Тақырыбы: Тұлғааралық қарым – қатынас Жоспар



бет3/7
Дата03.06.2022
өлшемі71 Kb.
#145803
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-3719
PVVXWKZMAIVP11042023122203
Диалог қарым – қатынасы. Бұл – тең құқықтық субъедктілердің арақатынасы, қарым – қатынастың мақсаты өзін – өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Бұл қарым – қатынастың айырмашылығы - эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтуризиге, өзгеге, басуға бағытталған ұстанымға келу.
Қарым – қатынас – өте күрделі феномен. Оның әртүрлігі көптеген функцияларына тәуелді, ал көпқызметтілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты.
Қарым – қатынастың ішкі құрылымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады: Коммуникация, перцепция, интеракция.
Коммуникация - арақатынас партнерлерінің бір – бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі.
Интеракция - тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция - адамдардың бірін - бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құралатын белгілі тұлғааралық қатынастары.


3. Қарым – қатынас барысындағы ақпарат алмасу деңгейлері.

Тұлғаарылық коммуникацияның бір ерекше сипаты оның екідеңгейлі құрылымы. Қарым – қатынас барысында ақпарат алмасу сөздік және бейсөздік деңгейлер де өткізіледі.


Сөз деңгейінде ақпарат алысудың негізгі құралы – сөз, тіл болса, бейсөздік деңгейде сөзден басқа коммуникация белгілері қызмет көрсетеді.
Бейсөз тәсілдер адамның эмоциялық редакцияларының айнасы ретінде оның қарым – қатынас барысындағы көңіл – күйін түсінуге жәрдемдеседі.
Бейсөз құрамдарға оптикалық – кинестикалық, пара және экстралингвистикалық, проксемикалық, визуалдық жүйелер жатады.
Кинесика - оптикалық кинестикалық жүйе, оны адамның қолының (ишара) – бетінің (шилика), денесінің (пантоминика) қимылдары құрайды. Арнайы зерттеулер нәтижесінде беттің 20000 қимылы анықталған екен. Сонда адам бетін үш салаға бөліп: қас пен көз, мұрын, ауыз және ерін олардың қимылына байланысты адамның негізгі алты сезімін білдіруге болатыны анықталған.
Акустикалық жүйеге паралингвистикалық және экстралингвистикалық жатады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет