Тақырыбы: Тіркелу Тіркелу бойынша нұсқаулық



бет1/3
Дата12.12.2022
өлшемі1,22 Mb.
#162372
  1   2   3
Байланысты:
Қазыкенова Жансая 117 топ


«Smk.edu.kz» -"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ тәжірибе тарату блогы
Тақырыбы:
Тіркелу
Тіркелу бойынша нұсқаулық:
  • 1. Портал ресурстарына рұқсатнама алу үшін тіркелу арқылы есеп жазбаны құруыңыз қажет;
  • 2. Тіркелу бетінің бірінші жолына ЖСН номерін енгізіп, "ЖСН тексеру" батырмасына басуыңыз қажет;
  • 3. Егер енгізілген ЖСН номері дұрыс болса, толтыруды қажет ететін келесі жолдар белсендіріледі;
  • 4. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! e-mail енгізу жолына қолданымдағы электронды поштаның адресін енгізуіңіз қажет;
  • ("Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ қызметкерлеріне міндетті түрде корпоративті пошта адресін нұсқау қажет)
  • 5. Құпия сөз кем дегенде алты таңбадан құрылуы тиіс;
  • 6. Тіркелу нысаны толтырылғаннан кейін, сіздің есеп жазбаңыз үшін портал бөлімдеріне рұқсатнама автоматты түрде ашылады.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне көмек ретінде әзірленген «Жүйелік –әдістемелік кешен» порталы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 сәуірде өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі - ДББҰ) бірнеше жыл бойы білім беру саласындағы үздік халықаралық тәжірибе мен практиканы талдап, енгізу ісімен айналысып келеді, бұл елеулі тәжірибе жинақтауға және осы тәжірибені Қазақстанның білім беру саласына жүйелі түрде тарату үшін мұғалімдердің әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді.
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ тәжірибе тарату блогы
«Жүйелік – әдістемелік кешен» порталы
http://smk.edu.kz/ - орта білім мазмұнын жаңарту аясында Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында құрылған ауқымды онлайн платформа болып табылады.
Порталда оқу процесін ұйымдастырудың оқу-әдістемелік негізі болып табылатын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары және жоспарлар тәрізді жұмысқа қажетті құжаттар бар.
smk.edu.kz жүйелік-әдістемелік кешені келесі жағдайларға арналып жасалған: 
  • Мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету 
  • Мұғалімдер мен мамандардың өзара әрекет етуі үшін 
  • Мұғалімдерге кеңес беру 
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы дағдыларды дамыту 
  • Тәжірибе алмасу 

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ тәжірибе тарату блогы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ тәжірибе тарату бағыты бойынша жаңалықтар және негізгі ақпаратты қамтиды:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет