Тақырыбы: Тілім барда тірімін мен
Мақсаты: Жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, тіл мерейін көтеру,тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметімен таныстыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
1 жүргізуші:
Армысыздар,ардақты халқым менің,
Бөлісейік бұл күннің алтын кенін
Тілді сүйер қауымға басымды иіп,
Сәлемдесіп жүргізу-салтым менің.
Ұшырамын көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?!
Жаңа күш,жаңа қуат тілеуменен
Өзіңе басымды ием,көрерменім.
Қан кешіпсіз,ақ жанарлы құрбылар,
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Бар өнерді енді ортаға салайық,
Бұл кештен үлкен сабақ алайық.
Мерекесі тіліміздің құтты болсын,халайық!
2 жүргізуші:
Здравствуйте дорогие учителя и ученики. Сегодня проводится праздник посвященный дню языков народов Республики Казахстан.
Би «Көңіл толқыны»
1 жүргізуші:
Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдірет тілігі-оның орындылығында, өршінінде орасан зор байлығында. Қай халықтың болмасын тілі-өзіне тін қымбатты да қимас байлығы, қазынасы.
Сол сияқты біздің де ана тіліміз- алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажафып гауһарымыз. Сондықтан да «ана» деген ардақты сөзді қосып, «ана тілі» деп айтамыз.
Өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов 140 жаста.
Ахметтің шығармашылығын жатқа оқу.
1 жүргізуші:
Өмір жолы. Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі — уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады.
Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882—1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтьш мектепте білім алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол жаңаша мектептер саны көбейген болатьш. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан Ахмет Байтұрсынов 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 1895—1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді.
Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жаткан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді.
1913—1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халык өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынов қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазакстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.
Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұстальш, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтьш оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады.
Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А. Байтұрсынов шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді.
Шығармашылық мұрасы. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақьш, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазыльш, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың үлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді.
Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы — оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары жарық көрді.
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді.
"Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынов — қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі—"Әдебиет танытқыш". Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады.
"Әдебиет танытқыш" кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса, екінші бөлімде әдеби жанр түрлері сөз болады. Тұтастай алғанда, Ахмет Байтұрсынов өнер атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі — тірнек өнері, екіншісі — көрнек өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет (архитектура) өнерін, сымбат (скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, әуен (музыка) өнерін және сөз (әдебиет) өнерін жатқызады.
Слайд көрсету.
2 жүргізуші:
В Казахстане единой семьей живет 15 млн. человек, представителей более 130 ноциональностей и народностей. На казахском, русском, немецком, уйгурском, корейском, татарском языках издаются газеты и книги, работают национальные театры, эстрадные ансамбли, передаются национальные программы радио и телевидения. Всех нас, людей разных национальностей, объединяет общее: Мы народ Казахстана!!! И в этом Казахстан – уникальное государство с многообразием культуры и религии. В Казахстане есть праздник День языков народов Казахстана, который отмечается 17 сентября.
Приглашается учащихся на цену 6 «Б» класса стихотворение на 3 языках.
1 жүргізуші:
1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. Заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.
Б.Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-тілін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын,дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса,ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілінің көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.
Күй «Балбырауын» 7 сынып окушылары
1 жүргізуші:
Тілім менің-тірлігім
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің-тілім менің тірлігім!
1 жүргізуші:
Ана тілім- тірлігімнің тірегі
Тілмен ғана кірер адам реңі
Тілсіз қоғам-өлі мынау дүниеде,
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім-әрекетім азығы,
Бар ғаламды танушылық қазығы,
Ой-сананың өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге өз үні.
2 жүргізуші:
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым,дара тілім.
Ән: Абайдың әні: Көзімнің қарасы 6 «а» сынып
1 жүргізуші:
«Тіл-ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз,парызымыз.
О,адамдар,қадіріне жетіңдер!
Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоқыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.
Күй,ән «Атамекен»
2 жүргізуші:
Қорытынды:
Біздің қазақ өз тілін ежелден ардақтап сақтай білген. Қазақ тілін қадірлесең, тіл де сені қадірлейді. Ата-ана қай кезде жеткіншек балаларға туған тілде сөйлеп қазаққа тән қасиетті сөздерді ұғындыра білу керек. Тәрбие тал бесіктен басталады.
Тілім менің, тұтастығым, елдігім,
Ана тілін ұмытпаған ел бүгін,
Мың өсіп, мың тірілген, беріспеген қазақпыз.
Өз тіліміз өзгеге ауыспаған қазақпыз.
Сондықтан да өз тілімізді қадірлейік.
«Коммуникативная компетенция» Әдістемелік бірлестік апталығында 7-сыныптар арасында сайыс «Тілім барда тірімін мен»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«№7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
А.Ж.Зарипова
Семей қаласы 2016жыл
Достарыңызбен бөлісу: |