Сынып: 6 «Ә» Күні: 04.04.2017ж
Тақырыбы: «Вирустық жұқпалы аурулармен зақымдану және аурулардың таралуы»
Мақсаты:
Білімділігі:Оқушылардың вирус құрылысы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, тірі организмдерді уландыру жолдары, бактериофаг, вирус арқылы таралатын ауру түрлері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: оқытудың беленділігін арттыру,оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту,
Тәрбиелік: санитарлық – гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Өткізу әдісі: түсіндірмелі-аралас
Көрнекілік: сұрақ -жауап, «Bilim Land» сайты, жұмбақ жасыру, дұрыс немесе дұрыс емес, кесте толтыру, биологиялық диктант, «бес саусақ» әдісі.
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу
Ә)Назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тақтада бағалау категориясы ілініп тұрады, үй тапсырмасы сол бойынша бағаланады.
1-тапсырма
Сұрақ-жауап
1.Вирус латын сөзінен аударғанда қандай мағына береді?
2.Вирустарды кім және қай жылы ашты?
3.Вирус терминин ғылымға кім енгізді?
4.Вирустардың құрылысы мен пішіні қандай?
5.Вирустар қалай көбейеді?
6.Фаг немес бактериофаг дегеніміз не?
7.Вирус неге паразит деп аталады?
8.Вирусты қалай көруге болады?
9.Иммунитет деген не?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Вирустар тудыратын ауру түрлері. Вирус агзаның жасушаларына еніп, тіршілігін бұзады, ауру тудырады. Олар: тумау, балалардың сал ауруы, қызылша, сары ауру, шешек, ұшық, ИТИС (иммунитет тапшылығын иемденген синдром). Бұл ауруларды емдеу өте киын. Вирустарға антибиотик дәрілер әсер етпейді. Көбіне ағзаның иммунитет жүйесі гана ауру туғызатын вирустардың шамадан тыс көбейіп кетуін тежейді.
Иммунитет - ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті. Ағзаның өзтұтастығын және биологиялык даралылығын қорғайтын жасуша иммундық жасуша деп аталады. Ауру тудыратын ұсақ ағзаларды кармап, тіршілігін жою арқылы иммундык жасуша ағзаны кауіпті жұқпадан (инфекциядан) сақтандырады.
Вирустық аурулардың таралу жолдары әртүрлі болуы мүмкін, олардың негізгі жолдары мыналар:
Тамақ арқылы –микроағзалар асқазан – ішек жүйесіне тамақпен, сумен немесе тамақты кір қолымен жеу арқылы түседі. Осылай барлық ішек инфекциялары беріледі.
Ауа тамшылы –қоздырғыш адамнан – адамға ауа арқылы сілекей тамшыларымен түшкіргенде , жөтелгенде, күлгенде , сөйлегенде беріледі.
Жанасу арқылы – науқас адаммен жанасу арқылы беріледі. Осылайша көптеген тері аурулары, кейбір ішек аурулары таралады.
Тасымалдаушы жануар арқылы.
Тазартылмаған медециналық инструменттер арқылы берілетін аурулар.
Жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар.
Вирустық жұқпалардың таралуы, зақымдану жолдары және алдын алу шаралары.
Қызылша, Желшешек -Ауалы, бірақ тамшылы жолмен емес жеке бас ережесін сақтау, жұқпалыларға жанаспау, мақта дәкелі таңғыштар.
Мидың қабынуы (энцефалит).
Таратушылар – қан сорғыш кенелер. Әсіресе табиғи ошақтарда және қарқынды кезеңде (наурыз – мамыр айларында кененің шағуын болдырмау.
Полиомелит- тез таралатын ауру. Полиомелит вирусы тұмау вирусымен салыстырғанда өте кішкентай болады. Бұл ауру әсіресе балалар арасында кең таралған. Оның қоздырғышы-су, тағам және ауа арқылы таралады. Бұл аурудың алдын алу үшін алдын-ала екпе беріледі.
Помидор қошқылданып ауруы – сары аурудың бір түрі. Ол көбінесе еліміздің оңтүстік аудандарында таралған. Өсімдіктердің вирустық ауруларына қарсы күрес жолы – сұрыптау немесе селекция әдісі.
СПИД-ті тарататын вирусқа 1986 жылы АИВ (адамдағы иммундық тапшылық вирусы. Оның орысша аты ВИЧ (вирус иммунодефицита человека).
АИВ-ына алғаш 1938-1939 жылдары американдық Роберт Галло мен француздық ғалымдар Люк Монтанье сипаттама берді.
1981 жылы АҚШ-ның Калифорния штатында алғаш рет есірткі пайдаланатындардан ЖҚТБ ауруы тіркелді. Американдық ғалымдар бұл аурудың қоздырғышын тарататын вирустарды Африкадағы адамдардан тапты. Дәл осыған ұқсас вирус кейіннен шимпанзе маймылының қанынанда табылды.
ЖҚТБ-жұқтырылған қорғаныш тапшылық белгісі
ЖИТС-жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы
АҚТҚ-адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы
СПИД-синдром приобретенного иммунодефицита
ВИЧ-вирус иммунодефицита человека
Сергіту сәті. Жұмбақты тап.
- Ертеде бір кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.
- Бұл не деп ойлайсыңдар?
ІV. Жаңа сабақты бекіту
1 тапсырма. Вирустарға қатысты төмендегі сөйлемдердің қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс емес екендігін анықтаңыз. (Оқушылар қағазға «Дұрыс», «Дұрыс емес» деп жазып алып мұғалімнің келтірген мәліметтерін анықтап жауап көтереді.).
Тұмау - Стерилденбеген маникюрлық және медициналық құрал – жабдықтарды пайдаланғаннан жұғады.( Дұрыс емес)
Вирустар – бұл жасушасыз ерекше тіршілік формасы. (Дұрыс)
Вирустар – тек ғана жасуша сыртында көбейеді.(Дұрыс емес)
Мидың қабынуы (энцефалит) - таратушылар – қан сорғыш кенелер(Дұрыс)
Науқас жатқан бөлмені күн сайын ылғалдап тазалау. Еденді жуған кезде жуғыш заттар қосу керек.(Дұрыс)
Жанасу арқылы –қоздырғыш адамнан – адамға ауа арқылы сілекей тамшыларымен түшкіргенде , жөтелгенде, күлгенде , сөйлегенде беріледі. (Дұрыс емес).
2-тапсырма
Вирустар туралы дұрыс берілген пікірлердің рет санын торкөздерге жаз.
1.Нуклеин қышқылынан және нәруызды қаптамадан тұрады
2.Прокариоттарға жатады
3.Тірі жасушаға еніп алып,оны зақымдайды
4. Көлемі жағынан бактериялардан аз ғана үлкен
5.Біржасушалы ағзалар
6.Микроскоппен ғана көрінетін жасушасыз бөлшектер
7.Жасушаның ішінде және сыртында көбейеді
8.Жасуша ішінде өмір сүретін паразиттер
9.Споралардың көмегімен көбейеді
10.Тірі жасушада көбейеді
11.Жоғары температураға,құрғақшылыққа төзімді.
3-тапсырма
Биологиялық диктант.
1.................. - тірі организмдердің жасушасыз тіршілік иесі.
2.Оның құрлысы ............... және ............... тұрады.
3.Вирустарды 1892жылы .................. ашты.
4.......................ғана көрінетін жасушасыз бөлшектер.
5...................... ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті.
Кері байланыс. « Бес саусақ әдісі »
1. Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі сабақтың ең құнды мәселе қандай болды.
2. Балалы үйрек - бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кұмге риза болдым?
3. Ортан терек - ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірбие алдым?
4. Шылдыр шүмек - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?
5. Кішкентай бөбек - көңіл -күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім.
V. Үйге тапсырма:
1. Тақырыпты оқу.
2. «Мен елімді вирустық аурулардан қорғаймын» тақырыбында эссе жазу.
VІ. Білімін бағалау.
№
|
Үй тапсырмасы (сұрақ-жауап)
|
Дұрыс –дұрыс емес
|
Кесте толтыру
|
Биологиялық диктант
|
Топ басшының бағасы
|
Қорытынды баға
|
І топ
|
|
|
|
|
|
|
ІІ топ
|
|
|
|
|
|
|
ІІІ топ
|
|
|
|
|
|
|
ІV топ
|
|
|
|
|
|
|
V топ
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |