Тақырыбы: «Төменгі аяқ артерияларының ауруларын диагностикалық зерттеу. Интервенциялық хирургияның принциптері.» СӨЖ


Интервенциялық хирургия (эндоваскулярлық хирургия)



бет4/5
Дата08.10.2022
өлшемі0,72 Mb.
#152224
1   2   3   4   5
Байланысты:
Байтемір Амбулорная Хирургия

Интервенциялық хирургия (эндоваскулярлық хирургия) - тамыр ауруларын емдеудің заманауи әдісі, онда емдік әсер тамыр ішінен жүзеге асырылады.

Баллонды ангиопластика және стенттеу

  • Тарылған тамырды ішінен баллонды катетермен кеңейтеді, тамыр кеңейгеннен кейін оған стент орнатылады.
  • Стент шарикті ручканың серіппесіне ұқсайтын арнайы дизайнда, бұл тамырдың қайта тарылуына және ішкі қабығының бөлінуіне (проослойка) жол бермейді.
  • Бұл эндоваскулярлық хирургияның ең көп таралған әдісі, ол жүрек артерияларының зақымдануын емдеу үшін де, перифериялық артериялардың зақымдануын емдеу үшін де қолданылады.
  • Баллонды катетерлер мен стенттер әртүрлі диаметрлер мен ұзындықтарда болады, сондай-ақ олар тамырдың арнайы параметрлеріне байланысты әртүрлі физикалық қасиеттерге ие болады.
  • Стенттер әртүрлі материалдарынан дайындалады – жоғары технологиялық полимерлер мен металл қорытпаларынан, тамырдың қайта тарылуына (рестеноз) жол бермейтін арнайы дәрілік жабыны бар болуы мүмкін.

Эмболизация

Эмболизация - қан ағынын тоқтату үшін тамырға түрлі материалдарды (эмболдарды) орнату. Эмболизация шығу тегі тамырлы және тамырлы емес әртүрлі ауруларында қолданылады, мысалы, жатыр ісіктері, қан кетудің әртүрлі түрлері, варикоцелені емдеуде, сондай-ақ тамырлы мальформацияларда (артерио-веноздық фистула, аневризма және басқалар). Сондай-ақ, бөлшектер қатерлі ісіктерді емдеуде қолданылатын химиялық препараттың тасымалдаушысы болуы мүмкін.

Эндопротездеу

  • Артерия саңылауына синтетикалық материалдан жасалған, оның айналасында каркас ретінде тігілген өздігінен түзетілетін серіппе бар түтікті орнату.
  • Стент-графт жасанды немесе табиғи (жануар тамырынан) қабықпен қапталған стент.
  • Бұл емдеу әдісі тамырлы аневризмалармен күресуде жоғары тиімділікті көрсетті-мысалы, аортаның іш қуысы аневризмасы немесе көкбауыр артериясының аневризмасы, сонымен қатар артериялардың жарылуы кезінде жедел көмек көрсету үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет