі тіл білімінде “тілдік тұлға” мәселесі әртүрлі аспектілерде қарастырылып, сөз етіліп келеді. Шетелдік ғалымдардан А. А. Леонтьев, Г. И. Богин, В. И. Карасик сынды ғалымдар қарастырған.
Ғалым В. В. Виноградов тілдік тұлға мәселесін:
Сананың қалыпты және өзгерген күйіндегі тіл, сөзжұмсам және сөйлеу қызметі психологиясын зерттей отырып, яғни психолингвистика тұрғысынан;
Тілді үйрену процестеріне талдау жүргізетін лингводидактика тұрғысынан;
Таза филологиялық тұрғыдан зерттейді.
Қазіргі ғылымда антропоцентризм бағыты дамып, ғалымдардың қызығушылығын аудартқалы бері, тіл мен адамның бір-біріне әсері туралы өзекті мәселе жиі көтеріліп келеді. Тіл мен адам біте қайнасып жатқан, біріккен жүйе болғандықтан, олардың бір-біріне ықпалын жүргізбей тұрмайтыны айдан анық. Енді осы орайда екі сұрақты қарастыра аламыз: бірінші, адамның тілге тигізген әсері қандай, екіншіден, тілдің адамның ойлау жүйесіне, санасына, әлемді қабылдауына, мәдениетіне ықпалы қандай дәрежеде болғанын анықтау. Осыдан шығатын лингвистикалық зерттеулерде “тілдік тұлға” термині қалыптасты.
-Лингво-мәдени бағыт бойынша тілдік тұлға белгілі бір тілді және ұлттық-мәдени дәстүрді ұстанушының жиынтық бейнесі ретінде қабылданады. Соңғы кездері “тілдік тұлға” ұғымын лингвомәдениеттанушылық бағытта ұлттық мәдениетпен тығыз байланыстағы белгілі бір ұлттық-тілдік-мәдени қоғамның мүшесі ретінде қарастыру үрдісі белең алып отыр.
-Лингво-дидактикалық бағыт бойынша, Г.И. Богин тілдік тұлғаны тілдік іс-әрекетті орындауға, тілдің шығармаларды жасауға, қабылдауға, баяндауға қабілетті адам ретінде қарастыру тұрғысынан лингводидактикалық орталық ұғымы ретінде қарастырылады.
- Когнитивтік аспектінің негізінде “ адамның іс-әрекеті мен қызметі көп жағдайда оның білімі арқылы, ал тілдік әрекеті оның тілдік білімі арқылы айқындалады” деген қағида жатыр.
- Коммуникативтік аспектіде тілдік тұлға ең алдымен коммуникативтік тұлға ретінде, яғни “тілдік-мәдени және коммуникативтік құндылықтарды, білім мен ұстанымдарды ұстанушының жалпы бейнесі” ретінде қарастырылады.
- Ұлттық аспектідегі еңбектерде тілдік тұлға ұлттық тілмен қаруланған ұлттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде суреттеледі.
Көркем шығарма тілін лингвокогнитология ғылымы тұрғысынан зерттеу арқылы әлемнің тілдік бейнесін жасаудағы тілдік тұлғаның (автордың) концептуалды тұжырымдамасын көруге болады. Бұл көркем тілдің танымдық ғылым аясында да өзіндік орнының зор екендігін аңғартады. Зерттеушілер мәнін түзушіні (авторды) “тілдік тұлға” ретінде қарастыруда. Кез келген қаламгердің дүние шындығын қабылдауы, әлем туралы түсінігі тілдік тұлғасы арқылы көрінеді. Зерттеушілер тіл біліміне “тілдік тұлға” категориясының енгізілуі жалпы “тұлға” ұғымының жаңа мазмұнмен толығуына мүмкіндік жасап, тілді зерттеудің құрылымдық – функционалдық аспектісі аясынан шығып, адамның санасы, ойы мен рухани қызметімен тығыз байланыстағы антропологиялық тіл біліміне айналуына негіз жасалғандығын, соның әсерімен тіл ғылымында тілді тұтынушы адамға, шығармашылық тұлғаға деген қызығушылық күшейіп, қазіргі таңда жаңаша зерттеулердің өзегіне айналғанын атап өтеді.
Жазушы мен ақынның өзіндік стиілне сай етіп тілдік тұлғасы, қолтаңбасы қалыптасады десек, Ш.Құдайбердіұлы тілдік тұлғасының төмендегідей ерекшеліктерін саралайды:
- абстракт сөздерін қолданыс аясының кенейтілу;
- жаңа сарынды, ойлы толғаныстармен авторлық интеллектісін аша алуы;
- әлемнің тілдік бейнесін толықтырған жаңа образдарымен ерекшеленуі;
- өз қолтаңбасын танытатын ерекше тіркесімдер жасауы;
-әдеби тілдің көркем әдеби стильдік тармағын дамытуы және бір кезеңге тән жаңа тұжырымдар жасауға мүмкіндік тудыра алуы;
- өз дәуірінің ірі тұлғасы ретінде әдеби тілдің дамуына үлес қосуы.
Ойымызды қорытындылай келе, “тілдік тұлға” ұғымын сан қилы бұрышынан қарастыруға болады. Коммуникативтік дейміз бе, ұлттық көзқараспен бе, когнитивті лингвистика тұрғысынан ба, қалай алсақ та ол біздің өткенімізбен, қазіргі қоғамымызбен, болашағымызбен біте қайнасып жатқан құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |