Тақырыбы:Тоқбай Исабековтың 90-жылдық мерейтойына орай《Алтын діңгек-өзім туған босағам 》
Мерзімі:19.12.2022жылы
Мақсаты: Студенттерді ұлттық мәдени құндылықтар рухына, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу арқылы талантты, дарынды студенттерді қолдау.
|-жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар, студенттер!
Тәуелсіздік күніне орай жергілікті ақын Тоқбай Исабековтың 90-жылдық мерейтойына орай «Алтын діңгек-өзім туған босағам» атты жас ақындар сайысыны қош келдіңіздер!
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Студенттердің ой өрісін кеңейтіп, шығармашылығына шабыт беретін«Алтын діңгек-өзім туған босағам»атты жас ақындар сайысы.
Ендеше бүгінгі кешіміздің мақсаты – өлең сөзінің құдіретін, мәнін түсіну болмақ!
Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма
қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта Адам?
Арма, өмір, бар әлемді баурына алып
шайқаған!
Әрбір әрпі қанға шомған тарихыңа қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар?
Тату - тәтті бармысыңдар, армысыңдар, Адамдар!
Бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер:
Сайыстың шарттары: Әр топтан 3 кезеңге 3 студент. 2 кезең бойынша жазба ақын қатысуы міндетті.
Мүшәйра үш кезеңнен тұрады:
1 кезең- Жергілікті ақын Тоқбай Исабековтың шығармашылығымен танысып, патриоттық 1 өлеңін жатқа айту.
2-кезең- Әр топтан ақындық қабілеті бар студент "ҚР Мемлекеттік Рәміздеріне 31 жылдығына орай" 4-5 шумақ өлең шығару қажет.Бұл сайысқа еркін түрде қатысады,яғни мен ақын едім деген студенттер өз өнерлерін көрсетеді.
3-кезең- викториналық сұрақтар (Аудан тарихы, ақын- жазушылар, спортшыларға қатысты сұрақтар қойылады.
Сіздерге әділ баға беретін әділ - қазы алқаларымен таныстырып өтсем:
ІІ жүргізуші:
Сәлемдесу - игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда,
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
1 кезең-Жергілікті ақын Тоқбай Исабековтың шығармашылығымен танысып, патриоттық 1 өлеңін жатқа айту.
Ендеше бәріміз Тоқбай Исабековтың өмір жолымен шығармашылығымен бір танысып шолу жасасак!Назар аударып тыңдаңғандарыңызға көп рахмет!
Ендеше сайыскерлерді ортаға шақырып өлеңдерін тыңдасақ!
І жүргізуші:
Жазба ақындар жиналды, міне көрдің,
Бәрінің ойға алғаны жарқын сенім.
«Жаныма жақын жырларым» бөлімінде
Ал, көпшілік!
Қабылдаңыз жас ақын өлеңдерін.
2-кезең- Әр топтан ақындық қабілеті бар студент "ҚР Мемлекеттік Рәміздеріне 30 жылдығына орай" 4-5 шумақ өлең шығару қажет.Қабыл алыңыздар!
|| жүргізуші:
Таза мінсіз асыл тас -
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз -
Ой түбінде жатады .
І жүргізуші:
«Өлең - сөздің патшасы, сөз – сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы»-
Дегендей қазағымның бас ақыны,
«Өрілген ұйқас, мәнді сөз» бөлімі -
Айқындап берер сізге хас ақынды.
《Тапқыр болсаң тауып көр》 викториналық сұрақтар сайысына кезек берсек!3-кезең- викториналық сұрақтар (Аудан тарихы, ақын- жазушылар, спортшыларға қатысты сұрақтар қойылады).
Құрал мен Шахмурат тың орындауында 《Дөр қамшы》 өлеңі!
І жүргізуші:
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да
Оған да үкі тұмар тағылса да.
Жас ақын өнерінің барын салды,
Кей жерде қара сөзден жаңылса да – дегендей, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
201 топтың сұлуда инабатты қыздарымыз Дарико мен Динараның орындауды 《Мен қазақтың қызымын》атты өлеңіне кезек берсек!
|,||-жүргізуші:
Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп көп рахмет.Өнерлеріңіз өрге жүрсін! Сау болыңыздар.
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік!